Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Ә дыбысы және әрпі

Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды Ә дыбысы және әрпімен таныстыру. Ә дыбысы бар сөзгедыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Ә дыбысы сөздің басында,ортасында,аяғында келетінін түсіндіру. Әріптің баспа түрін жазғызу. Ә дыбысы бар сөз,сөйлем құратып,сөздік қорын дамыту.
Дамытушылығы: Балалардың ой-өрісі меншығармашылығын дамыту. Сурет арқылы өз ойларынжүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілік қасиеттерін,білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,мәнерлеп оқу қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер,қиылған суреттен сурет құрастыру,сауат ашу дәптері.
Түрі: Жаңа сабақ.
Типі: аралас,топтастыру.
Билингвизм: Әтеш-петух-chicken,Әке-отец-father,Әже-бабушка-grandmother,дәрігер-врач-doctor.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Іс-әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
Жылулық шеңберін ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері
Қонақ күту салтымыз,
Оқып,біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
Ғажайып сәт:
Жұмбақ
Ерте тұрады,
Жар шақырады.
(Әтеш)
Әтеш қонаққа келеді. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемі болып отырсыңдар. Мен сендерге құр қол келген жоқпын, мен сендерге өзіммен бірге тапсырма ала келдім. Менің тапсырмам ойын түрінде өтеді: <<Сиқырлы буындар>>.
Ойын шарты: Мына қобдишаның ішіндегі сөздерді табамыз.
oo Қоян не жейді?
oo Бізді ауырғанда кім емдейді?
oo Біздің ең жақсы көретін тәттіміз?
oo Әкеміздің анасы бізге кім болады?
Өткен сабаққа шолу:
1.Әріп дегеніміз не?
2.Дыбыс дегеніміз не?
3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Тақпақ айту арқылы амандасады.

Жұмбақ шешеді.

Сәлеметсізбе!
Сұрақтарға жауап береді.

Балалар әтештің қойған сұрақ-жауаптарына ойлана отырып жауап береді және оларды буынға бөледі.

oo Сәбіз.
oo Дәрігер.
oo Кәмпит.
oo Әже.
Ізденістер.Ұйымдастыру.
Жаңа сабақ
oo Әже сөзі қандай дыбыстан басталып тұр. (Ә)
oo Олай болса бүгін Ә дыбысы мен танысамыз.
Ә жіңішке дауысты дыбыс
Сондықтан ә дыбысы қызыл түсті текшемен белгіленеді.
oo Ә дыбысынан басталатын қандай сөз,адам аттарын білеміз?
oo
Орталық бойынша жұмыс:
Қатынас
-Әріп жазу,оқу.4-ші бет.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ән-ән-ән,
Қамба толы дән. 2 рет.
Әліппе дәптермен жұмыс:
Ә әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып,қолдарын жазуға даярлау.
Ә әрпін ауада жазу.
Денсаулық Сергіту сәті.
Сергіту сәті жаттығуын өткізу:
Таң әлі атқан жоқ,
Маңай әлі қараңғы.
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарады.
Шынықтырып денені,
Қанаттарын қағады.
Ку-ка-ре-ку тұр тұрлап...

oo Ә әрпін бастырып жазу.
Ә әрпінің кіші және бас әріптерін жазады.

Шығармашылық Әтешті бояу.
Таным Әтешті,дәріні,әріпті құрастыру.

Балалар сыныптағы <<Әә>> дыбысынан басталатын балалардың аттарын айтып жауап береді.

Дәптермен жұмыстанады.

Балалар сергіту сәтін қимылмен орындап,бойларын сергітіп алады.
Қорытындылау.
Мадақтау.
Сұрақ жауап әдіс арқылы сабақта алған білімдерін бекіту.
- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Әтеш қандай құсқа жатады?
- Әтеш немен қоректенеді?
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз <<Әә>> әрпімен таныстық.
<<Ғажайып сөздер>> ойыны.
Топқа бөлген балаларға төс белгісіне байланысты сипаттама беріледі.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

oo Әтеш келді.
oo Үй құсына жатады.
oo Жем, су, т.б.
oo <<Әә>> әрпімен таныстық.

Балалар өз тобының төс белгісінің сөздеріне байланысты сипаттама алды.
Күтілетін нәтиже:
Білім:дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратады.Ә дыбысы және әрпін таниды.
Білік:толық жауап беруге,дұрыс айта білуге тырысады.
Дағды:Сөздің ішіндегі ә дыбыстарын табуға дағдыланады.

Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Дауысты дыбыс әріптері
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Ә дыбысы мен әрпі
Қазақ тілі. «к дыбысы мен әрпі»
Сабақтың соңы
П әрпі мен дыбысы. 1 сынып
Жылдық жоспар. даярлық тобы
Өө дыбысы мен әрпі
Й,и әріптерінің жазылуы
Пәндер