Файл қосу

Тақырып Қола дәуіріндегі Қазақстан

ӨҚӘ <<Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп гимназиясы>>КММ
Пәні: Қазақстан тарихы
Сынып: 6 <<Б>>
Уақыты: 17 қараша 2015ж. Сағ. 14.00-14.45
Пән мұғалімі: Жақсыбаева Мадина Солтаншариповна

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі,ол кезеңдегі еңбек құралдары, тыныс тіршілігі, қоғамдық өзгерісі, шаруашылығы, ежелгі тұрақтары туралы білім беру.
2. Алғашқы қауымдық кезеңдегі қоғамдық жағдай жайлы түсініктерін дамыту.
3. Жас ұрпақты еңбекке баулуға, ежелгі тарихымызды білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау,іздену, өз бетінше жұмыс,ой-қозғау.
Қолданылатын технология: СТО
Сабақтың көрнекілігі: оқулық , слаидтар,электронды оқулық
4. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу,түгендеу, топ ережесін құру )
А) Психологиялық дайындық
<<Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас>>
-Балалар бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхатқа шығамыз.Ол үшін берілген тапсырмаларды толығымен орындау керек. Астанаға бару үшін біз поездға мінеміз.
Поездға міну үшін үй тапсырмасын тексерейік.
Ә) Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
(тас дәуірі тарауына қайталау жұмысы.)
-Дұрыс,міне поездға міндік.

-Астанаға бару үшін жолдың ақысын төлеу керек.Яғни билет алып,Астана қаласына түсу үшін өткен сабақты еске түсірейік.
ІІ. Үй жұмысын тексеру тарау бойынша қорытынды
1) әр топқа салыстырмалы кесте толтыру

Палеолит
Мезолит
Неолит
Энеолит
Уақыты

Шаруашылығы

Жаңалығы

Қоғамы

Берген жауаптарың өте дұрыс.
-Міне пойыздан да түстік. Пойыздан түскен бетте алдымызда не тұрады?
Астана Вокзалы

2) тест тапсырмаларын орындау.
1. Орта тас ғасырының хронологиялық уақыты:
А. Б.з.б. 2 млн 600 мың- б.з.б. 12 мыңжылдық
Б. Б.з.б. 12 мың- б.з.б. 5 мыңжылдық
В. Б.з.б. 5 мың- б.з.б. 3 мыңжылдық
Г. Б.з.б. 8 мың- б.з.б. 3 мыңжылдық
2. Ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал
А. Микролит
Б. Бумеранг
В. Чоппер
Г. Гарпун
3. Мезолиттік тұрақтардың саны
А. 10
Б. 15
В. 20
Г. 24
4. Мезолиттік аңшылар қай жерлерді мекендеген
А. Ертіс,Есіл
Б. Сыр, Ертіс
В. Тобыл, Сыр
Г. Нұра
5. Б.з.б. 8 мыңжылдықта Қазақстанд а қандай өзгеріс болды
А. Аңшылық пайда болды
Б. Қолайлы климат пайда болды
В. Егіншілік пайда болды
Г. Еңбек құралдары пайда болды
6. Рулық қауым қай кезеңде күшейді
А. Мезолит
Б. Неолит
В. Палеолит
Г. Энеолит
7. Қауым нешеге жіктелді
А. 5
Б.3
В.2
Г. 1
8. Балалар тобынан ересектер тобына өту қалай аталады
А. Бағыштау
Б. Ғұрыптау
В. Төңкеріс
Г. Қауым
9. Аң аулаудағы көмекші жануар
А. Қой
Б. Ит
В. Жылқы
Г. Бүркіт
10. Мезолиттік заманның жаңалығы
А. Садақ пен жебе
Б. Тобыр
В. Бифас
Г. Чоппер

Президенттік Мәдениет орталығы

Үй жұмысын қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
<<Қола дәуіріндегі Қазақстан >> электронды оқулықтан дыбыстық бейне тыңдау,көру
Талдау
ІV. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру
<<Балық аулайық>> ойыны (тарихи викторина)

Еліміздің Туы,Елтаңбасы,Әнұраны,Конституциясы қойылған орын. ҚР Президенттік мәдениет орталығы.
Оқулықпен жұмыс << Жұмбақ сан>>
1. Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И.Сәтпаевтың есебі бойынша көне заманда Жезқазған өңірінен қанша тонна кен өндірілген
А. 1млн В. 5млн С. 3млн Д. 8млн
2. Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орнында қанша қалайы өндірілген
А. 550тонна В. 750тонна С. 1100тонна Д. 1500тонна
3. Қазақ даласында қола бұйымдар жасау ісі қашан меңгерілді
А. Б.з.б. 5 мыңжылдық В. Б.з.б. 2 мыңжылдық
С. Б.з.б. 1 мыңжылдық Д. Б.з.б. 7 мыңжылдық
4. Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән қанша қоныс және оба зерттелді
А. 10 қоныс,120 оба В. 18 қоныс, 100 оба С. 25 қоныс,155 оба Д. 30қоныс,150 оба
5. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылдан басталды
А. 1946ж. В. 1947ж. С. 1956ж. Д. 1942ж.
-Дұрыс орындасаңдар <<Астана-Бәйтерек>> монументін көреміз.
<<Астана-Бәйтерек>> монументі.
V. Қорытындылау
Ассоциация <<Андрон мәдениеті>>

Андрон мәдениеті

VІ. Рефлексия
Бүгін мен ... білдім.
Мен үшін бүгін ... қызықты болды.
Мен ... кезінде қиналдым.
VІІ. Үй жұмысы №8 мазмұндау,
VІІІ. Бағалау (топ жетекшілері)

Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірінің қоғамдық құрылысы, жеке меншіктің пайда болуы
тоқсан (18 сағат)
Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті
«Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» Көшпелі мал шаруашылығы
Қола дәуіріндегі Қазақстан
Қола дәуіріндегі Қазақстан жайлы ақпарат
"көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық" ашық сабақ 6 сынып
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Көшпелі мал шаруашылығы өнімді шаруашылық
Қола дәуірінің негізгі сипаты
Пәндер