Менің отбасым: балабақшада ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (қоршаған ортамен таныстыру, билингвалдық компонент)

Тексерілді:

Балабақша әдіскері: У. Е. Тлюупова.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы №1

Уақыты: 04. 09. 15

Тобы:«Балапан» I-кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы: “ Таным”

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты:

а) Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру.

ә) Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру.

б) Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен отбасы туралы әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ойын.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.

Билингвалдық компонент : ата-дедушка, әже-бабушка, папа-отец, мама-мать, апа-сестра, аға-брат, іні-братишка, сіңлі-сестренка.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балаларды шеңберге тұрғызып:

Ә. Қонарбаевтың «Бала-бала, балақан»әні орындалады.

Бала-бала, балақан

Кәне қайсы алақан,

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат, -деп, сәйкес қимылдар жасайды.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар шеңберге тұрып, қуана қимыл-қозғалыстар жасайды. Өлеңді тәрбиешімен қайталайды.
Іс-әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдас тырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

1. Әңгіме жүргізу:

-Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?

-Иә, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды.

Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ-отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы-дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана, және олардың балалары. Отбасының болуы-үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.

Отбасы-ол бақыт,

Отбасы-ол ата-ана,

Отбасы-туыстарымыз,

Отбасы-ол шаңырақ.

-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т. б.

2. Сергіту сәті:

Бас бармағым -атам,

Балалы үйрек - әжем,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек - анам,

Кішкене бөбек - мен.

Міне, менің барлық отбасым.

3. Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.

-Мына отбасында ата, әже бар екен, балалар тағы кім бар?

-Төрде кім отыр?

-Дұрыс айтасың. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.

-Шайды кім құйып беріп отыр?

-Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз атамыз бен әжеміз бар ғой?

4. Үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Менің отбасым»

Берілген суреттің ішінен (анасын) отбасы мүшесін табу.

-Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сөйлемейміз. Жол береміз.

Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсетеміз.

5. Ойын: «Кім тез табады?»

Шарты: Текшеден отбасы мүшелерінің суреттерін көрсету.

Билингвалдық компонент : ата-дедушка, әже-бабушка, папа-отец, мама-мать, апа-сестра, аға-брат, іні-братишка, сіңлі-сестренка.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар жауап беруге тырысады.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.

Балалар тәрбиешімен бірге орындайды.

-Анасы, әкесі, аға, апасы бар екен.

-Отбасы мүшелері жиналып шәй ішіп отыр.

-Ата отыр.

-Анасы шәй құйып беріп отыр.

Балалар өз ойларын айтады.

Балалар бірге қайталап айтады.

Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам атайды.

Қайталайды: ата-дедушка, әже-бабушка, папа-отец, мама-мать, апа-сестра, аға-брат, іні-братишка, сіңлі-сестренка.

Іс-әрекет кезеңдері: Рефлексивті коррекциа лаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып, үйренгендерін пысықтайды.
Балалардың іс-әрекеті: Отбасы және оның мүшелерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: отбасы мүшелерінің туысқандық қарым-қатынасын түсініп, бір-біріне қамқор болу керектігін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіне тиесілі міндеттерді игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: отбасындағы адамгершілік, әдептілік нормаларын сақтай білуді меңгереді.


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қоршаған ортамен таныстыру - Қазақ дастарханы (Наурыз және Наурыз көже)
Сізге хат келді тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (Әлеуметтік орта - Қоршаған ортамен таныстыру; Толағай тобы, тәрбиеші Шапхатова С.)
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көктем келді - қоршаған ортамен танысу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Жасыл жайлау - сиыр туралы тіл дамыту және қоршаған ортамен танысу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Менің Отаным - Қазақстан (қоршаған ортамен таныстыру, мемлекеттік рәміздер)
Балабақшада Л дыбысы мен әрпі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
I-кіші «Балапан» тобына арналған Қағаз бен майлы қарындашпен таныстыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1
Ортаңғы А тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Менің отаным - туған өлкем
Дәрігер Айболит бізде қонақта: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Есеп тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (Таным - Математика)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz