Ана күніне арналған бастауыш сыныптың аналары мен оқушылары үшін мерекелік ойын-тренингі

Қарағанды облысы, Шет ауданы,

Бұрма ауылы, «Бұрма жалпы орта

білім беру мектебі» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі

Шатекова Карлыгаш Тулеукулкызы

Аналар күніне орай ұйымдастырылған

мерекелік тренинг

Тақырыбы: Анашым - ақылшым

Түрі: ойын, тренинг сабағы
Қатысушылар: аналар, оқушылар
Қажетті құралда р: суреттер, парақтар, бояу қарындаштар, маркерлер, әріп қималары, оқушы суреттері, флешмобқа арналған музыка

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Кіріспе сөз.

Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
Ойлап тапқан балалар!
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
Ойлап тапқан аналар!

Құрметті, қадірменді аяулы Аналар!

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз - деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

  • Бүгін сіздермен мерекелік тренингке қатысып, ойын ойнаймыз, ой бөлісеміз.
  • Тренинг ережесімен таныстыру. - Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі іс-шарамызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді.
  • ТРЕНИНГ ЕРЕЖЕСІ*Күлімсіреу; *Бір - біріне кедергі жасамау; *Өзгенің пікірін сыйлау; *Сөзді бөлмеу, тыңда;

ІІ. Негізгі бөлім.

І. «Достық тренингі». Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады . Бір -біріне бір сөзден қайталамай тілек айту.
ІІ. « Шеңберді бұзып кір!». Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Олардың біреуі шеңбердің сыртына шығып, қалғандары қол ұстасады және бір - біріне тығыз тұрады. Басты ойыншы кез келген әдіспен, күшпен, айла - амалмен шеңбердің ішіне кіру керек.

ІІІ. Келесі жаттығуымыз «Бақыт деген не өзі» деп аталады.
« Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата - аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі. Қ атысушылардың ішінен ең бақытты деген кісілерді орын - орнымен тұрғызу.
ІV. «Белсенді әріптер». Қатысушыларды екі топқа бөлу.
Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып, жарысады. Бұл ойында балалар көмектесе алады.

Талдау: 1. Ойынымыз ұнады ма?
2. Жауап беру қиынға соқты ма?

V. Өз фото-суретіңді тап. Оқушылар салған сурет ішінен аналар өз суреттерін табу.

VІ. «Ойлан, тап!»
1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: кітап, доп, қарындаш (немесе т. б. нәрселер) қойылады. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

ҮІІ. Ойын: « Кімнің даусы табайық » (аналармен )
Ұлдардан бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады.

Мыс: ботақаным - дейді. 5 баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

І. Флешмоб билеу.
ІІ. «Күлегештер» ( смайликтер) салу. Қатысушылар бүгінгі ойын - тренингтерден алған әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз бетіне күлегештерді сала отырып, ол арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді, салады, өз еркісімен әсемдеуге болады.

ІІІ . Сыйлық тапсыру. - Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған аналарына деген сыйлықтарын тапсырады

Қорытынды сөз.
- Жақсы, сіздерге, бүгінгі ойын сабағымыз сендерге жақсы көңіл - күй сыйлаған екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің көңіл - күйі арқылы байқап тұрмын.
- Осылайша, Ана мен бала арасындағы ыстық қарым-қатынастың бейнесін көрсете алдыңыздар. Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым өмірде күлімдеп, ақылды болып жүріңдер! Ал аналарымыз әрдайым қасымызда болсын, бақытқа бөленіп жүре беріңіздер!


Ұқсас жұмыстар
Отбасы күніне арналған ата-ана мен оқушылар үшін эстафеталық жарыстың ұйымдастыру жоспары
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған жоғары сыныптар үшін мектептік мерекелік сценарий
Әліппемен қоштасу: бастауыш сыныптың мерекелік бағдарламасы
Халықаралық әйелдер күніне арналған Ана - тіршілік тірегі мерекелік бағдарлама
Отбасы жылуы: 1-сынып ата-аналары мен оқушыларына арналған эмоциялық тұрақтылық пен өзара қарым-қатынасты дамыту тренингі
Жанұя және математика: 5-7 сынып оқушылары мен ата-аналары арасындағы мектептік ойын-сайыс бағдарламасы
Толағай отбасылық спорт сайысы: 2-3 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында салауатты өмір салтын насихаттау
Ауылым - алтын бесігім: 5-сынып оқушылары мен ата-аналары арасындағы отбасылық сайыс жоспары
Ана - өмірдің гүлі: бастауыш сыныптарға арналған мерекелік ертеңгілік сценарийі
Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz