Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Мәтінді редакциялау және пішімдеу

Сыныбы:5. Информатика
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ms Word редакторында мәтінді редакциялау және пішімдеу тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру.Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау;мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Дамытушылық: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың үйренуі тиіс: мәтінді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды, суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, өлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі (оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару)
ІІ. Үй тапсырмасы
<<Ғажайып қоржын>> ойыны.
Қоржын ішінде өтілген тақырыптар жазылған 9 сұрақ жасырылады. Қатысушылар әр бір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады.
1.Ақпарат дегеніміз не?
2.Информатика дегеніміз не?
3.F1-F12 қандай батырмалар?
4.Компьютерлердің түрлері?
5.Мәтіндік редактор дегеніміз не?
6.Мәтіндік процессорына қандай программалар жатады? 7.Бас іріпті қалай енгіземіз? 8.Enter пернесін қай кезде басу керек? 9.Құжатты қалай сақтаймыз?
ІІІ.Жаңа сабақ
Мақсаты: Ms Word редакторында мәтінді редакциялау және пішімдеу тақырыбына түсінік беру және компьютерде жұмыс істеуді үйрету
Сонымен біз мәтінді тердік. Ал енді өз құжатымызды қалай әдеиі және тартымды етеміз. Оларды ретімен қарастырайық. Біріншіден , пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады: Коетекстік мәзір лентасын дағы бұйрықтар батырмаларын шерту . Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін орындалуы мұмкін.
Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады.

Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтугеде , кішірейтугеде болады. Ол үшін
Батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:
- Әріптерді жуандату
- Әріптерді қисатады; ( мұндай әріп курсив деп аталады)
- Мәтіннің астын сызады

Жолақтағы пішідеу бұйрықтары.
Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзеу анықталады. Автор құжаттың қандай принтерде , қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді, Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім-оң жақ шет бойынша түзеледі.
Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:
* Түзеу;
* Жол аралық интервал;
* Шегінулер.
Түзеу
Шегіністер

Сол сияқтың абзцтың бірінші жолында шегініс- << қызыл>> ( азат) жол болуы мүмкін. Шегіністерді Сызғыштағы жүргіштерді жылжытып та бекітуге болады.и Мәтіннің фрагменті дәл көрсетілген жерге оналастыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі.- Табуляция. Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады.
Мәтінді пішімдеу.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Мұндау мәтінді өзгерту процесі пішімдеу деп аталады.
IV. Жаңа сабақты түсінгенін сұрау ( Тәжірбиелік жұмыс)
1.Мәтінді тер 2.Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен теріңдер.
V.Жаңа материялды түсінгенін тексеру кезеңі
Тосын сұрақтар.
1) Мынау құрал-саймандар панелінің аты қандай?
2) Мына терезенің аты
3) Мына батырмалардың аты қандай?
4) Мына батырманың аты?
5) Мына батырмалардың аты қандай?
6) Мына батырмалардың аты қандай
7) Ctrl+I пернелер комбинациясын қосып бассақ, мәтінмен не болады?
8)Ctrl+I пернелер комбинациясын қосып бассақ, мәтінмен не болады?
9) Форматтауға арналған пернелер комбинациясында ең көп қолданылатын перненің аты?
VI. Жаңа материялды бекіту, бағалау
1. батырмасының қызметі
А) Абзацтың шегіністерін баптпйды
В) Ол табуляция
С) Маркерленген тізім құрайды
D) Абзацтағы түзеуді анықтайды
2. батырмасы мәтінді ..... етеді
А) Курсив
В)Асты сызылған
С) Жуан
Д) Жуан курсив
3. батырмасы мәтінді .... етеді
А) Сол жақ шеті бойынша
В) Оң жақ шеті бойынша
С) Ені бойынша
Д) Орта бойынша

4. Сызғыштың көлемімен не істеуге болады
А) Шегіністіреді орнатуға
В)Түзетуді баптауға
С)Жол аралық интервалды анықтауға
Д)Маркерленген тізімді баптауға
5). мына батырма қандай қызмет атқарады?
А) Нөмерлеу
В) Маркер қою
С)Шрифтің түсі
Д)Түспен бояу
(Сабаққа жақсы қатысып, тапсырмаларды тез орындаған оқушыларды бағалау)
VII. Үйге тапсырма
§22. 170-172 бет оқу

Ұқсас жұмыстар
Мәтінді редакциялау және пішімдеу. 5 сынып. Информатика
Оқушыларға мәтіндік құжатты редакциялау дағдыларын қалыптастыру
Wordpad мәтіндік редакторымен жұмыс жайлы ақпарат
Практикалық жұмыс.Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Кестелерді жиектеу
WORDPAD қолданбасының арналуы
Мәтінді пішімдеу
Microsoft Word-та құжатты құру және форматтау
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Мәтін абзацты пішімдеу
Пәндер