Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
PAINT- қа саяхат
Тақырыбы:PAINT- қа саяхат
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту,өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық , ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі:Проектор, слайдтар, Paint редакторы терезесі
Түрі: Сайыс
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі <<Ғылымдар патшасы>> математика және информатика апталығында 7-сыныптар арасында өткелі отырған <> атты сайысына қош келдіңіздер!
Әр қайсымыздың сурет салудағы шеберлігіміз сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, топтармен таныс болайық.
1. <<Компьютер>> тобы
2.<<Информатика>> тобы
3.<<Ақпарат>> тобы
4. <<Программа>> тобы
Сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныс болайық.
Әділ-қазылар алқасы: 1. Информатика пәні мұғалімі: - Наукебаева С
2. Математика пәні мұғалімі -Жолдыбаева З
Сурет салу өнері өте ертеден бастау алатын көне өнерлердің бірі. Сурет салу біреулерге атақ абырой әперіп, атын тарихта қалдырса , біреулер үшін хобби түрінде жәй ермек іспеттес. Сурет салып парақ шимайламаған адам жоқ шығар сірә. Суретті құмға да, бояумен немесе жәй карандашпен де салуға болатыны белгілі. Ал бұл сайыстың ерекшелігі, біз бұнда суретті компьютермен салатын боламыз. Олай болса сайыс кезеңдерімен танысайық:
1.<<Таныс болайық>> . Топтарды таныстыру.
2. <<Пікірталас>>. Компьютер туралы не білесіңдер. Оның пайдасы мен зияны туралы айту.
3. <<Бұл не?>> Компьютер құрылғылары туралы айту.
4. <<Қызықты сұрақтар>>. Сұрақтарға жауап беру.
5. <<Сурет сыры>>. Информатика пәніне байланысты редактор құралдарының суреті жасырылады.
6. <<Кім жылдам>>Сурет құрылысын айту.
7. <<Қыс көрінісі. Paint редакторында сурет салу.
8. Қорытынды, марапаттау.
Олай болса сайысымызды бастаймыз. <<Батылдық балалық шақтан басталады>> десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі ойын екендігі белгілі. Бүгінгі ойын түрінде өткелі отырған сайысымызды бастайық ендеше. Алдымен ойынға шығатын оқушылармен танысайық.
1-бөлім. <<Таныс болайық>> деп аталады, яғни топ мүшелерімен таныс болайық.
2-бөлім. <<Пікірталас>> деп аталады. Информатика сабағы компьютермен өтетінін біз білеміз, сондықтан сіздерге компьютердің зияны мен пайдасы жөнінде білгендеріңіз жөн болар деп ойлаймын. Бұл бөлімде өздерің білетін компьютердің қаншалықты пайдасы мен зияны бар екендігін айтып өтсек. Олай болса бұл турда әр топтан бір оқушы шығып компьютердің пайдасы мен зияны туралы сөз таластырайық.Ең жоғарғы ұпай -5.
3-бөлім. <<Бұл не?>>. Бұл турдың шарты бойынша топ мүшелері қиындылардан сурет құрастырып, не тапқанын, ол құралдың атын және қызметін айтуы керек. Әр топқа әр түрлі сурет беріледі.Ең жоғарғы ұпай -5.
4-бөлім. <<Қызықты сұрақтар>> деп аталады. Бұл турда сұрақтар беріледі, оларға барлық топ мүшелері жауап беруіне болады, дұрыс жауап берген топқа - 5 ұпай беріледі
1. Сурет салуға арналған программа?
2. Графиктік редактордың меню құрамын атаңдар.
3. Графикалық редактордың іске қосылу жолы қандай?
4. Редактордың құралдар саны қанша?
5. Құю құралы қандай қызмет атқарады?
6. Бүріккіш құралының қызметі қандай?
7. Әрекеттерді орындатпау үшін қандай команданы орындаймыз?
8. Редакторда алғаш рет сақтау командасы қандай?
9. Редактор терезесінде түстер палитрасы жоқ болса қалай шығарамыз?
10. Редакторда салынған суреттің масштабын қалай өзгертеміз?
5-бөлім. <<Сурет сыры>> деп аталады. Бұл турда оқушылар Paint графикалық редакторының құралдарының төртбұрыштар артына жасырылған суретінің бір бөлшегін ғана ашып, сол арқылы суретті табады және қандай құрылғы екенін айтады. Кім бұрын болса сол озады,яғни сол топқа 5 ұпай қосылады.
6-бөлім. <<Кім жылдам>> Сурет құрылысын айту. Слайдта суреттер көрсетіледі, сол суретте ең көп қолданылған құралдың атын және неше рет қолданылғанын айту керек. Қай топ оқушысы тез жауабын айтса 5 ұпай сол топқа қосылады.
7-бөлім. <<Жас суретшілер>> Бұл турдың тапсырмасы бойынша топтар <<Қыс көрінісі>> тақырыбында компьютерде сурет салады. Жақсы, әдемі салынған суретке, яғни әр оқушыға 5 ұпайдан беріледі.
8-бөлім. Қорытынды. Бұнда оқушылардың жұмыстары қорытындыланып, оларға баға беріледі, яғни әділ - қазылар алқасына сөз беріледі.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту,өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық , ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі:Проектор, слайдтар, Paint редакторы терезесі
Түрі: Сайыс
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі <<Ғылымдар патшасы>> математика және информатика апталығында 7-сыныптар арасында өткелі отырған <
Әр қайсымыздың сурет салудағы шеберлігіміз сыналар бұл сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, топтармен таныс болайық.
1. <<Компьютер>> тобы
2.<<Информатика>> тобы
3.<<Ақпарат>> тобы
4. <<Программа>> тобы
Сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныс болайық.
Әділ-қазылар алқасы: 1. Информатика пәні мұғалімі: - Наукебаева С
2. Математика пәні мұғалімі -Жолдыбаева З
Сурет салу өнері өте ертеден бастау алатын көне өнерлердің бірі. Сурет салу біреулерге атақ абырой әперіп, атын тарихта қалдырса , біреулер үшін хобби түрінде жәй ермек іспеттес. Сурет салып парақ шимайламаған адам жоқ шығар сірә. Суретті құмға да, бояумен немесе жәй карандашпен де салуға болатыны белгілі. Ал бұл сайыстың ерекшелігі, біз бұнда суретті компьютермен салатын боламыз. Олай болса сайыс кезеңдерімен танысайық:
1.<<Таныс болайық>> . Топтарды таныстыру.
2. <<Пікірталас>>. Компьютер туралы не білесіңдер. Оның пайдасы мен зияны туралы айту.
3. <<Бұл не?>> Компьютер құрылғылары туралы айту.
4. <<Қызықты сұрақтар>>. Сұрақтарға жауап беру.
5. <<Сурет сыры>>. Информатика пәніне байланысты редактор құралдарының суреті жасырылады.
6. <<Кім жылдам>>Сурет құрылысын айту.
7. <<Қыс көрінісі. Paint редакторында сурет салу.
8. Қорытынды, марапаттау.
Олай болса сайысымызды бастаймыз. <<Батылдық балалық шақтан басталады>> десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі ойын екендігі белгілі. Бүгінгі ойын түрінде өткелі отырған сайысымызды бастайық ендеше. Алдымен ойынға шығатын оқушылармен танысайық.
1-бөлім. <<Таныс болайық>> деп аталады, яғни топ мүшелерімен таныс болайық.
2-бөлім. <<Пікірталас>> деп аталады. Информатика сабағы компьютермен өтетінін біз білеміз, сондықтан сіздерге компьютердің зияны мен пайдасы жөнінде білгендеріңіз жөн болар деп ойлаймын. Бұл бөлімде өздерің білетін компьютердің қаншалықты пайдасы мен зияны бар екендігін айтып өтсек. Олай болса бұл турда әр топтан бір оқушы шығып компьютердің пайдасы мен зияны туралы сөз таластырайық.Ең жоғарғы ұпай -5.
3-бөлім. <<Бұл не?>>. Бұл турдың шарты бойынша топ мүшелері қиындылардан сурет құрастырып, не тапқанын, ол құралдың атын және қызметін айтуы керек. Әр топқа әр түрлі сурет беріледі.Ең жоғарғы ұпай -5.
4-бөлім. <<Қызықты сұрақтар>> деп аталады. Бұл турда сұрақтар беріледі, оларға барлық топ мүшелері жауап беруіне болады, дұрыс жауап берген топқа - 5 ұпай беріледі
1. Сурет салуға арналған программа?
2. Графиктік редактордың меню құрамын атаңдар.
3. Графикалық редактордың іске қосылу жолы қандай?
4. Редактордың құралдар саны қанша?
5. Құю құралы қандай қызмет атқарады?
6. Бүріккіш құралының қызметі қандай?
7. Әрекеттерді орындатпау үшін қандай команданы орындаймыз?
8. Редакторда алғаш рет сақтау командасы қандай?
9. Редактор терезесінде түстер палитрасы жоқ болса қалай шығарамыз?
10. Редакторда салынған суреттің масштабын қалай өзгертеміз?
5-бөлім. <<Сурет сыры>> деп аталады. Бұл турда оқушылар Paint графикалық редакторының құралдарының төртбұрыштар артына жасырылған суретінің бір бөлшегін ғана ашып, сол арқылы суретті табады және қандай құрылғы екенін айтады. Кім бұрын болса сол озады,яғни сол топқа 5 ұпай қосылады.
6-бөлім. <<Кім жылдам>> Сурет құрылысын айту. Слайдта суреттер көрсетіледі, сол суретте ең көп қолданылған құралдың атын және неше рет қолданылғанын айту керек. Қай топ оқушысы тез жауабын айтса 5 ұпай сол топқа қосылады.
7-бөлім. <<Жас суретшілер>> Бұл турдың тапсырмасы бойынша топтар <<Қыс көрінісі>> тақырыбында компьютерде сурет салады. Жақсы, әдемі салынған суретке, яғни әр оқушыға 5 ұпайдан беріледі.
8-бөлім. Қорытынды. Бұнда оқушылардың жұмыстары қорытындыланып, оларға баға беріледі, яғни әділ - қазылар алқасына сөз беріледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz