Биологиядан олимпиадаға дайындық баспалдағы

Түсінік хат
Қазіргі таңда биологиядан олимпиадаларға дайындау курстары оқу бағдарламасының негізі бөлігі болып қалыптасып келеді. Бұл курстар бір жағынан оқушыларды биология пәніне қызықтырып ынталандырса, екінші жағынан оқушылардың білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Оқушыларға биологияны тереңдетіп оқытудың бірнеше тәсілдері бар. Ол, әрине әртүрлі оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар, ғылыми ізденістегі жұмыстар. Ал, бірақ олимпиадаға дайындық курстарының мазмұны мен алға қойылған міндеттердің жоғары деңгейде құрастырылудың арқасында және тақырыптардың мағыналарының ашылуы негізінде оқушы пән бойынша терең білім алып, нәтижесінде биологиялық эрудициялы тұлға қалыптасады.
І. Өзектілігі: Олимпиадаға дайындаудың қазіргі кезде қазақ тілінде құрастырылған әдебиеттер немесе мұғалімдерге арналған нұсқаулар жоқтын қасы. Нұсқаулардың болғанның өзінде орыс тілінде жазылған немесе кез келген мұғалімнің қолына түсе бермейтін тапшы әдебиет екені белгілі. Егер де олимпиадаға дайындайтын курстар мен әдістемелік-нұсқаулар арқылы пән мұғалімдері тәжірибе алмасып отырса, мұғалім шығармашылық ізденіс жолында жүрсе, мұғалім олимпиадаға дайындықтың дұрыс жолын таңдап алып, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізер еді. Олимпиадаға дайындық бағытындағы мұғалімнің әдістемесінің мақсаты мен міндеттерінің дұрыс құрылуының арқасында оқушы пән бойынша терең білім алып, жоғары нәтижеге жетері сөзсіз. Бул курста биологиядан өткен аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда кездескен тапсырмалар жинақталған. Сондықтан бұл оқулық ең бірінші оқушыларын олимпиадаларға дайындайтын ұстаздаздар үшін таптырмас көмекші құралдың бірі.
ІІ. Проблема: Олимпадаға дайындық курсына қатысқан оқушылардың барлығы бірдей бірден жоғары нәтиже көрсетеді деген ұғым алайда, өмірде шындыққа айнала бермейді. Ол жалғыз мұғалімнің шеберлігіне ғана байланысты емес. Біздің алдымызда тұрған мәселенің бірі оқушылардың өз бетімен шығармашылықпен, ізденіспен айналыспауы. Егер оқушы тек мұғалімнің бергеніне ғана қанағаттанып, өз тарапынан ізденбесе, әдебиеттерге үңілмесе нәтиже бола бермес. Сондықтан олимпиада курсында мұғалім алдына қойған міндеттің бірі оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге итермелеу, ынталандыру болып саналады.
ІІІ. Мақсаты: . Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау. Арналған бағдарлама мемлекеттік тілде оқитын оқушыларға бұл пәнді игеруді жеңілдету мақсаты көзделген. Бұл курста өсімдіктану (ботаника) курсын терең меңгеруге жасалған.
IV. Міндеттері:
- Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;
- Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
- Өсімдіктану бойынша курсты тереңдету;
V. Бағдарлама объектісі:
Бағдарлама олимпиадаға дайындалатын оқушыларға арналған
VІ. Күтілетін нәтиже : Іздемпаз, білімге құштар, терең және тиянақты білім алған оқушы шығару.
VІI. Кімдерге арналған: Оқушылар мен ұстаздарға көмекші құрал Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар:
Оқушылар нені білу керек:
- микроскоптың құрылысын;
- жасушаның зерттелу тарихын;
- жасушаның құрылысын;
- өсімдік пен жануар жасушасының айырмашылығы мен ұқсастығын;
- биологиялық анықтамалар мен терминдерді;
- өсімдіктерде болатын физиологиялық әрекеттер
- биологиялық үдерістер анықтамасын
Оқушылар нені істей алу керек:
- жарық микроскобы мен ылғалды препараттарымен жұмыс істеу;
- жасушаның бөліктерін танып оны суреттен көрсете алу;
- микроскопттық қарапайым зерттеулерге препарат дайындай алу;
- қызықтыратын тақырыптар бойынша реферат немесе баяндама жасай алу;
- қазіргі таңдағы әртүрлі биологиялық кітаптармен жұмыс істеу алу;
Методикалық нұсқаулар:
- жарық микроскоптарын пайдалану,
- интерактивті тақтаны сабақтарда пайдалану,
- ұлпа түрлерін көрсетуге арналған ылғалды препараттарды дайындау;
- қосымша әдебиеттерден ақпарат жинау;
Курстың мазмұны
І. Жасуша құрылысы (8 сағат)
Жасушаның ашылу тарихы. Жасушаның құрылысы. Жасуша қабықшасы. Жасуша құрамындағы бірқабатты, екіқабатты және қабатсыз органоидтар. Олардың құрылысы мен ағзадағы қызметі. Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
ІІ. Гистология (6 сағат)
Ұлпа дегеніміз не? Ұлпалардың түрлері. Құрылысы жай (бір ғана жасушалар түрінен тұратын) және күрделі (бірнеше типті жасушалардан құралған) ұлпалар. Меристема, олардың түрлері. Қызметі мен ерекшелігі. Паренхима. Паренхиманың қосымша түрлері. Өткізгіш ұлпалар. Флоэма мен ксилеманың құрылысы мен қызметі. Өсімдіктердегі транспорт. Осмос. Диффузия тірек ұлпасы. Склеренхима. Колленхима. Склереида . Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
ІІІ. Өсімдік мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы (9 сағат)
Тамыр, сабақ, жапырақтың анатомиялық құрылысы, олардың бірінші реттік және екінші реттік қалыңдауы. Гүлдің құрылысы. Аналықтың орналасуына байланысты жемістердің түрлері. Апокарпты, синкарпты, лизокарпты, псевдокарпты. Даражарнақты және қосжарнақты тұқымдардың құрылысы мен бір-бірінен айырмашылықтар мен ұқсастықтары. Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
ІV. Тірі ағзалар дүниесі (11 сағат)
Вирустар. Вирустардың құрылысы, түрлері, олар тудыратын аурулар. Бактериялар. Бактериялардың тіршілігі. Граммоң және граммтеріс бактериялар. Бактериялар тудыратын аурулар. Саңырауқұлақтар. Төменгі сатылы саңырауқұлақтар. Оомицеттер, дейтридиомицеттер, хитридиомицетер, базидиомицеттер. Төменгі сатылы өсімдіктерге жалпы шолу. Балдырлар, мүктер, қыналар және олардың тіршілік ету формалары. Олардың көбеюі мен дамуы. Мүктер, қырықбуындар, плаундар, папоротниктер. Олардың тіршлігі, көбеюі, дамуы, ерекшіліктері. Тест. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
V. Жануарлар әлемі (34 сағат) Қарпайымдылар (7 сағат)
Қарапайымдылар әлемі . Саркомастигофоралылар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері. Споралылар типіне жататын жәндіктер . Безгек паразитінің тіршілік әрекеті. Инфузориялылар типіне жататын жәндіктердің тіршілігі. Книдоспоралылар және микроспоралылар типіне жататын жәндіктер. Өздік жұмысы. Олимпиадалық тапсырмалар орындау.
VІ. Көпжасушалылар (12сағат) Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері. Жұмыр құрттар типінің ерекшіліктері. Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктер. Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің ерекшіліктері. Шаянтәрізділердің тіршілік әрекеттері. Өрмекшітәрізділердің түрлері мен олардың бір-бірінен айырмашылықтары. Бунақденелілердің ауыз аппараты, қанаты бойынша жіктелуі. Былқылдақденелілер типіне жататын жәндіктер. Тестпен жұмыс. Өздік жұмысын орындау.
VІІ. Хордалылар (15 сағат) Бассүйексіздер өкілі- қандауырша. Қандауыршаның буылтық құрттардан айырмашылығы. Жақауыздылар класына жататын көпжасушалылар. Сүйекті және шеміршек балықтардың айырмашылықтары . Қосмекенділер немесе амфибиялар. Жорғалаушылар немесе рептилиялар. Құстардың ұшуына байланысты ерекшіліктері. Сүтқоректілердің ерекшілігі мен тіршілігі. Өздік жұмысы (тапсырмалар орындау) . Қорытынды сабақ
Күнтізбелік жоспар
Барлығы 102 сағат
Өсімдік ұлпалары туралы түсінік
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің денесі құрылымы әртүрлі белгелі бір қызмет атқаратын жасушалар тобынан тұрады. Оны Н. Грю (1671) ұлпалар деп атауға ұсыныған. Жасушалардың бір типінен тұратын және белгілі бір ғана қызмет атқаратын ұлпаларыды қарапайым ұлпалар деп, ал жасушалардың әр түрлі типтерінен тұрып, бірнеше қызмет атқарса күрделі ұлпалар деп атайды.
Түзуші ұлпалар (Меристемалар)
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы олар өмір бойы өседі. Өсімдіктерге тән мұңдай өсу ерекшелігі олардың денесінде түзуші ұлпалардың болуына байланысты.
