Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация

Темиралиева Аяжан Джигеровна

Химия пәнінің мұғалімі

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ

мектеп -интернат кешені

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Сабақтың тақырыбы
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация.
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Жалпы мақсаты
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата білу.

Электролиттік диссоциация процесінің мәнін ашу

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Сілтеме
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Химия оқулығы 9 сынып. Авторлары: Н. Нұрахметов, К. Жексембина, Н. Заграничная. Алматы"Мектеп" 2013ж
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия:
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Оқу нәтижесі
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

- Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажыратады

- Электролиттік диссоциация процесінің мәнін ашады

- Білімдерін жетілдіреді, ізденеді, көзқарастарын кеңейтеді

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Негізгі идеялар
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Презентация, флипчарт, шаблон
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Интернет материалын пайдаланады.

Интерактивті тақта, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар, рефлексия парағы, «дұрыс, дұрыс емес» парақшалары, тапсырмалар, стикерлер, маркерлер

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар.
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: С а б а қ б а р ы с ы :
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия:

Сабақ

кезеңдері

Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д: Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия:

Кіріспе

Психологиялық дайындық

1. Білу

Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Ұйымдастыру

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу

- Топқа бөлу: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арқылы 4 топқа бөлу. Әр оқушыға қима қағаздар таратылады. Әр қағазда H 2 SO 4 , CaO, HCI, AICI 3 , NaOH, KOH, CaSO 4 , H 3 PO 4 , NaNO 3 , Zn(OH) 2 , Ba(OH) 2 , H 2 CO 3 , H 2 S, Sr(OH) 2 , LiOH, AI 2 O 3 , Na 2 O, P 2 O 5 , HNO 3 , HBr, N 2 O 5 , BaO, NaCI, K 2 SO 4 , AgCI заттардың формулалары бейнеленген. Сол формулалар арқылы 4 топқа бөлінеді.

І топ “Оксидтер”

ІІ топ “Қышқылдар”

ІІІ топ “Негіздер”

ІV топ “Тұздар”

Өз топтарының анықтамаларын айтып, еске түсіреді. Топ ережесін айтады. Топ басшысы сайланады. Әр топтың топ басшысына критериалды бағалау парағы үлестіріледі. Әр топтың қолындағы формулалары қандай байланыспен байланысқан, үй тапсырмасына көшеді.

- Үй тапсырмасын тексеру барысында химиялық байланыстардың түрлерін нақтылау үшін ашық сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындалып, тексеріледі.

1. Химиялық байланыстың қандай түрлерін білесіздер? Механизмдері қандай?

2. Иондық, коваленттік полюссіз және полюсті байланыс арқылы түзілетін қосылыстың формулаларын ажыратыңдар: N 2 , H 2 O, PH 3 , F 2 , KCI, I 2 , AIF 3 , SiO 2 , CaO, NaNO 3 .

3. Берілген иондық қосылыстардың ион зарядын көрсетіңдер: NaCI, Na 2 SO 4 , NaOH, Ba(OH) 2 , CuSO 4 , AI 2 (SO 4 ) 3 .

4. Қандай қосылыстар иондық байланыс түзеді? Олардың жалпы физикалық қасиеттері қандай?

Пән аралық сипаттағы төмендегідей жетектеуші сұрақтарға жауап алынады:

  1. Электр тогының табиғаты жөнінде не білесіңдер?
  2. Металдардың электрөткізгіштігінің себебі неде?
  3. Өткізгіштер дегеніміз не?

Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар заттардың формулалары арқылы 4 топқа бөлінеді.

Топ ережесін құрады. Топ басшысын сайлайды. Әр топтың топ басшысына критериалды бағалау парағы үлестіріледі. Топ басшысы критерийлерді ескеріп, жауап берген топ мүшелерін бағалап отырады.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Флипчартта жазылған тапсырмалар орындалады.

Оқушылар тапсырмаларды тақтада орындайды.

Оқушылар әсіресе, заттардың физикалық қасиеттері: қаттылық, баяу балқығыштық қасиеттерін айтады. Оқушылар физика курсынан білетін мәліметтерді қайталаған соң, дәптерлеріне мынадай қорытынды жазады: Электр тогы дегеніміз - зарядталған бөлшектердің (электрон мен иондардың) бағытталған қозғалысы. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.

Критерийлер арқылы бағалау.

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: 2. Түсіну
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып болған соң, сабақтың мақсатын шығару қажеттігі айтылады.

Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, тәжірибе нәтижесінде электролиттер және бейэлектролиттер, электролиттік диссоциация ұғымын ашу мақсатында 4 топқа тапсырма беріліп, әр топ постер құрап, қорғайды.

Тапсырма № 1.

І топ: Электролиттер дегеніміз не? Электролиттер құрғақ күйінде не себепті электр тогын өткізбейді?

ІІ топ: Бейэлектролиттер дегеніміз қандай заттар, не себепті электр тогын өткізбейді?

ІІІ топ: Электролиттер мен бейэлектролиттер молекуласының айырмашылығы неде? Ұқсастықтары бар ма?

ІV топ: Электролиттік диссоциациялану деген не?

Сынып сабақтың мақсатын былай белгілейді:

1. Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырату.

2. Электролиттік диссоциация мәнін ашу.

Әр топ өз постерлерін қорғайды.

Топтар бір-бірін бағалайды. (Смайликтер арқылы) Смайликтерді көп жинаған топ марапатталады (қол шапалақтау) . Топ басшылары бағалау парағына жауап берген оқушыларды бағалап отырады.

Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: 3. Қолдану
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай тапсырмалар беріледі.

Тапсырма № 2.

І топ: Формулалары берілген заттардың қайсысы электр тогын өткізеді, қайсысы өткізбейді:

AICI 3 , C 6 H 12 O 6 , CH 4 , NaNO 3

ІІ топ: CaCO 3 , HCI, CaO, KOH

II топ: O 2 , LiNO 3 , Na 2 SO 4 , CH 3 COOH

ІV топ : MnO 2 , NaOH, H 2 SO 4 , бензин

Оқушылардың берген жауабынан кейін айтылғандарды жинақтап, жаңа тақырып бойынша қорытынды слайд көрсетемін.

Бағалау. Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.

Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке, жұптық, топтық талдап, әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада орындайды. (Менің мақсатым- берілген мысалдар арқылы оқушылардың электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата білуі, не себепті электр тогын өткізетінін, өткізбейтінін теорияға сүйеніп түсіндіруін, тапсырманы орындауда қолдануын қадағалау) .
Сыныбы, пәні: 9 сынып, химия: 4. Талдау
Пән мұғалімі: химия пәнінің мұғалімі Темиралиева А. Д:

Тапсырма №3.

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

Катион мен анионға анықтама беріңдер.

Оқулықтан 8- жаттығуды орындау.

ІІ деңгей

Мына қосылыстардың диссоциациялану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар:

Zn(OH) 2 , Ba(OH) 2 , H 2 CO 3 , H 2 S, Sr(OH) 2 , LiOH

ІІІ деңгей

13 г мырыш 24, 5 г күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін сутектің қ. ж. көлемі қандай?

Бағалау. Смайликтермен.

Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке

Ұқсас жұмыстар
Электролиттік диссоциациялану теориясы
Тұнба түзе жүретін реакция
Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер
Химия пәнінің мұғалімі
Электролиттік диссоциациялану теориясытұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері
Сабақты құрудың негізі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бағытталған сабақтың құрылымы
Сұйықтардағы электр тогы
Зерттеу сабағы №2. электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері
Түйіндегі токтардың бағыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz