Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру

СМЖ Н. 05-06
Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК
Оқытушыларға арналған тәжірибелік сабақтың
әдістемелік талдауы
Пән: «Терапиядағы мейірбике ісі»
Тақырып: «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру»
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»
Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»
Курс: IIІ
Семестр:V
Топ: 135 МІ - ІІ топ
Құрастырған оқытушы: Р. Т. Елеуова
Астана қаласы - 2015
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Осы әдістемелік талдау жұмыс бағдарламасына сәйкес «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге құрастырылған.
Әдістемелік талдау оқытушыларға «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша сабақ дайындауға және өткізуіне арналған.
Жұмыс бағдарламасы бойынша осы тақырыпқа 6 тәжірибелік сағат берілген.
Осы әдістемелік нұсқаудың материалдары білім алушыларда келесі кәсіптік құзыреттіліктерді дамытуға және клиникалық ойлау негізін қалыптастыруға арналған:
Базалық құзыреттіліктер:
БҚ - 1. 1. Өзін - өзі дамыту: Кәсіби өрістеудің ұзақ уақытқа жоспарланған дағдыларын игеру.
БҚ - 1. 3. - Компьютерлік технологиялар: ақпараттық компьютерлік технологияларды жұмыста және өз-өзін жетілдіруде қолдану .
БҚ 3. 3. Дәлелді медбикелік тәжірибе: күнделікті қызметінде дәлелді медбикелік тәжірибені қолдану
БҚ 2. Коммуникациялар және топта жұмыс істеу
БҚ 2. 1. Коммуникативті дағдылар: әр түрлі адамдармен ахуалға байланысты нәтижелі коммуникацияны көрсету
Кәсіптік құзыреттіліктер:
КҚ 1. Денсаулықты нығайту
КҚ 2. 1. Стандарттар: қауіпсіздікті сақтау және сапалы медициналық қызмет көрсету стандартына сәйкес емшараларды орындау
КҚ 3. Клиникалық құзыреттілік
КҚ 3. 1. Медбикелік күтім: пациенттің жанұясы мен қоршаған айналасының қатысуымен науқас-орталықтандыру қатынасын пайдалана отырып, медбикелік күтімді іске асыру:
- медбикелік сұхбатты және физикалық тексерулерді пайдалана отырып науқастан ақпарат жинау
- тексерулердің нәтижелеріне сүйене отырып, науқастың мәселелерін тұжырымдау
- медбикелік күтім жоспарын құрастыру
- медбикелік күтім жоспарын іске асыру және құжаттандыру
- науқасты күту нәтижелілігін бағалау
Әдістемелік талдауда сабақтың мақсаттары, білім алушылардың алатын білімдері және машықтары; сабақтың өту орны және уақыты, түрі, жабдықтануы, басқа пәндермен және пән ішіндегі байланысы, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, интернет-ресурстар, құрылымдық-логикалық кестесі, сабақтың хронокартасы және қосымшалар бар.
Пән : Терапиядағы мейірбике ісі.
Сабақтың тақырыбы : «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру».
Мамандығы : 0302000 «Медбикелік іс»
Курс ІІІ
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, теориялық материалды жүйелеу, білімдер мен дағдыларды машықтау тәжірибелік сабағы.
Сабақ уақыты: 270 минут.
Сабақтың өтетін орны: клиникаға дейінгі кабинет
Оқыту әдістері: түсіндірме-көрнекі, ізденіс, проблемалық, стандартталған пациент, симуляция арқылы үйрету, ішінара зерттеу .
Сабақтың мақсаттары:
Оқыту :
- теориялық сабақтарда алған білімдерін негіздеп жүйелеу, жұмыс бағдарламасына сәйкес сабақ тақырыбы бойынша кәсіби білімдерін қалыптастыру;
- субъективті, объективті, қосымша тексеру әдістерінің нәтижелерін талдауға, қорытынды жасауға қалыптастыру;
- дағдыларын машықтауға жағдай жасау.
Дамытушылық:
- білім алушылар танымдық жұмыстарын белсендендіріп, тыңдай және есінде сақтай алуға ұмтылу, кәсіби, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, яғни өз жауаптарын талдап, нақтылап, жоспарлап айту, шешім қабылдауға қалыптастыру;
- өз күшіне сенімді болып, жеке тұлға ретінде дамыту.
Тәрбиелік:
- білім алушылардың пәнге деген ынтасын арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру;
- білім алушыларға кәсіби мінез құлықтарды: адалдық, шыншыл, ісіндегі ұқыптылық, дәрігер тағайындауын орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу;
- науқастарға мейірімді, зейінді, елгезек болуға қалыптастыру;
-медицина қызметкерлерінің бір-бірімен қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру;
- техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды қалыптастыру.
Тақырыпты зерттегеннен кейін білім алушы
білу керек :
- бронхиттердің анықтамасын, этиологиясын, клиникалық көрінісін, ағымын, диагностикасын таңдауды, асқынуын, емдеу принциптерін жоспарлауды;
- бронх демікпесінің анықтамасын, этиологиясын, клиникалық көрінісін, ағымын, диагностикасын таңдауды, асқынуын, емдеу принциптерін жоспарлауды;
игеруі керек:
- тыныс алу жүйесінің аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруды жоспарлауды (қызба, тұншығу ұстамасы) ;
- тыныс алу жүйесінің ауруларында алғашқы медициналық-санитарлық көмек; стационарлық көмек; стационарды алмастыратын көмек жоспарын ұйымдастыруды;
- төтенше жағдайларда медициналық көмек; қалпына келтіру емі және медициналық оңалдыру жоспарын ұйымдастыруды;
- науқас күтімі және кезек күттірмейтін жағдайлардың алдын алуын.
Пәнаралық байланыс:
Анатомия: Тақырып «Тыныс алу жұйесінің құрылысы».
Физиология: Тақырып «Тыныс алу жүйесінің қызметі».
Патологиялық анатомия: Тақырып «Тыныс алу жүйесінің аурулары».
Патологиялық физиология: Тақырып «Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы».
Фармакология: Тақырыптар: «Жалпы рецептура. Дәрілік түрлер», «Бронхиттер, бронх демікпесінде қолданылатын дәрілер».
Мейірбике ісі негіздері: Тақырып «Тыныс алу жүйесінің ауруларындағы медбикелік күтім».
Латын тілі: Тақырып «Клиникалық терминдердің құрылымы».
Пәнішілік байланыс:
Тақырып «Субъективті және объективті тексеру әдістері».
Тақырып «Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері».
Тақырып «Тыныс алу жүйесі ауруларында мейірбике ісін ұйымдастыру».
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар:
Презентациялар:
- Дәрілік заттарды ингаляция жасау үщін құрылғылар.
- Пикфлоуметрді қолдану.
- Қалталы ингалятормен қолдану.
- Небулайзерді қолдану.
Дидактикалық материалдар.
Техникалық құрал-жабдықтар:
- Интерактивті тақта.
- Компьютер.
Медициналық жабдықтар:
1 . Небулайзер.
2. Пикфлоуметр.
3. Қалталы ингалятор.
4. Медициналық (стерильді) қолғаптар, маска.
5. Муляждар.
6. Дәрі - дәрмектер .
Құрылымдық-логикалық кесте және сабақтың хронокартасы.
Оқытушының
іс-әрекеті
Сабақтың тақырыбын атап, мақсаттарымен таныстыру.
Тақырыптың өзектілігін ашу.
Сабақ өту жоспарымен таныстыру.
Логикалық ойлауға қалыптастыру, теориялық білімдерін тексеру.
Өткен тақырыптарды қайталау.
Жаңа білімдерді
алғашқы меңгеру
Кіріспе нұскау өткізу:
- муляжда өкпе аускультациясында бронх демікпесіндегі дыбыстарды тыңдау
- ингаляциялар өткізуге арналған құралдардың түрлері
(презентация 1)
- қалталық ингаляторды қолдану (презентация 2),
- пикфлоуметрия
(презентация 3), тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының күнделігін жүргізу және пикфлоуметрия графигін құрастыру
(қосымша 3)
- небулайзерді қолдану
(презентация 4)
Жаңа тақырыпты түсіндіру, презентацияларды түсініктемелер беріп көрсету,
манипуляцияларды көрсету және түсіндіру
Бронх демікпесінің аускультациялық белгілерін, бронх демікпесінде қолданылатын дәрі-дәрмектерді түсіндіру;
- пикфлоуметриямен тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының күнделігін толтырудығ графигін құруды,
қалталы ингаляторды, небулайзерді қолдануды үйрету.
1. Іскерлік имитациялық ойын «Бронх демікпесімен ауыратын науқастарға арналған денсаулық мектебі». Студенттер учаскелік медбике және пациенттер болып топшаларға бөлінеді (жеребе салу арқылы) .
Сабақ тақырыбы:
- қалталы ингаляторды қолдану (қосымша 4)
- пикфлоуметрия өткізу (қосымша 5)
- небулайзер қолдану (қосымша 6)
2: Симуляциялық оқыту, стандартталған пациент тәсілінің элементтері:
«Бронх демікпесі өршу кезінде шұғыл көмек көрсету» - (қосымша 7)
(амбулаториялық қабылдау)
3. «Тыныс жүйесінің ауруларында медбикелік үрдісті ұйымдастыру» -құзыреттілік бағытталған тапсырмалар
(қосымша 8)
Білім алушылардың жұмысын бақылау, нысаналау.
Бақылау парақтары арқылы өткізілген манипуляциялардың дұрыстығын бағалау.
Жауап эталондарын қолданып студенттердің жазбаша жұмыстарын өзіндік бақылау.
Манипуляциялар өткізу алгоритмдерін қолданып студенттер жұптасып тәжірибелік манипуляцияларды бір-біріне өткізіп дағдыланады.
Оқытушыға бағалау үшін манипуляцияларды тапсырады.
Үй тапсырмасын атау:
Тақырып: «Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру» (Жедел пневмониялар, өкпенің іріңді аурулары, пневмосклероз) .
Дайындалатын негізгі әдебиет: Ішкі аурулар. 1том. Б. С. Қалимурзина. - Алматы, 2007ж. 21-79б;
дәріс конспектілері.
Сұхбат:
Сабақта не білдіңдер, не үйрендіңдер?
Қалай ойлайсыңдар, жаңа тақырыпты қандай деңгейде меңгердіңдер?
Жақсы меңгеру үшін не істеуге болады? Сабақтың қай кезеңі ұнады? Қандай қиындықтар болды? Өздерініздің сабақтағы жұмысыңызды бағалаңыз.
Бағалау парағында балдарды санау
(қосымша 9)
Қосымша 1
САБАҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫН ҚОЮ.
Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың нашарлануына, шылым шегу кең тарауына, адам ағзасының реактивтілігінің өзгеруіне байланысты тыныс алу жолдарының аурулары жиі кездеседі. Бұл ауруларға бронхиттер, бронх демікпесі жатады.
Бронхиттер бронхтардың кілегей қабатының эндо және экзогенді факторларының әсерінен қабынуы.
Бронх демікпесі негізінде патогенетикалық механизмдері қабынулармен шартталған, ал клиникалық көрінісі бронх тарылу салдарынан экспираторлық ентігу мен, бронх кілегейінің гиперсекрециясы және ісінуімен сипатталатың тыныс жолдарының созылмалы ауруы.
Бронх демікпесі әлемдік көлемдегі проблема. Бүкіл әлемде 300млн адамдай бронх демікпесімен ауырады. Бұл ауру кез келген жаста кездеседі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бүгінгі таңда әлемде ересек адамдардың 5%, ал балалардың 30% жуығы осы дерттен зардап шегеді.
Тыныс алу жүйесінің ауруларының емінде, күтімінде, диспансерлік бақылауында медбикелердің ролі аса маңызды.
Бүгінгі сабақ тақырыбының мақсаты: бронхиттер, бронх демікпесі диагностикасы, емі, алдын алуында мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Қосымша 2.
ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ.
«Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша сұрақтар тізімі.
1. Тыныс алу жүйесінің аурулары және асқынулары.
2. Жедел бронхит, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу принциптері, асқынулары.
3. Созылмалы бронхит, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу принциптері, асқынулары, алдын алуы.
4. Бронх демікпесі, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу принциптері, асқынулары, алдын алуы.
5. Бронх демікпесі, өршу кезеңдері, шұғыл көмек.
Тірек дәрісі.
Тақырыбы: Бронхиттер, бронх демікпесі кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Жедел бронхит - бронхтардың кілегейлі қабатының жіті қабынуы, басым жағдайда инфекциялық, вирусты, аллергиялы, физикалық-химиялық, факторлардан, 1 айға дейін созылатын ауру.
Этиологиясы : 90% вирус немесе микоплазма және физикалық - химиялық заттар (салқын немесе ыссы ауа, шандар, сілтілер және қышқылдар буы, хлор, бром, аммиак булары, азот тотығы, күкірттің қос тотығы), аллергиялық фактор (органикалық шаң, өсімдік тозаңы және т. б. ) .
Қауіп - қатерлі факторлар : Мұздау, темекі тарту, вирустық және аллергиялық аурулар, иммунтапшылық жағдайлар, күз-қысқы мезгіл, гайморит, синусит, тонзиллит.
Патогенезі: Жоғарыда аталған себептердің кеңірдек, бронх, кейде тіпті бронхиолалардың кілегейі зақымдалады, осы жерде зат алмасу бұзылады, эпителий жасушалары түлеп жойылады, бронх ішінде кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді қақырық пайда болады. Науқас жазылғаннан кейін эпителий қалпына келеді.
Клиникалық белгілері:
Жөтел, бастапқысында құрғақ, қажытатын; кейін кілегейлі қақырықты, ентікпе.
Интоксикация синдромы: шаршау, қалтырау, субфебрилитет, арқадағы жəне бұлшықеттердегі ауырсынулар.
Аускультацияда - өкпелерде қатан тыныс.
Диагностикасы:
ЖҚА : нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ сәл жоғарлауы.
Емі: Асқынбаған жіті бронхитті негізінен үйде (амбулаториялық) емдейді: төсек тәртібі және симптоматикалық ем. Медициналық қызметкер бөлмені желдетіп, темекі тартпауын қамтамасыз етеді.
- № 15 диета. Ас оңай сіңетін, С және А дәрумендеріне бай, калориялы болуы тиісті.
- көп мөлшерде жəне жылы сұйықтық (бал, лимон, таңқурай тосабы қосылған шай, жылытылған минералды сулар
- мукорегуляторлар (таңқурай, түймедақ, шалфей, жебір (чабрец), итмұрын, жидек, қарақат қосып шай ішкізу)
- қызба кезінде қызу түсіретін препараттар
- бронхоспазмолиттіктер
- антибактериалды терапия (аминопенициллиндер, макролидтер) ірінді қақырық бөліне бастаса және интоксикация белгілері күшейген жағдайда тағайындалады
- вирусты этиологиялы жіті бронхитте вирусқа қарсы препараттар тағайындалады (ремантадин немесе интерферон)
- алдандырушы терапия (жылыту емшаралары, қыша, булық ингаляциялар)
- витаминотерапия: А, В, С.
Алдын алу:
- Ағзаны шынықтыру
- Жіті респираторлық аурулардың қайта қозуының алдын алу
- Жоғарғы тыныс алу мүшелерін дер кезінде емдеу
- Зиянды әдеттерден бас тарту
Созылмалы бронхит - ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан үш ай қақырықты жөтелмен білінетін бронхтардың қабыну процесі.
Этиологиясы:
Экзогендік факторлар:
- активті немесе пассивті темекі тарту - 80%
- ауаның поллютантармен ластануы
- кәсіптік зиянды заттар
- ауа райының жағымсыздығы
- инфекциялық заттар
Эндогендік факторлар:
- жедел респираторлық аурулармен жиі ауру
- мұрын - көмейдің аурулары (ауаның вентиляциясын бұзатың)
- зат - алмасу бұзылыстары
- бронх тармақтарының жергілікті және туа бітен кемістіктері
Клиникалық белгілері: жөтел, қақырық тастау, ентікпе.
Жөтел: бастапқы кезде - тәңертенгі, салқын мезгілде; кейін ұстамалыға айналады.
Қақырық тастау: тәңертенгі мезгілде, кілегейлі, кілегейлі-ірінді, ірінді, аз мөлшерде, қиын бөлінеді.
Ентігу ұсақ бронхтардың обструкциясы дамығанда пайда болады.
Интоксикация синдромы.
Қарағанда: Аурудың әбден дамыған кезінде акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, тырнақтардың «сағат шынысындай» өзгеруі.
Перкуссияда: эмфиземада - қорап дыбысы.
Аускультацияда: өкпелерде қатан тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар.
Диагностикасы:
ЖҚА, ҚБА, жалпы қақырық анализы, қақырықты антибиотиктерге сезімталдыққа және БК тексеру, өкпенің рентгенографиясы, спирография, бронхография, бронхоскопия.
Емі: Төсек режимі. № 15диета
Антибактериалды терапия 7 - 10 күн
Симптоматикалық ем.
Тыныс алу гимнастикасы, кеуде торына массаж, физиотерапия.
Ремиссия кезінде санаториялық-курорттық ем.
Бронх демікпесінің өршу кезеңдері
Қысқа сөйлемдер
мен жауап береді
ТАЖ
(1 минутта)
ЖСЖ
(1 минутта)
(бірнеше белгілердің болуы бронх демікпесінің өршу кезеңің сиппаттайды)
Қосымша 3.
Кесте 1. Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы (ПСВ) (л/мин) қалыпты жағдайда
Бойы
(см)
Бойы
(см)
Стандартты ауытқу 60л/мин
Пикфлоуметрияның нәтижелеріне баға беру.
Пикфлоуметрдің көрсеткіштері әрбір науқастың жынысына, жасына және бойының өлшеміне қарай есептелінеді. Бұл құрылғыны қолданғаннан бастап 3 - 4 апта аралығында үш түсті зонамен көрсетілген диаграмма құрылады. Ол үшін науқастың жағдайы тұрақты болуы қажет, бронхообструкцияның белгілері болмауы керек.
Ең көп нәтижеге жеткенде (қалыптағығы жақындаған кезде) оны 0, 8 - коэффициентіне көбейтеміз-мысалы, егер ең көп көрсеткіші пикфлоуметрияның 400л/мин болса, 400-ді 0. 8-ге көбейтеміз. Нәтижесінде 320л/мин болады. Өлшеу нәтижесі осы көрсеткіштен жоғары болса ол «жасыл аймаққа» жатады - тыныс алу жолдары қалыптыға сай болуда.
«Сары аймақ» бұл зерттеу көрсеткіші 0, 5 коэффициентіне көбейтілген. Ол дегеніміз 200 болады (ол сары аймақтың ең кіші көрсеткіші) . Бұл кезде сары аймағының көрсеткішінің мағынасы 200 л/мин-320л/мин дейін болады. Егерде пикфлоуметрияның көрсеткіші осы аймақта тұратын болса, дәрігердің араласуымен коррекция жүргізілуі қажет.
Сары аймақтан төмен көрсеткіш «қызыл аймақ». Егер көрсеткіш қызыл аймақта болса, онда науқаста тыныс жеткіліксіздігі дамыған, тез арада дәрігердің көмегі қажет.
Есте сақтаңыз! ТШШЖ тұрақты түрде бақылау бронх демікпесінің ағымын бақылауға және ем-шараның коррекциясын уақытымен жасауға мүмкіндік береді.
Пикфлоуметрия графигін құрастыру.
Аты - жөні: Бисенов Сабит, 25 жаста, бойы 160см
Дәрілік терапия: беродуал ингаляциялары күніне 1 рет.
Пикфлоуметрия графигі
Пикфлоуметрияның күнделігі (науқастарға нұсқау) .
1. Пикфлоуметрия көрсеткіштерін тіркеуге арналған кесте.
Ай,
дата
Ескерту: * - таңғы өлшеу көрсеткіші, ) -кешкі өлшеу көрсеткіші
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
«Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың мектебі»
Қазіргі мезгілде Қазақстан республикасында облыстық, аудандық, қалалық клиникалық ауруханалар және емханалар жанында «Денсаулық мектептері» кең тараған.
Бұл мектептердің мақсаты - аурудың алдын алуында, емінде, реабилитацияда науқас пен медицина қызметкері арасында серіктестік байланысың қалыптастыру, дәрігердің нұсқауларын, тағайындаған емін толық орындау.
Бұндай мектептердің сабақтарына қатысқан науқастарда денсаулығына деген көз қарасы өзгеріп, жауапкершілігі жоғарылайды. Науқастардың белсенділігі жоғарылап, сауығуға ынтасы күшееді.
Бүгінгі тәжірибелік сабақта біз бронх демікпесімен ауыратын науқастардың мектебінде пикфлоуметрмен және ингаляциялық құралдармен қолдану атты сабағын ұйымдастырамыз.
Сабақтың тақырыбы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz