Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Алакөл негізгі орта мектебінің I cанатты психологы

Султанкубиева Асемгул Муратовна

Тақырыбы: «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады»

Мақсаты: Бүгінгі күнгі мектептің басты мақсаты және негізгі міндеті
адамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті, білімді, шығармашылықпен
айналысуға қалыптасқан, алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету
жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру.
Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Түрі: пікірлесу кеші

Барысы:

Шаттық шеңбері

«Мен жақсы көремін» жаттығу

«Сары тауық пен балапандары» (Әңгіме талдау)

«Мейірімді жүрек» ойын

«Қара пима» бине баян

«Менің тура жолым» ойын

«Біз біргеміз»

Жүректен-жүрекке

Қайырлы күн, қадірлі ел тірегі ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары мен апалары, ұлағатты ұстаздар «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» атты кешімізге қош келіпсіздер!
1ж «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
2ж «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!
1ж Сонымен, ізгі ниетті, ақ тілеулі ағайын, жақсы іске жанашыр боп, қош келдіңіздер!!!
Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізбен таныс болыңыздар.

Кәсіпкер Сакуова. Х

Шаруа қожалығы СултанкубиевМ

Шаруа қожалығы Тналиев. Л

Шаруа қожалығы Мұжықпанов. І

Шаруа қожалығы Ғабдыраш

Бұл қайырымдылық қоры әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Сөз мектеп директоры Т. Төлегенова
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс - адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.

Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі М. Кенжесова

Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған кәсіпкер Сакуова Х, Султанкубиев М сөз беріледі.
Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу - жомарттық.
Сөз кезегі Шаруа қожалығы, Ғабдраш. Ж, Мұжықпанов. І, Тналиев Л беріледі.
Жақсылық жасау - имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Бүгінгі Кешімізді ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.
«Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін. !
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!

Кешіміздің 1 бөлімі Шаттық шеңбері

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

әр уақытта да жанымыздағы адамдарға мейірімділік танытып жүрейік

2-ші бөлім «Мен жақсы көремін»

Мен анамды жақсы көремін себебі қамқор болып жүреді. Солай жалғаса береді.


Ұқсас жұмыстар
Отбасы қоғам мүшелері екендігін ұғындыру
Болашақ ұрпақты салт - дәстүр негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің басты парызы
Отбасы – шағын қоғам жайлы
Cебеп-салдар салалас құрмалас, жасалуы
Баланың тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы- отбасы атты ата-аналар оқуы
Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және ұстаз беделін арттыру
Ұлпан апа
Суреттерді бояңдар
Жан досым
Отбасы - шағын мемлекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz