Достық туралы

Сабақ тақырыбы: Достық
Мақсаты: Өлеңдерді, мақалдарды жатқа оқуда негізгі ойды анықтап айта білуге үйрету;
Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту;
Өзара жолдастық көмек көрсетуге дайын болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: проектор, слайдтар, тақырып бойынша оқушылардың салған аппликациялары, суреттері, шарлар, мақал- мәтелдер.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
«Достар» әні орындалады.
- Бұл ән не туралы, балалар?
- Қалай ойлайсыңдар, біздің сабағымыз неге осы әннен басталды?
/Өйткені, біздің сабағымыз достық тақырыбында болмақ/
-Олай болса, сабақтың тақырыбымен танысайық.
Тақтада «Сәлем. Достық. Достық деген не? Дос деп кімдерді айтамыз? Достарды қайдан кездестіруге болады?»
Мұғалім: - «Жақсы адам- тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң, досың жоқ, орташа болсаң, бір жақсыға ілесе аларсың» дейді екен халық даналығы. Бүгінгі сабағымызда әр адамның өмірінде достықтың қаншалықты қымбат екендігі туралы әңгімелесеміз. Алдымен тақырыпа сай өлеңдер жаттаған балаларды тыңдаймыз.
Аня:- Ән саламыз күнде біз
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
Роксана:- сәлем, өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
ән айтыңдар бақытты.
Алина: - балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да
сенімді боламыз.
Даяна:- достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Мұғалім:- өлеңдер неге, қандай қасиетке тәрбиелейді? Негізгі ойы қандай? Дос болу деген не, жақсы дос деген қандай болады?
/Балалардың жауаптары/
Осындай әдемі өлеңге жазылған әдемі әнді тыңдайық. Балалардың орындауында «Достық туралы» әнін тыңдаймыз.
Сонымен, достық неден басталады екен?/Достық мейірімді көзқарастан, күлімсіреуден басталады/
-Өте жақсы. Ендігі кезек мақал- мәтелдерге келді.
Балалар тақтаға шығып өздері жаттаған мақалдарын айтады:
-татулық- табылмас бақыт.
- ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты.
- досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
- досы жоқ адам тұзсыз тағам.
- заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.
- Нағыз дос дұшпан болмас.
- досы көпті жау алмайды.
- жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
- Жолдасы көптің олжасы көп.
- Сыйласу екі кісіге бірдей.
- Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
- Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
- Дос құшағы- жаз.
- Доспен дос болғанша шаттан, дұшпаннан дос болғаннан сақтан.
- Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын т. б. мақал- мәтелдер айтылады.
Мұғалім: - Мақалдарды қалай түсінесіңдер?
- Айтылған мақалдардың негізгі мағынасы қандай?
- Как вы их понимаете?
- Какой смысл несет в себе каждая пословица?
/Оқушылардың жауаптары/
Мұғалім:- «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» немесе орысшасы «Один за всех и все за одного»деген нақыл сөздің төркіні бәрімізге де белгілі. Сондықтан осы мақал біздің сыныпқа сәйкес келе ме, жоқ па?Сыныптағы балалар достасуды біле ме мүмкін достасуды әлі де болса үйрену керек шығар? Соған көз жеткізу үшін қазір бір ойын ойнаймыз. Әр балаға жүрек түрінде фишка таратылып беріледі. Сол фишкаларды кіммен дос немесе кіммен достасқысы келеді сол балаға беру керек.
/Балалар фишкаларын береді/
- Қазір ойын қорытындысын шығарамыз. Кімде 3-тен көп фишка бар?
- Сонымен, балалардың көбісі дос болғысы келеді екен, өйткені ол бала біздің сыныпқа жаңа келген оқушы. шетке қақпай ортаға тарту үлкен достықтың бастауы. Бұларың өте дұрыс болды, ендеше біз дос болу дегеннің не екенін түсінеміз.
- Негізі қалай дос болуға болады?
- Дос болу үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыңдар?
- Өлең, ән, мақал- мәтел айтудан басқа тағы не балаларды достыққа шақырады?
- Әрине, ортақ іс, қызығушылығы бір болу, бір- бірін жақсы түсіну, мейірімділік, т. б.
Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz