Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жанашырлық жанға қуат

6 сынып Уақыты ____________________
Сабақтың тақырыбы: Жанашырлық жанға қуат
Мақсаты:
Оқушаларға жанашырлық туралы түсінік беріп, олардың бойында жанашырлық сезімдерін дамыту.
Міндеттері:
- оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік беру;
-- оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;.
-- оқушыларды ниеттес, тілектес, сыйлас болуға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар,,А 3 қағазы, түрлі-түсті маркерлер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа сырттай және іштей (психологиялық) дайындығын қадағалап, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
2. Тізім бойынша түгендеу.
3. Сынып оқушыларын топқа бөлу. Жүрекше, дөңгелек, төртбұрыш арқылы үш топқа бөлу
Шатттық шеңбері
-Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.
Қане, балалар қол ұстасып,шеңбер құрып,
. Шаттық шеңбері
Сөзі: Н. Назарбаевтікі
Әні: Б. Тілеухановтікі
Елім менің
Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам
Пікірлесу <<Сиқырлы ағаш>>
* Жанашырлық танытудың мәні неде?
* Жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер?
* Жанашырлық парыз ба, әлде міндет пе?
* Айналаңа не үшін жанашырлық танытар едің?
* Жанашырлық таныту барлық кезде керек пе?
* Жанашырлықты тек сөзбен ғана көрсету керек пе?
* Бауырмалдық дегеніміз не?
* Қамқорлық жасау деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс:
Ш. Айтматовтың шығармасын оқушыларға оқыту.
1. Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай сезімде болдыңдар?
2. Шығармада кімге жанашырлық танытар едіңдер?
3. Әңгімедегі кейіпкерлердің қандай әрекетінағыз жанашырлық болып табылады?
Сергіту сәті
Көңілді ән ойналып оқушылар слайдта көрсетілген жаттығуларды орындайды.
Тапсырма <<Көмектесе білейік>>
(Постермен жұмыс)
1. Жанұялық көмек
2.Сыныптастық көмек
3. Өз-өзіме көмек
4. Табиғатқа көмек
5. Достық көмек

Дәйексөз
Қайрымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің.
Халық нақылы
видеоролик

Жағдаяттарды талдау <<Ойлан, бірік, бөліс>>
***
Жұмыстан келген анасы ұлына:- Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен? - деді.
-Жата беріңіз , -- деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан.
Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр-күлдір еткізіп ренжи тұрды да үн-түнсіз оның өтінішін орындады.
(В. Воробьев)

* Бала анасына жанашырлық білдіре алды ма?
* Сен оның орнында болсаң не істер едің?

***
Мен қалада оқитынмын. Үйіме ай сайын келіп тұратынмын. Өйткені шешемнің денсаулығы нашар еді. Бір күні үйге келдім. Менің келгеніме анам қуанып төсегінен тұрды, су жылытып үлкен легенге құйды да:
-- Жуынып ал, балам, -- деді.
Мен жуынып болған соң үстел жанына келіп отырдым да, қызықты кітапты оқи бастадым.
Бір кезде аяғымды жуған суды төгуді ұмытып кеткендігім есіме түсті. Келсем, леген бос тұр. Суды төгіп келген шешем шаршап, демін әрең алып отыр екен....
* (В. А. Сухомлинский)

* Кімнің жанашырлығы басымырақ деп ойлайсыңдар?
* Жағдаятты өздерің жалғастырып көріңдер.

Түйіндеме Ойлап тап <<Мақалды аяқта>>

1. Мейірімділікті _______ үйрен

2.___________ -- кісінің көркі

3.Жақсы сөз- _________ семіртер

4. Ұлық болсаң -- _______ бол

5. _________ жан жадыратар.

Кішіпейілділік, жан, сұлулық, анадан, кішік, жақсылық, сөйле,

Үйге тапсырма
14 - 15 сабақта берілген <<Менің түйгенім>> тапсырмасын орындау .

Жүректен жүрекке
Балалар жаңа сабақтан алған рухани- адамгершілік құндылықтар туралы әсерлерін кішкентай жүректерге жазып, үлкен жүрекке орналастырады.

Ұқсас жұмыстар
Табиғат-тал бесігім
Сабақ барысын талдау
Сүйіспеншілік нұры
Аялай біл сен деп соққан жүректі 7-сынып
Қасиетті сөз
Күлімде күн күлімде
Көңіл күй әлемінде
Өткізген сыныптар
Менен сәлем дегейсің сұрағанға
Жаным толған жақсылық
Пәндер