Балапан тобы (I-кіші) үшін Жеміс сусыны тақырыбы бойынша шығармашылық бағыттағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Уақыты:11. 11. 15

Тобы:«Балапан» I-кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Жеміс сусыны»

Мақсаты:

а) Жеміс түрлерімен таныстыру. (алма, алмұрт) . Қағазға салынған банка ішіне дайын жеміс суреттерін орналастыруды үйрету.

ә) Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

б) Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: жеміс атауымен және түрлерімен таныстыру.

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті.

Қажетті көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, ойыншықтар, магнитті тақта, дайын пішіндер.

Билингвалдық компоненті: жеміс-ягоды, алма-яблоко, алмұрт-груша.

Іс -әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс -әрекет кезеңдері: Мотивациялық- қозғаушы
Тәрбиешінің іс- әрекеті:

Шаттық шеңбері .

-Балалар, егер біз табиғатты аяласақ, ол өзінің көп жемісін береді.

-Кәне, бәріміз баққа барып қайтайық.

Тамаша ғой бақшамыз,

Саяхатқа шығамыз.

Алға басып келеміз,

Бәрін, бәрін білеміз.

(Е. Өтетілеуұлы)

- Балалар, баққа барғанды ұнатасыңдар ма?

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Балалардың жауабы.

Іс -әрекет кезеңдері: Іздену- ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс- әрекеті:

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(А. Меңжанова)

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Дидактикалық ойын:

«Қандай жеміс?».

Тәрбиеші балаларға жемістердің суреттерін көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.

Сергіту сәті:

Күзім- ау, күзім -ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

(Қ. Ыдырысов)

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Балаларға қағаздан жасалған банканы көрсетіп, жемістерден сусын жасауды ұсынады.

Магнитті тақтада суреті салынған банкаға дайын пішіндерді(алма, алмұрт) салып көрсетеді .

-Алма қандай түсті?

-Алмұрт қандай түсті?

-Алма мен алмұрттан сусын қайнаттық, банканы қақпақпен жауып тастаймыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвалдық компоненті: жеміс-ягоды, алма-яблоко, алмұрт-груша.

Балалардың іс-әрекеті:

Өлеңді тыңдайды, жауап береді:

-Күз мезгілі.

-Жеміс-көкөністер піседі.

-Жапырақтар сарғайып, жерге түседі.

-Жаңбыр жауады.

Балалар сұрақтарға жауап береді:алма, алмұрт.

Балалар бастарын шайқайды, саусақтарымен үстелдің үстін тарсылдатады,

саусақтарын шошайтады.

Иллюстрацияны қарап, мұқият тыңдайды.

-Қызыл.

-Сары.

Балалар алдарында жатқан банканы алмұрт және алма суреттерімен толтырады.

Қайталайды: жеміс-ягоды, алма-яблоко, алмұрт-груша.

Іс -әрекет кезеңдері:
Іс -әрекет кезеңдері: Рефлексивті коррекциалаушы
Тәрбиешінің іс- әрекеті:

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

-Біз бүгін қандай жемістермен таныстық?

-Біз неден сусын жасадықБіз неден сусын жасадық?

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар өз жұмыстарын қарайды.

-Алма, алмұрт.

-Алма мен алмұрттан.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қағаздан салынған банка шіне дайын суреттерде орналастырады.

Қандай түсініктерді игереді: жемістердің әртүрлі және әр түсті болатынын.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: іс-әрекет барысында алған дағдыларын.


Ұқсас жұмыстар
I-кіші «Балапан» тобына арналған Қағаз бен майлы қарындашпен таныстыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
Жабайы аңдар тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Есеп тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (Таным - Математика)
Көктем тақырыбы бойынша тіл дамыту саласындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған Көктем келді тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күзгі бау-бақша: Таным (Экология) бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (ІІ кіші топ)
Мектепалды даярлық тобының Түстер әлемі тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Түстер әлемі: Бөбек I кішкентайлар тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ғажайып қалта: көкөністер мен жемістерді тануға арналған тіл дамыту технологиялық картасы (Балапан тобы, I кіші топ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz