Күнсіз гүл өспес, күтусіз ұл өспес

Тақырыбы : Күнсіз гүл өспес, күтусіз ұл өспес.

Мақсаты:
1. Ата - аналардың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілігін арттыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Керекті құралдар: Презентация «», Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Түрі: кофе-брэйнг

Мұғалім : -Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Мектеп пен ата-ананың міндеті-әр балаға бағыт беру. Бағыт сан қырлы. Бұл-адамның өзінің қабілеттерін ашып, еңбекті сүйіп, оның жасампаз болуына, баларды нағыз адам етіп өсіруде. Тек ата-аналармен бірлікте ортақ күш -жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер баларға адамдық үлкен бағыт бере алады. Баламен достаспай, онымен рухани қарым-қатынаста болмай тұрып, тәрбиелеуді қара түнекке адастымен салыстыруға болады.

Ата-аналарды түрлі формадағы печеньелерді үлестіре отырып, топқа бөлу.

Психологиялық тренинг. «Түрлі түсті 1000 шарик» видеосы

Ата-аналарға арналған сауалнама

1. Балаңыздың ең қызықты оқу пәні

2. Балаңыз үшін ең қиын оқу пәні

3. Қандай кәсіби мамандыққа балаңыз икемсіз?

4. Мінез -құлық ерекшеліктерін атаңыз?

5. Балаңыз не нәрсеге әуес?

6. Балаңыздың оқу дәрежесі қандай?

7. Балаңыздың бойынан мына қасиеттерді көре аласыз ба?

/адал, ұстамды, сабырлы тәртіпті т. б. /

8. Үлкендерге балаңыздың көзқарасы қалай?

9. Балаңызды қалай бағалайсыз немесе қандай баға бересіз?

10. Балаңыз мұғалім берген тапсырманы міндетті түрде орындай

ма?

Ата-ананың аты жөні:

Жауабыңызға рахмет.

Балалық шақтың қалай өткендігіне, баланы балалық жылдарында қолынан кімнің жетектегеніне, қоршаған дүниеден оның санасы мен жүрегіне ненің енгеніне, бүгінгі балдырғанның қандай адам болуып өсуі шешуші дәрежеде осыларға да байланысты.

Тұрмыстық сипаттағы және рухани мәдениетке тән қымбат дүниелер жас ұрпақтың еншісіне көбірек тиген сайын, тәрбиелеу соғырлұм қиындай түседі. Тәрбиеге қатысы бар адамның жауапкершілігі соғырлұм зорая түседі.

Жанұялық өмір, балаларды тәрбиелеу -өте күрделі әрі нәзік іс. Жанұялық өмірдің қуанышы, кемелдігі әке де, ана да бақыттың көзі-бастауыш үнемі толықтырып, оған бір нәрсе қосып отырған жерде ғана болады. Сөйтіп, осы қайнар көзге әйел, бала жайындағы қомқорлық аса маңызды үлес болып табылады. Баланың өмірінде өз қуаныштары мен қайғылары болады. Ата-ана ол қуанса, қуанып, бірдеңеге мұңайса, мазасызданады. Ал, өзімшілдіктің негізі адамгершілік сезімдердің тәрбиесіздігін көрсетеді. Балалық өзімшілдік қауіпті, өйткені бұл ата-ананың балаға сәл ғана жол беруінен басталады.

Өзімшілдік әрекеттер балалар ересектердің, ең алдымен ата-аналардың, мүдделеріне нұсқан келтіру есебінен туындайды. Тәрбиелеу ісіндегі бардлық қиындықтар мен олқылықтар мектеп пен жанұя, баланың, жас өспірімдердің кұштерімен мүмкіндіктері еңбек етуді қатаң талап еткен кезін байқамай жіберіп алған уақыттан болады. Еңбек әректетсіздікке уақыт қалдырмағангдықтан ғана емес, адамды жалпы тәртіпке келтіріп отырады. Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11. «Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру


Ұқсас жұмыстар
Қайталау – оқу анасы. 8 сынып
"қыздар сұлу көрінер өнерімен" қыз сыны байқауы 5-8-сынып
<<бұрымды қыз>> байқауы
Табиғат-анамыз
Әлемді тебірендірер ана үні
Онтогенездің негізгі кезеңдері
Кештің барысы
Кештің көрнекілігі
Ана қымбатты жан
Менің жүрегіме рахмет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz