Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Озық ойлы оқушы

Жургараева Гаухар Мураталиевна
№ 28 орта мектеп
Тараз қаласы

Сыныбы : Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларды математика пәніне қызықтыру , білік , білім
дағдыларын қалптастыру.
2) Ой- өрісін дамыту , шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімін жетілдіру .
3) Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұжыммен жұмыс істей білуге баулу.
С/ типі: Аралас
С/ түрі: Математикалық тартыс.
С/ көрнекілігі: Үлестірмелі карточка , түрлі түсті қағаздар , сызғыш, қалам .
С/ сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ кіріспе сөз (мұғалім)
ІІІ сабақтың жоспары : 1. ,,Зымыран сұрақтар"
2. ,,Жұмбақ шешу"
3. ,,Танграм"
4. ,,Ғажайып сан" .
1. Зымыран сұрақтар.
1. Жүргізуші : Армысыздар ағайын
Бармысыздар бауырлар
Есенбісіз ұстаздар
Шаршамайтын қыз-жастар
Бәріңізге бір сәлем
,,Озық ойлы оқушы " кешімізді бастайық .
2. Жүргізуші : Әділ-қазылар мен сайысқа қатысушылар мен танысайық
Білімнің ұшқырлығын танып сен
Асыл тасып ,асықпа , қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен
Ары қарай сайысымыздың "Зымыран сұрақтар" деп аталатын 1-ші кезеңін бастайық
1. 90о тан кіші бұрыш (сүйір)
2. 7 жай сан ба, құрама сан ба (жай)
3. ең кіші натурал сан ( 1 )
4. 120-Ц 50% -і (60)
5. 5- ке кері сан (1/5)
6. тәуліктің 4-тен бір бөлігі (6 сағат)
7. үшбұрыштың ішкі бұрышы (180)
8. табиғи жарық көзі (күн)
9. квадраттың қабырғасы 8 см , ауданы неге тең? (64 см2)
10. дөңгелектің радиусы 3,5 см диаметрі неге тең (7)
11. тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 9 см , периметрін тап (27)
12. тік бұрыш неше градусқа тең(90)
13. кері сандардың көбейтіндісі неге тең(1)
14. 6 мен 4 санының ең кіші ортақ еселігі (12)
15. Орта Азия, ежелгі грек ,н/е атақты математиктер (Әл-Фараби,Әл-Бируни, Әл-Хорезми, Аристотель, Пифагор, Гаусс,Евклид)
2-бөлім
2. 1 жүргізуші: Қиындықтан қашпаймыз
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиалдарға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
Ары қарай сайысымыздың "жұмбақ шешің" деп аталатын 2 кезеңін бастаймыз

1. Алтын терек
12 Бұтақ
365 жапырақ (жыл ,ай , тәулік)
2. Біз санбыз сызықпен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық болып көрінген дұрыс ,бұрыс аралас
Ондық болып бөлінген (бөлшек сан)
3.бір-бірімен жарысқан төрт аю , бір арыстан
Үкі қоймен бір түлкі
Барі неше кім біледі (8)
4.нәрселерді санағанда
керек ол бізге ауадай
айтыңдаршы бұл қандай сан
жан-жағыңа қарамай (натурал)
5.алпыс төрт тең бөлмеде
32 тұрғын бар
Ақ қара ғып бөлгенде
Бірін - бірі қуғандар
Ханы үшін ,жаны үшін
Бермейді олар намысын (шахмат)
6.әкем жашік құрады
Үш өлшемнен тұрады(параллелепипед)
3-бөлім "Математика ақыл- ойдың гимнастикасы"
демекші танграм ойыны н/е бас қатыру есебі.
Танграм-ерте заманғы Қытайдың бас қатыру есебі
Квадрат берілген, ол жеті бөлікке бөлінген олардан әр түрлі фигура құрастыру керек.

4.бөлім
Жүргізуші :
Сайыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпаң -дей отырып
Сайсыиыздың "ғажайып есеп " деп
Аталатын келесі кезеңіне көшейік
50 ұпайлық :
1. Жолдас 3 баланың жастарының қосындысы 29ға тең. 5жылдан соң олардың жастары бірге алғанда қанша болады (44)
2. Шахмат турниріне 7 адам қатысқан әр біреу әр қайсымен бір партиядан ойнайды партиялардың барлығы қанша(21)
40 Ұпайлы
1. Үш бес саны мен амлды пайдаланып 0 санын жазыңыз (5-5)5=0
2. Ұзындығы 135 см сымды біріншісі екінші бөлігінен екі есе ұзын етіп екіге бөлінген әр бөлігінің ұзындығы қанша? (45 , 90)
30 ұпайлық : 1. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1сағат 20 мин ұшады ,ал кері 80 мин ұшады .
бұл айырмашылықты қалай түсіндіресің (екеуі тең)
2. үш ат жегілген шана 1 сағатта км жүріп өткен , әрбір аттың жылдамдығы қандай?

IV. Қорытындылау.
V. Марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Озық ойлы оқушы .Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ
Сан есімі бар жұмбақтар
Тіл - өнер сайысы
Озық ойлы оқушы жайлы ақпарат
Математикалық дода
Логикалық есептер . оқушылардың логикалық есептерді шеше білу
Сұрақтарды оқушыларға ұсыну
Көрермендер көмегі
Озық ойлы дарындылар
Сандар сырының құпиясы
Пәндер