2-сынып: Сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Ш. Қ. О Глубокое ауданы
Алтайский кенті
«Жаңа Ертіс орта мектебі»
Мынгынова Жадыра Зангыновна
Сынып:2
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз табын оқыту барысында логикалық ойлау мәдениетін дамыту, сан есім туралы түсінік беру, мәтіннен сан есімді таба білуге үйрету. 2. Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, каллиграфиясын жетілдіру, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін дамыту. 3. Еңбекқорлыққа, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Типі: Аралас
Түрі: Дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері: ауызша, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, тірек-сызба, жекелей, тақтамен жұмыс, ойын.
Принциптері: көрнекілік, бірізділік, ғылымилық.
Пән аралық байланыс: математика, бейнелеу, музыка, ана тілі.
Алатын орны :1 сабақ
Ұйымдастыру :Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Кезекші есебі.
Үй тапсырмасын тексеру:- Үйге қандай тапсырма берілді? Қайталап келдік пе?
Өткенді қайталау: -Мынау не?Киіз үй.
-Киіз үйдің жабдықтарын ата.
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сан есім
Ережені сұрай отырып, жабдықтарын көрсету.
Жаңа сабаққа әзірлік: Жаңа тақырыпты «Ойлан, тап» кестесі арқылы шығару.
200+40=240 (с) 50+30=80 (е)
90-80=10 (а) 230+10=240 (с)
100+80=180 (н) 400-20=380 (і)
100+70=170 (м)
-Ал балалар кілт ашылды. Қандай сөз шықты?
-Сан есім
401-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Сан есімді тап, ереже құрап көрейік.
Жаңа сабақ: санын
ретін
САН ЕСІМ
қанша?неше?нешінші? бес, жүз, мың, он бес
Дәптермен жұмыс: «Таза жазу минуты» Сс әрпін жазу.
«Суретті диктант» Мен суретті көрсетемін, сол бойынша диктант жазамыз.
(екі алма, бір жылқы, бес алма, төрт машина т. б)
-Жұмбақ шешуді ұнатамыз ба?
Жұмбақ
Тоғыз белдеу, қос жібек
Екі мұрын, бір шүмек. (домбыра)
Домбырамен таныстыру, дәптерге жаздыру.
Сергіту сәті: «Кім көп біледі?» ойыны. Сан есімге байланысты мақал-мәтел айттыру
Бекіту:- Балалар ойын ойнағанды жақсы көреміз бе?
- «Орамал тастамақ» орамалды бір-бірімізге лақтыру арқылы сан есімге байланысты сөйлем құрау. Сан есімді атау.
- «Алтын қақпа»ойыны
Тас қақпа-1 аптада неше күн бар?
Күміс қақпа - 1 тәулікте неше сағат бар?
Алтын қақпа - 1 сағатта неше минут бар?
Алтын сандық- 1 жылда неше ай бар?
- «Жалғастыр»
Сан есім Сын есім Зат есім
Он бес, алты . . . сары, үлкен . . . гүл, кітап . . .
- «Жұмбақ сөз»
Қорытынды:- Сонымен балалар, сан есім дегеніміз не?
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Не білдің?
Үй тапсырмасын беру: ереже жаттау, сөйлем құрау. Бағалау.