Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Жақсылық- жан жадыратады

9 сынып
Өзін-өзі тану пәні
Пән мұғалімі: Омарова Гульнара Алимкановна
Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы
Қабанбай ауылы
<<Жарбұлақ орта мектебі>>КММ
Тақырыбы: <<Жақсылық- жан жадыратады>>
Мақсаты: Оқушылардың <<жақсылық>> туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері: - Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
Жақсылық жасауға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: слайд, бейнебаян, плакаттар, түрлі-түсті қағаздар, кітап, дәптер
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, пікірталас, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ән салу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу
Сәлеметсіңдерме оқушылар!
2. Шаттық шеңбері: Оқушылардың көңіл- күйлерін көтеру мақсатында шаттық шеңберін өткіземін. Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын қазір бәріміз Мейрамбек Бесбаевпен бірігіп <<Өмір өтті>> деген тамаша әнді орындайық.

3. Жаңа тақырып: Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпқа шығамын.

А)Бұл өлеңді орындаудағы мақсат не деп ойлайсыңдар?(Өмірдің қысқа екенін түсіну, ұғыну)
Ә)Осы қысқа өмірде біз не істеуге асығуымыз керек? (жақсылық жасауға, мейірімді болуға т.б. асығу керекпіз)
Ендеше, құрметті оқушылар, бүгінгі тақырыбымыз <<Жақсылық- жан жадыратады>> деп аталады.

4. Ойланайық- пікірлесейік.
Жаңа ғана айтып өткендей, өмірдің ұзақтығын біз қамшының сабына теңейміз дедік, осы аралықта жақсылық жасап, артымыздан із қалдыру, бір - бірімізді жақсылыққа жетелеу мақсатында бір- бірімізге жақсы сөз айтып, демеу беріп отыруымыз керек. Бүгінгі тақырыпты өрбіту үшін сендерге сұрақтар қоямын,
Сұрақтар:
А.)Жақсылық, жамандық дегенді қалай түсінесіңдер?
Ә.)Жақсы болуды, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
Б.)Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма?
В.) Ақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
Г.)Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Оқушылардың пікірлерін тыңдай келе жақсылық жасау адамның бойына сіңген қасиет болу керек, оның қайтарымын күтпеу керекекендігін түсіндіремін.
БЕЙНЕБАЯН 1-2 қатарға (Жақсылық жасау туралы бейнебаяндар)
Бейнебаяндардан не түйдіңдер?

5. Жаңа ақпарат. Оқушыларға жаңа ақпарат тақырыптың мақсатын,міндеттерін айқындайтынын түсіндіріп өтемін. Жақсылық жасау адамның ізгілігін анықтайды.
6. Дәйексөз. Бүгінгі тақырыбымызға байланысты ұлы адамдардың бірнеше дәйексөздерімен таныс болайық. (әр оқушыға оқытамын). Осы дәйексөздердің қайсысы бүгінгі тақырыбымзды ашады? Өздеріңізге ұнаған дәйексөзді дәптерлеріңе жазып алыңдыр.
Дәптермен жұмыс аяқталғаннан кейін оқушыларға өздері жақсылық туралы дәйексөз құрастыруға шақырамын. (Жақсылықты адам күнде жасау керек. Жасаған жақсылығыңа не береді деп күтуге болмайды. Жақсылықтың үлкен кішісі болмайды. т.с.с.)Жандарыңнан шыққан жақсы сөздерді күнделікті жасауға тырысамын деген ниетпен мәуелі ағашқа жан бітірейік.(оқушылар жапырақтарды ағашқа жапсырады.)

7. Оқушыларға сұрақ
Саған ұнамайтын, сені ашуландыратын мәселелер бар ма? ( жексенбіде таңертең ерте тұрғым келмейді, копьютердегі ойындар мені жалықтырды, үстімдегі киімім сән үлгісінен қалып қойған сияқты т.с.с ) Слайдты көре отырып оқушыларды өздеріне берілген нығметтерге шүкіршілік етуге, жамандыққа бармауға, жақсылық жасауға тырысу керектігіне шақырамын. Абай атамыз үш -ақ қасиет, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек адам бойында болса болғаны жақсылық жасаудан кенде болмаймыз деген.
8. Тренингтік жаттығулар
9. Үй тапсырмасы Жақсылық пен жамандық тақырыбында презентация, бейнебаян жасау
10. Жүректен жүрекке! Қазір біз оригами жасаумен айналысамыз. Оригами жапон тілінен аударғанда - "бүктелген қағаз" деген мағынаны береді, ежелден келе жатқан қағаздан әр түрлі пішіндер жасау өнері. Қағаздан көбелектер жасап, оған әдемі тілектер жазып бір бірімізге тарту етейік (Музыка қойылады сыйлыққа көбелек жасау)
11. Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
12. Бағалау. Бүгін белсене қатысып отырған барлық оқушыларға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жақсылық жан жадыратады жайлы ақпарат
9 сынып сабақ жоспары
Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт
Адамның баласыныңең жаманы - талапсыздық
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп..
Жыр - менің жалғыз тарланым
Топырақты қорғау
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр
Ыстық сусындар, шай дайындау технологиясы
Ақылдың кені- асыл сөз. Д. Матайқызының Айналайындарым менің кітабы бойынша
Пәндер