Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Раушангүлділер тұқымдасы

Сыныбы:6
уақыты:
Сабақтың тақырыбы:
Раушангүлділер тұқымдасы.
Мақсаты :
Оқушыларға раушангүлділер туралы олардың құрылысы,ерекшеліктерімен раушангүлділердің алуантүрлілігі және маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:

Күтілетін нәтижелер:

А) Раушангүлділердің жалпы сипаттамасы, құрылысы, ерекшеліктері туралы біледі .
В)Тұқымдастың белгілерін ажырата алады, оның құрылысындағы және тіршілігіндегі ерекшілігін анықтайды
С) Раушангүлділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын талдай алады.

Керекті жабдықтар:
Плакаттар, флипчарт, маркер, интербелсенді тақтада көрсетілген видео, бағалау парақтары.карточкалар.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері:
Уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе

8мин
1. Тұлғааралық байланысты орнату.
2. Сыныппен амандасу:
Күлім қағып қолымды,
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.

3. Раушангүлділер тұқымдасының өкілдеріне байланысты топқа бөлу:
1 топ. Итмұрын
2 топ.Раушан
Үй тапсырмасын <<Ыстық орындық>> әдісі бойынша сұрау

Т е л е г р а м м а Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын. Орамжапырақгүлділер. Бұларды кейде .шаршыгүлділер......... деп те атайды. Олар-шөптекті, кейде шала бұталы....қосжарнақты... өсімдік. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын ...3000..........-ға жуық түрлер бар. Жапырақтары ............. кезектесіп орналасады,..........бөбешік.... жапырақтары болмайды.
Телеграмма
Өтініш мына хатты толықтырып жіберуіңізді сұраймын.
Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасатындықтан,орамжапырақгүлді өсімдіктер ......шаршыгүлділер...... деп аталған. Бұлардың жемісі .бұршаққын................... немесе .....бұршаққынша.... Орамжапырақгүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы - .Т2+2К4А2+4Ж/2/.... .
-мұғаліммен сәлемдесу;
- кезекшілік қызметін атқару;
- сабаққа зер салу
Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.

Өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды іске асырады.
Оқушылар бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалап отырады.

Тұсаукесер
7 мин
<<Ой қозғау>> <<Раушан >> гүлдің суретін көрсету.
oo Ендеше, балалар, бұл суреттен не көріп тұрсыңдар
oo Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?
Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.

Негізгі бөлім

17 мин
1<<Еркін талқылау>> әдісі арқылы топтық жұмыстар
Мәтін мазмұнын, идеясын меңгерту мақсатында 2 топқа постер құруға тапсырмалар беру
I топ. Анықтау. Раушангүлді өсімдіктердің құрылысының ерекшеліктері
IІ топ. Зерделеу. Раушангүлділердің пайда зияны қандай? <<Кезбе тілші>> әдісі бойынша интернет желісінен қосымша материалдар алып, жаңалықтар бағдарламасын дайындау
1-оқушы: телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.
2-оқушы: Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.
3-оқушы: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
4-оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер.
( Талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда <<Нағыз құзыреттілікті қалыптастыру>> идеясын жүзеге асыру.)
IІІ топ. Салыстыру.
Шаршыгүлділер мен раушангүлділерді салыстыру. Венн диаграммасы бойынша дайындау

\

Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.
Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінді оқиды. Топтық талқылау жүреді.

<<Бағдаршам>> стратегиясы арқылы топтарда өзара бағалау жүреді. Бағалау критерийлері :
Егер жеткізуі нақты, анық, , түсінікті болса

Жасыл түс
Егер жеткізуі орташа, ауытқушылықтар кезіксе

Сары түс
Егер құр сөзге негізделген мүлдем түсініксіз болса

Қызыл түс

Қорытынды
13мин

Мына суреттегі гүлдің диа - граммасын талдап,формуласын жазыңдар.
Сөзжұмбақ <<Раушан>>
1.Тікенекті өсімдік (Итмұрын)
2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштектес өсімдік (Алма)
3.Жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме (Раушан)
4.Шырынды жемісті өсімдік (Шие)
5.Жемісі құрама жаңғақшалы болып келетін раушангүлділер тұқымдас өсімдік (Құлпынай)
6.Раушангүлділердің жабайы өсетін түрі (Шетен)

Үйге тапсырма:
.
1. Дәрілік раушангүлділер туралы өздік жұмыс дайындау

2.Сәндік раушангүлділер туралы таныстырылым дайындау

Тапсырмалар орындау жоғары және төменгі деңгейлі сұрақтар құрылған критерийлер арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды

Осыдан соң мұғалімнің қорытынды бағалауы жүреді.
Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.
Кері байланыс.

Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?

Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?

Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?

Ұқсас жұмыстар
Раушангүлділер тұқымдасы туралы
Орамжапырақгүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы
Раушангүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдастар
Астық тұқымдас
Мақта тұқымынан
Раушангүл тұқымдасына жататыны
Бұршақ тұқымдастар. Сабақтың тақырыбы
Балдыр жасушасына енетін бактерия
Өсімдіктердің бактериялық ауруы
Гүл формуласы
Пәндер