6-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің Ынтымақ түбі - береке тақырыбындағы сабақ жоспары

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Тақырыбы Ынтымақ түбі - береке
Мұғалім Керимкулова Қ. Ә. Сыныбы 6 Оқушы саны__26

Өткізілген күні: 09. 12. 15


Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер татулық, ауызбірлік, достық

Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулықтуралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру; -. Оқушылардың өз-ара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету.

-Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достаққа тәрбиелеу

Көрнекілік :

(материалдар, дәйек сөздер, плакаттар)
«Батырлықты айт, ерлікті айт,
Батырлықты айт, бірлікті айт,
Ынтымақ қосып, ел болып, жұрт жасаған тірлікті айт. »
(Халық мақалы)
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу;

Оқушыларды сабаққа әзірлеу;

Тыныштық сәті
-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.
Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол жерде адамдар шат-шадыман, бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен.
Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен.
Барша табиғатқа қақамқорлықпен қарағандары соншалықты, айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендер мөп-мөлдір, тап-таза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді.
Адамдардың мұң мен жауласу дегенді білмейді, күнкөріс қамымен де бір-бірін ренжітпейді, бір-біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен. Сол себепті ол жерде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп, үйлесімде өмір сүреді.
Ол аймақтың тыныштығы мен жайлылығы сондай-бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды.
Бірақ оған қызыға қарауға болғанымен, ол елдің тұрғындары бөтен ешкімді елдеріне кіргізбейді екен деседі.
Бірақ өз тұрған жеріңді осындай жайлы мекенге қалай айналдырар едіңдер? Ойланып көріңдерші.
Енді көз алдыларыңа елестетіңдер.
Жанға жайлы музыка қоюға болады.

• Топқа бөліну «Менің қалаған түсім»
Қобдишадан қалаған түстеріңді таңдап, әр түске сәйкес топқа бөлініңдер.

• Есімдер аллитерациясы
Мақсаты: Оқушыларды таныстыру.
Шарты: Әр оқушы өз есімдерін айтып, есімдерінің бірінші әріпінен басталатын жағымды қасиетін айту.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға «ынтымақ» құндылығының жеке адам мен қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып келіп, талқылау.

• Үй иелерінің Ынтымақты қонаққылуының себебі неде?
• Ынтымақ болған жерге Қызырдың, Бақ пен Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
• Сендер кімді қонаққа шақырар едіңдер?
• «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) .

Оқулықта «Игілік- басы ынтымақ, ынтымақты елде күн шуақ», деген халық мақалы берілген.
Бұл дәйексөзді көзқарас, себеп, мысал, қорытындылау бірізділігін сақтай отырып талқылау.

• Сергіту сәті


4. Оқиға айту (әңгіме) .

Қарастырып отырған «ынтымақ» ұғымына байланысты оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтарға жауап берейік.
• Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер?
• Ынтымақ түбі-береке деп айтуда қандай мән бар?
• Ынтымақтастық, татулық, ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде?


Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтел айтып, гүлшоғын толтыру.

Мәтінмен жұмыс: Адамдар арасындағы татулық, ауыз бірлік, ұйымшылдық сияқты қасиеттердің ынтымаққа, бірлікке жеткізетінін ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып беру.
• Баба өсиетінен не ұқтыңдар?
• Баба өсиетінен қандай қорытынды жасауға болады?


Топпен жұмыс

Бес жолды өлең
1) 1 затесім (тақырыбы) Ынтымақ
2) 2 сын есім
3) 3 етістік
4) 4 сөзден тұратын сөйлем
5) Түйін (1 сөз)

Тапсырма: Адамдардың бірлікке келуі, бірлесіп тірлік жасауы, татулығы үшін қандай қасиеттер қажет? (татулық, достық, ауызбірлік, бірлік)

Осы сөздер мен олардың анық тамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер.


Ұғым анықтамалары
1. татулық
2. достық
3. ауыз бірлік
4. бірлік
5. ынтымақтастық А) Адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Ә) Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.
Б) Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі, татулықтың белгісі.
В) Мақсаты бір топ мүшелерінің тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білуі.
Г) Ынтымақтасып біріккен бір ауыздылық, іштей байланысты табиғи бір тұтастық,

Тапсырманы сыныпта оқушылар жұптасып жұмыс істеп, әрбір сөздің өзіне сәйкес келетін анықтамасы көрсетілетіндей етіп белгілеуі тиіс. Мысалы: «Татулық- адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы . Оқушылар сөз мағынасы мен анықтаманы дұрыс сәйкестендіруі тиіс.
Жауаптары: 1- ә) ; 2-а) ; 3-в) ; 4-б) ; 5-г) .



5. Шығармашылық


Ұқсас жұмыстар
6-сыныпқа арналған Ынтымақ түбі - береке тақырыбындағы сабақ жоспары
8-сынып: Өзін-өзі тану пәні бойынша Ынтымақ түбі - береке сабақ жоспары
Келісім түбі - жарастық: 2 сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: өзін-өзі таныту және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
6 «Ә» сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәні бойынша бақыт тақырыбындағы ашық сабақ жоспары
Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: Өзіңмен үйлесімділікте
5 сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: Адам еңбекпен шыңдалады
3-сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің Еңбектің наны тәтті тақырыбы бойынша сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы: Сабыр түбі - сары алтын (ұстамдылық пен төзімділікті тәрбиелеу)
Бастауыш сыныптарға арналған Өзін-өзі тану пәнінің орта мерзімді жоспары: 1-модуль - Өзін-өзі тану бақыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz