Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Мәңгілік ел-мұратым Б Ә Й Т Е Р Е К зияткерлік сайысы

Атырау қаласы химия-биологиялық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мәңгілік ел-мұратым
"Б Ә Й Т Е Р Е К"
зияткерлік сайысы

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Текеева Ж.Т.

Атырау қаласы 2015

Жүргізуші: Армысыңдар, қымбатты достар және көрермендер!
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Зияткерлік сайысымыздың тақырыбы: "Мәңгілік ел-мұратым"
Жүргізуші: Бүгін өз мықтылығын танытатын білім сайысы "Бәйтерек" зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Алғашқы ойнымыз 10- сыныптардың арасында өткелі тұр.Бұл апталық сайысқа мектебіміздегі 10 <<А>>, <<В>>, <<С>> оқушылары өз білімдерін ортаға салмақ ойы бар.Озып шыққандар өзге жүйріктермен тағы да білім жарыстырмақ. Олай болса, жарыс жолына шығайық.
Адамға ақыл, ой керек
Білім мен көңіл жайна бет
Зияткерлікті танытар
Алдарыңда бүгін <<Бәйтерек>>
(Әр сыныптан 3 оқушы топ құрайды.Өздері командаға алдын-ала ат қойып алады. Мысалы: "Жігер", "Дарын", "Болашақ", <<Қазақ>>, "Бірлік". "Алаш", Қайрат" "Білім" т.б.)
Ойында өздерінің бағын сынауға келген ойыншыларымызды ортаға шақырайық.
Алғашқы шыққан "Қазақ" тобы (құрамын таныстырады) Исатайқызы Дана, Батырханова Алина,Ізімғали Нұрмұханбет-10 <<С>> сыныбы;
1-топтың қарсыласы <<Алаш>> тобы- Төлеген Мирас, Габитова Гюзель, Рахметова Ағайша- 10 <<А>> сыныбы;
2 топтың үшінші қарсыласы "Болашақ" тобы- Серікбай Жансұлу,Ибраева Данагүл, Жанбаева Нүргүл- 10 <<В>> сыныбы; Оқушыларды құрметпен қарсы алайық.
Жүргізуші: Сонымен қатар бүгінгі біздің ойынымыздың көңілді өтуіне ықпал жасайтын мектептің өнерпаз жастары (3-4 оқушы домбырадан күй, қобыздан әуен тыңдату)
Сөз кезегін команда мүшелеріне бергім келіп тұр. Өйткені олар өз топтарының аттарын қысқаша түсіндіріп, ойынға деген жігерліліктерін танытатын сөздерін айтсын.
1- айналым "Шежіре"
Берілер ұпай сөзіне
Сенімді төрт жан өзіне
Ортада қалсаң бастаймыз
Бірінші кезең "ШЕЖІРЕ"

Жүргізуші: Оған топтан 1 оқушы қатысады.Қалған ойыншылар күту залына жайғасып отыруын сұраймыз.
Жүргізуші: Қымбатты достар! Мен бірден ережені түсіндірейін.Бұл айналымда әр командаға 5 сұрақтан қойылады.Ойланатын уақыт 5 секунд.10ұпайдан беріледі.Дайын болсақ ойынымызды бастайық.
Алғашқы 5 сұрақты <<Қазақ>> тобына жолдаймыз.
1.Қамшы,шоқпар,сияқты қарулардың сабына тағылатын ілмек
2.Айшабибі кесенесі қай облыста орналасқан?
3.Тұңғыш Президентіміздің <<Қазақстан жолы>> кітабы неше жылды қамтиды
4.Ұлт жоспары қалай аталады?
5.Ауылға басқа жақтан көшіп келген үйді қонаққа шақыру
Жүргізуші:
Ендігі 5 сұрақты <<Алаш>> тобына қоямыз.Дайын болса бастайық.
1.Жалманы енді,жарты ай түріндегі ұзын сапты балта .
2.Теке деп аталатын қай қала?
3. Ұшқан ұя кітабының авторы кім?
4.. <<МӘҢГІЛІК ЕЛ>> патриоттық актісі жобасын әзірлеу.
5.Ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
Жүргізуші: Топ дайын болсақ.<<Болашақ>> тобына сұрағымызды қоямыз.
1.Жыл басын 22 наурызға сәйкес келетінін дәлелдеген ғалым.
2.Елбасы дүниеге келген аулы қалай аталады?
3.ХII-XVI ғасыр-ы <<Иасы>> орта ғасыр қаласы қай қала?
4.Н.Ә. Назарбаевтың <<Сындарлы он жыл>> кітабы неше бөлімнен тұрады?
5.Қазақ салтында бір-бірімен сағынысып кездескен адамдар амандасуын.
<<Шежіре>> айналымын қорытындыласақ, <<Қазақ>> - ...ұпай,<<Алаш>> - ...ұпай,<<Болашақ>> - .... ұпай.
Әр топтан түсер шыңдала,
Ойыншы қалса, бір қалана
Кім мықты екенін көрсетсін
Екінші кезең НҰРДАЛА
Жүргізуші: Келесі айналым <<Нұрдала>>. Ойын шартын түсіндіріледі.
Сұрақтар бейнебаян арқылы қойылады.
Жүргізуші: Ендігі айналымға команда мүшелері толықтай қатысады.
Үшінші кезең << САМҰРЫҚ>>
Жүргізуші: Құрметті ойыншылар! Бәріңіз бірге ойнайтын айналымға жеттіңіздер.Сіздерге 6 категориядан тұратын ойын ұсынбақпыз.Ол экранға шығады.

Ойын соңында ұпай саны арқылы жеңіске жеткен топтар марапатталады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Текеева Жанша Тажибаевна

Ұқсас жұмыстар
Тапқыр болсаң, тауып көр жайлы ақпарат
Сайысымыздың соңғы кезеңі Географиялық таң ғажайыптар
Көңілді тапқырлар сайысы туралы ақпарат
Планеталардың жүретін жолы
Жас информатик (сыныптан тыс шара) 8" а" сыныбы
Экономикалық зияткерлік ойыны
Кім тапқыр есеп
Отан сүйер ұланбыз
Жасанды өзен
Таңбалары әртүрлі екі санды қосу 6-сынып
Пәндер