Түпкідікті ұлпалардың клеткаларын жасап, үнемі толықтырып отыру арқылы өсімдіктердің денесін құрайтын ұлпаларды түзуші ұлпалар немесе меристемалар деп атайды. Меристема(гректің «меристос»-бөлінгіш және «стема»-ұлпа деген сөздерінен алынған) -бөлінуге қабілетті ұлпа. Меристема клеткаларының өздеріне тән цитологиялық ерекшеліктері бар. Олар майда, ядросы ірі, клетка қабықшасы жұқа, клеткалар өзара тығыз орналасады. Клеткаларының пішіні төрт бұрышты, изодиаметрлі, көп қырлы, кейбіреулері жіңішке, ұзын болп келеді.
Түзуші ұлпалар өсімдіктердің денесінде өте ұзақ уақыт(кейбір ағаштарда мың жылға дейін) сақталады. Өйткені тамыр мен өркеннің ұшындағы төбе меристемасының ең жоғарғы клеткалары(кейбіреулерінде бір ғана клетка) шексіз рет бөлініп жас клеткалар жасап, қайтадан өзінің бастапқы қалпына келіп меристемалық қасиетін үнемі сақтап отырады. Мұндай клетканың саны біреу болсы, оны инициальды ицициалдар деп атайды. Қырықбуындардың өркені мен тамырының ұшында орналасқан ициальды клетканың саны біреу, пішіні үш бұрышты, оның төбе меристемасындағы инициальды клеткалардың саны көп, олар басқаларынан гөрі топтасып орналасуымен, клетка цитоплазмасының қоюлығымен ажыратылады. Инициальды клетка немесе апикальды инициалдар шексіз рет бөлініп, жас клеткалар түзеді де, біртіндеп түпкілікті ұлпаларға айналып, тамыр мен сабақтын анатомиялық алғашқы құрылысын қалыптастырады.
Пайда болуына қарай түзуші ұлпалар алғашқы және соңғы меристемалар деп бөлінеді. Алғашқы меристемалар өскіннің және өсімдік мүшелерінің алғашқы өсуін қамтамасыз етеді.
Соңғы меристемалар (камбий, феллоген) алғашқы меристемалардан кейін пайда болады. Өсімдіктердің өстік мүшелерінің жуандап өсуіне қамтамасыз етеді. Түзуші ұлпалар орналасуна қарай апикальды меристема, бүйірлік немесе латеральды меристема және қыстырмалы немесе интеркалярлы болып бөлінеді. Барлық ұлпалар меристемадан бастама алады. Ұрық алғашқы түзуші ұлпаның жасушаларынан тұрады. Өсімдіктердің өстік мүшелерінің төбе меристемасы орналасқан ұшы бой конусы немесе өсу нүктесі деп аталады. Өйткені төбе меристемасының құрылымы мен қызметі туралы бірнеше көзқарас бар. Даму барысында төбе меристемасы төмендегідей меристемалық ұлпаларға жіктеледі: протодерма, прокамбий және негізгі меристема. Бұл меристемалар: а) протодерма-жабындық ұлпа, б) прокамбий-өткізгіш ұлпа ; в) негізгі меристема- негізгі ұлпа деп аталатын түпкілікті ұлпаларды түзеді.
Бүйір (латеральды) меристемалардың өстік мүшелердің көлденең кесіндісіне сақина түзіп, бойылық кесіндісіне клеткалардың цилиндр тәрізді қабаттарын түзіп орналасады. Бүйір меристемалар шығу тегіне, орналасуына қарай; алғашқы бүйір меристема; соңғы бүйір меристема деп бөлінеді. Алғашқы бүйір меристемаға прокамбий мен перицикл жатады. Соңғы бүйір меристемаларына камбий мен феллоген жатады. Бұл ұлпалар соңынан түпкілікті ұлпалардан пайда болады.
Қыстырмалы (интеркалярлы) меристема өркеннің буын аралықтарынан және жапырақтың базальды бөліктерінде орналасады. Бұл меристема- сабақтың басқа бөліктеріндегі үлескілермен салыстырғанда төбе меристемасының түпкілікті ұлпаларға баяу айналатын қалдығы. Төбе және бүйірлік меристемалардан айырмашылығы, кейбір жіктелген элементтердің, мысалы, өткізгіш ұлпаларының болуы және инициальды жасушалардың болмауы. Қыстырмалы меристема өсімдікте үнемі сақталып қалмай, біртіндеп түпкілікті ұлпаларға айналады.
Жарақат меристемасы өсімдік денесінің жарақатанған жеріндегі түпкілікті ұлпалардың тірі жасушаларынан пайда болатын. Мұндай жасушалардың барлық бағытта бөлінуінен шор немесе сүйел деп аталатын дене пайда болады. Шор (каллус) жасушаларының меристемалық қасиетінен феллоген түзіліп, одан пайда болған тоз қабаты жарақаттанған жерді жабады.
Жабындық ұлпалар
Өсімдіктің мүшелерінің сыртын қаптап тұратын клеткалар тобын жабындық ұлпалар деп атаймыз. Жабындық ұлпалар өсімдіктің ішкі нәзік бөліктерін шамадан тыс буланудан, төменгі және жоғары бөліктерін температурадан, құрғап кетуден, зиянды микроорганизмдердің әсерінен жәнее т. б. сондай сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды. Сонымен қатар өсімдіктердің әрбір мүшесінің жабын ұлпасының өзіне тән физиологиялық қызметі бар.
Жабындық ұлпалар пайда болуына қарай 2 типке бөлінеді:
1. Алғашқы жабындық ұлпалар. 2. Соңғы жабандық ұлпалар.
Алғашқы жабындық ұлпаларға мыналар жатады: эпидерма немесе эпидермис және эпиблема; соңғы жабындық ұлпаларға: тоз(перидерма), қыртыс (сары қабық) жатады.
Эпидерма. Эпидерма - шығу тегі жағынан алғашқы жабын ұлпа. Эпидерма, 1868 жылы Ганштейн негізін салған теория бойынша, төбе меристемасының дерматоген (протодерма) қабатының бөлінуі болып табылады. 1920 жылы Шмид негізін салған теория бойынша төбе меристемасының сыртқы қабаты клеткаларының бөлінуі нәтижесінде пайда болған.
Эпидерма - жапырақтың, гүлдің және көптеген өсімдіктер жемістерінің, шөптесін өсімдіктердің сабағы мен сүректі өсімдіктердің жас өркендерінің түпкілікті жабын ұлпасы. әр трүрлі өсімдіктердің әр мүшесінің эпидермасының қызметі әр түрлі, осыған орай олардың биологиялық мәні де бірдей емес. Мысалы, жапырақтың эпидермасы қорғаныштық қызметімен қатар фотосинтез, ауа алмасу және судың тепе-теңдігін реттейді.
Эпидерма көпшілік жағдайда бір қатар, сирек түрде екі немесе одан да көп қатар клеткалардан тұрады. Көп қабатты эпидермасы бар өсімдіктерге алабота тұқымдасына жататын суккленттер: тарбақ бұйырғын (Anabasis brachiata), итсигек бұйырғын (Anabasis aphylla) және тұт ағашы (Morus L), фикус (Ficus elastica) т. б. өсімдіктер жатады. Кейбір өсімдіктердің эпидермасының астында гиподерма деп аталатын қабат болады. Ол құрғақшылықта өсетін өсімдіктерде су қорын жинайды. Мысалы, жасаңшөп, итсигек бұйырғын, сібір қаpағайы (Pinus sibirica) және кәдімгі қарағайдың (Pinus sylvestris L) қылқан жапырағының гиподермасы қабырғалы қалыңдап кеткен бір қатар клеткалардан тұрады. Бұл клеткалар жапыраққа мықтылық қасиет береді және эпидманың қыстың қатты желінің құрғатып жіберуінен қорғайды. Қарағайдың оңтүстік түрлері, мысалы, Эльдар қарағайында гиподерма 2-3 қабатты болып келеді.
Эпидерма күрделі ұлпа, ол клеткалардың әр түрлі типтерінен тұрады.
Олар: 1. Эпидерманың негізгі клеткалары.
2. Устьице аппаратының жанаспалы және қосалқы клеткаларының сырт жағынан өсіп шыққан өскіншелер.
Эпидерманың негізгі клеткалары бір-бірімен тығыз, ал өзінен төмен орналасқан паренхималық клеткаларымен нашар байланысады. Сондықтан да тез сыдырылады. Эпидерманың негізгі клеткаларының пішіні, көлемі әр түрлі. Мысалы, сабақтың, таспа тәрізді жапырақтың, сағақтың эпидерма клеткаларының пішіні сопақ, ал өсу барысында ұзындығы мен көлденеңі бір қалыпты жүретін мүшелерде изодиаметрлі. Эпидерма клеткаларының көлемі сыртқы ортаның әсеріне байланысты шөл, шөлейт және далалық аймақтың ксерофиттері эпидермасының негізгі клеткалары мезофиттер эпидермасынан майдалау. Бұлай болуы ксероморфтық белгіден ғана емес, ботаник ғалым Гребтің 1957 жалғы зерттеуі бойынша әр иүрлі қоректік заттардың жеткіліксіздігінен, екінщі бір ғалым Сурождың (1892) пікірі бойынша жарықтың шамадан тыс болуынан, төменгі температурадан, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен деп түсіндіріледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz