Электр жабдықтар тізбегіне техникалық қызмет көрсету

Автокөлік құрылысы пәнінен сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электр жабдықтар тізбегіне техникалық қызмет

көрсету

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: автомобильдің жарық беру жұйесін, тәуліктің қараңғы

кездерінде автомобиль жүргізушінің қауіпсіз жұмыс істеуіне

және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауын үйрету, оны іс

жүзінде қолдануды меңгерту;

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Теория тұрғысынан алған білімдерін іс жүзінде қолдана

білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды кәсіби біліктілікке, эстетикалық

талғампаздыққа, өздігінен шешім қабылдай білуге, еңбекке

тәрбиелеу,

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, 2ңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі:

- Газ-53 автокөлігі

- Фарлар, лампалар

- Нұсқау картасы

- Кілт-құралдар жиынтығы

- Тазалағыш жабдықтар

  1. ¥йымдастыру кезеңі. а) Оқушылармен сэлемдесу. 2) Кезекші мэлімдемесі. б) Журнал бойынша түгелдеу

Жарық беру приборлары сәулені электр лампасынан алады, ол мыналардан тұрады:

- металдан жасалынған цоколдан,

- шыны баллоннан,

- қызатын вольфрам сымнан,

- контактілерден.

Лампалар бір немесе екі контактілі болады. Бір контактілі лампа баллонының ішіне қыздыру сымы орнатылған, оның бір жақ у. шы цоколға - «массаға» дәнекерленген, ал сымның екінші ұшы цоколдың доғал жағындағы изоляцияланған контактіге шығарылған.

Екі контактілі лампаның баллоны ішінде екі сым орналастырылған. Екі сымның ұшы езара және цокол-мен жалғастырылған, басқа екі ұшы цоколдың доғал жағындағы екі изоляцияланған контактыға шығарылған. Шыны баллондардың іші инертті газбен толтырылған.

Жарық беретін приборларда лампалар патрондарда фланецтердің көмегімен бекітіледі. Лампаның беретін жарығы түрліше болады.

Фарлар автомобиль жолының алдын жарықтандыру ушін пайдаланылады. Олар алдыңғы бөлігі қанатындағы үяға орналастырылады.

Фардың негізгі бөліктері мыналар:

- корпус,

- рефлектор,

- сәуле шашыратқыш әйнек,

- патрон,

- лампа,

- құрсау және аралық тесем.

Фардың корпусы оптика жұйесі тәрізді больіп келеді, осы корпус ішіне рефлектор мен сәуле шашыратқыш әйнек және лампа орнатылған. Рефлектор болаттан жасалынған ойыс айна, оның ішкі жақ беті алюминий қабатымен көмкерілген, осы себепті сәуле жақсы шағылысады. Рефлектордың ішкі жақ қабырғасында екі сымды лампасы бар патрон орналастырылған, бул лам-палар сәулені алыс немесе жақын тусіру үшін пайдаланылады. Сәуле шашыратқыш әйнектің қабырғалары жарық сәулесі тасқынын шағылыстырып, оны автомобиль алдындағы жол бойына бірқалыпты бөліп отырады. Рефлектор мен сәуле шашыратқаш әйнек қаусырманың кемегімен біртұтас жинақталған. Рефлектор мен әйнек аралығына төсем салынған, ол осы аралыққа шаң-тозаң және ылғал тусуден сақтандырады.

Фардағы жарық сәулесінің бағыты екі винттің кемегімен реттеліп отырады, оларды бұрау арқылы оптикалық жұйенің қалпы өзгертіліп отырады.

Жарыц түсіретін приборларға техникалық қызмет керсеткенде атқарылатын негізгі жұмыс түрлері:

Күнделікті қызмет көрсету /ЕО/:

1. Фарды, подфарникті, бұрылыс көрсеткіштерін, стоп-сигналды және артқы фонарьларды шаң-тозаңнан тазарту.

2. Жарық түсіретін приборларды және бұрылыс көрсеткіштерін іске қосып, олардың жұмыс істеуін байқау.

Бірінші техникалык қызмет көрсету /ТО-1/:

1. Фарлардың орнатылуын және бекітілуін байқау.

2. Приборлар қалқаны лампасының, подфарниктердің, бұрылыс керсеткіштерінің, артқы фонарьдың, стоп-сигналдың жағдайын тексеру.

Екінші техникалық қызмет көрсету /ТО-2/:

1. Фардың орнатылуын, бекітілуін және жұмысын тек-серу, қажет болса сәуленің бағытын ретіне келтіру.

2. Жарық түсіретін приборлардың подфарниктердің, артқы фонарьдың, бұрылыс көрсеткіштерінің, стоп-сигналдың, приборлар қалқаны лампасының жұмысын тексеру.

Фар жарығын реттеуге арналған экранды

белгілеу схемасы

Фарлардың орнатылуын байқау үшін ГАЗ-53А және ГАЗ-24 «Волга» автомобильдері тегіс алаңға шығарылып қабырғаға 7500 мм қашықтықта, ал ЗИЛ-130 автомобилі 1000 мм қашықтықта қарсы қойылады. Қабырғаға белгілеуіш сызықтар: үш тік сызық /олардың екеуі фар осіне, біреуі ортасына/түсіріледі және ЗИЛ -130 автомобилі үшін горизонталь сызық/біреуі фар центрі биіктігі бойынша және басқасы одан 100 мм төмендікте/түсіріледі. ГАЗ-53А автомобилі үшін жерден 1000 мм биіктікте, ГАЗ-24 «Волга» автомобилі ушін 663 мм биіктікте сызықгар түсіріледі.

Фарлардың жұмысын байқау қажет болған жағдайда ең алдымен сымдардың дұрыс қосылуы тексеріледі. Егер алысқа түсетін сәулені қосқанда екі фардың да жарықдагы жоғарыда, ал жақынға түсетін сәулені қосқанда төменге түссе, онда сымдардың дұрыс қосылғаны.

Технологиялық нұсқау картасы


Ұқсас жұмыстар
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың түрі
Тұрақты электр тогы
Оталдырудың контактілі - транзисторлы жүйесінің сызбасы
Автомобиль элементтерінің техникалық жағдайын диагностикалау
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың мақсаты
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау
Қортынды нұсқау
Тоқ көзі
Электрондық басқару блогы
Физика пәнінен қауіпсіздік техника ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz