Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Қош бол, сүйікті Әліппем Қош бол, құтты Әліппем
Қош бол, құтты Әліппем!
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.Олардың кітап оқу шеберлігін,тақпақ айту өнерін көрсету
Оқушыларды туған жерді,Отанды сүюге, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Ұлттық салт-дәстүрге,әдет-ғұрыпқа деген сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі:Суреттер,оқулықтар,қанаттысөздер,ҚР Рәміздері.
Жүрісі:
І.Кіріспе
Мұғалімнің құттықтау сөзі
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз,ұзтаздар,ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Шашу,шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл жайдың
Бастамасын жасайық!!!
Ал,енді құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар кешімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Досов.Б мырзаға сөз кезегін береміз.
Мұғалім сөзі: Әліппені аяқтау барлық әріптерді тану,білім сарайының есігін ашу деген сөз. Әліппені жемісті аяқтауға көмегін аямаған ата-аналарға мың алғыс. Сондықтан әліппемен қоштасу салтанатты мереке. Енді "Қош бол,құтты әліппем" атты ертеңгілігімізді бастаймыз!!!
Аружан: Ұқсатпа мені басқаға.
Есейдім жеті жастамын,
Қош айтысып бақшаға
Мектепке жолды бастадым.
Бектұр:Жасымыз толды жетіге
Ересек біздер боламыз.
Екіні қосып екіге
Әріпте жаза аламыз
Маржан:Еркесі едім атамның
Еркесі едім анамның
Толдым биыл жетіге
Мен оқушы атандым.
Жанар:Ата-анаңнан кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі білікті
Ол ұстазың сүйікті.
Салима: Шәкірт қана алаңы
Өсиеті адалдық
Тентек сотқар баланы
Шығаратын адам ғып
Тәрбиелі саналы
Ол ұстазың сүйікті
Айнұр:Тастай берік сөзіне
Ғұмыры асып таспаған
Ұлылардың өзіне
Ең құрметті, басты адам
Тәрбиелі білікті
Ол ұстазың сүйікті
Нұрдәулет: Жүзген өнер өріңде
Өлең сөздің ұстасы
Абайдыңда өмірде
Аз болмаған ұстазы.
Арайлым: Таңдана бүгін қараймын
Құдіретті ғажапқа
Әр сөзі ұлы Абайдың
Әліппе күллі қазаққа
Ербол: Қош бол, құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тоқылдатып сөйлеттің
Меруерт:Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Хор: Біз балдырған баламыз
Мұғалім: Көзді ашып жұмғанша
Хош айтысар әліппең
Сыйлар білім өзіңе
Ана-тілің төрлетсін (есіктен Әліппе Ана тілін ертіп кіреді, қол шапалақтау рәсімі).
Әліппе : Ана тілі
Ана тілім кел төрлет Армысыздар ағайын Құтты болсын қуаныш
Дүбірлі думан басталсын Хош келіпсіз баршаңыз Құтты болсын мереке
Жүректерді ән тербеп Мен де есік қағайын Ал шәкіртім сөйлей ғой
Шәкірттерің қуансын. Алтын күздің сыйындай Әліппеден не ұқтың
Мұғалімнің сөзі:
Әліппенің тамаша әніне кезек берейік (ән: Әдемі-ай)
Ал, енді кезекті әріптерге береміз.
А-Мейірбек: Ә-Жансая
А-ға й-ды қоссаңыз Әтеш тұрып қашанда
Көкте тұрған ай болар Оятар таң атты деп
Т-ны алдына тоссаңыз Әкем жұмыс қамында
Бәсірелі тай болар. Әжем шайын әзірлеп..........
Б-Жансель
Басталады саусағым бас бармақтан,бірінші
Балан үйрек болады, санағанда, екінші
Ортан терек биігі тұрып қапты, үшінші
Шылдыр шүмек келеді "кезегім" деп, төртінші
Кішкентай бөбек таласпай, болған екен, бесінші.
Г-Аружан
Гүл өсірген сен бағыңда,
Тұрсын көздің жауын ап.
Бүршік жарған шағында,
Үзе көрме жұлып ап........................
......................
......................
Мұғалім сөзі: Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
.............................
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа-дей келе кезекті
БИ: Көңілді күн(қыздардың орындауында)
Ал ендігі кезекті математикға да келді:
Муғалім сөзі: Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын беріп басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан.
Хор:(Оқушылар санамақ айтады)
Математикалық жұмбақтар:
1) Табақта 7 алма
Қолымда 3 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?(10)
2) Мұз айдында 6 бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай 2 бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың(8)
3) Жаңа ғана өрісте
8 бұзау жүр еді
Алды шаршап қалдыма,
Жатып қапты біреуі
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт айырып.(7)
Ал ендігі кезекті ата-аналрға сөз беру
"Ата-аналарымызға арнап мектеп" вальсі..
Мұғалім сөзі: Ал балалар әріптердің бәрін меңгеріп, есептерді шығара аласыңдар екен!!
Олай болса сөз атасы-мақал дегендей сендер мақал білесіңдер ме?
1) Жақсы сөз-жарым ырыс.
2) Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
3) Бірлік болмай,тірлік болмас.
4) Кітап білім бұлағы.
5) Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-арсыз бала.
6) Өнерлі өрге жүзеді.
7) Өнерді үйрен де жирен.
8) Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.
Көрініс: Дүрбелең
Мұғалім сөзі: Құрметті ана тілі оқушылардың білімдерін саралап өнерлерін көрдіңіз. Әліппеден алған білімімізді өзіңізбен жалғастырамыз.
Әліппе:
Осылайша жыл сайын
Ақыл қосып ақылға
Жігерімді жұмсаймын
Шәкірт атты батырға.
Ана тілі:
Ана тілі біздің туған анамыз
Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе
Анасынан безген ұл деп қараңыз.
Мұғалім сөзі: Ертеңгілігімізді аяқтай келе :
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор,мықты болсын-дегім келеді.
III.Қорытынды: Мектеп жасындағы балалардың барлығыда білім алуға міндетті. Сауатты болу - өмір талабы.Сондықтан сапалы білімді,саналы тәрбиелі оқушы болуымыз керек. <<Білім негізі-бастауышта>> деп бекер айтпаған сауатты, ынталы оқушы болыңыздар.
"Манашы орта мектебі"
Қош бол,құтты Әліппе!!!
/Мектепшілік ашық-тәрбиелік іс-шара\
Дайындаған: 1"Ә" сынып жетекшісі
Кенғанова Мейрамгүл
2015-2016оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz