Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Тақырып Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Бекзат Торебековна Сабекова,
Астана қаласы № 56 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Мақсаттары:Оқушылардың алған білімдерін,өнерлерін еркін көрсетуге жағдай жасау. Жауапкершілікке тәрбиелеу,тату,ұйымшыл ұжым қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі:Нақыл сөздер.Слайд.Суреттер.
Безендіру:Шарлар,гүлдер,жалаушалар.
Барысы
Автор:Баяғыда Ғарыш әлемінде аспан деген патшалық болған екен.Ол патшалықтың ерекшелігі сондай ,онда өмір сүріп жатқан тіршілік иелерінің бәрінде күнде-күнде тамаша ойын сауық болады екен.Балалары бақытты, аналары ардақты,әкелері ұлағатты ел деседі.
Жұлдызша шығады.(жұлдыз санап жүр) таяқшамен
2. Күн:Біз ертегілер әлеміне келіп түскен сияқтымыз.Керемет
ойын- сауық өтіп жатқан сияқты.
Ай: Дұрыс айтасың Күн қарашы анау жүрген кім?Ол не істеп жүр?Жүр барып сұрайық, сәлемдесейік. Сәлеметсіз бе?
Күн: - Сен кімсің?
Жұлдызшы: - Мен бе.....мен Жұлдызшымын
Сәлеметсіңдерме! сендерде бір сиқырмен осында келіп қалыпсыңдар.Қош келдіңдер ғажап ғарыш әлеміне.
Күн: жұлдызшы сіз аспанда не қарап жүрсіз?
Жұлдызшы:мен жұлдыздарды санап жүрмін, бүгінше 80 жұлдыз санадым.
Ай, күн: Қандай тамаша, бізге көруге болады ма?
Жұлдыз: Әрине, болады жүріңдер онда, жұлдыздар ортасына барайық! Өнерлерін тамашалайық.
Музыка: жұлдыздар биі:
Күн: Қандай керемет, бұдан басқа қандай өнерлерің бар?
Жұлдызшы: Біздің ғарыш әлемінде Әліппе деген сиқырлы ,керемет,ғажап кітап бар.Сол кітаптан білім алғандар өте ақылды, өте білімді, өнерлі болады. Ғарыш әлемінің өкілдеріСиқырлы әліппеден алған білімдеріне алғысы шексіз, рахмет ретінде өздерінің ән жырларын арнағысы келіп тұр.
Әдеби монтаж: 12 оқушы
1. Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
2. Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.
3. Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітірдім,
Бала болдым ақылды.
4.Әліппені бітірдім,
Әлі де оқып жатырмын.
Тек нүкте мен үтірдің,
Орнын таппай шатылдым.
4. Әсем ою-өрнекпен,
Көмкерілген әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
5. Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.
6. Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп әріптермен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
7. Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдым.
Әр әріпті қостырып сөзін құрап,
Хат танытып алғаш сен көзімді аштың.
8. Қош болып тұр әліппе анамдайсың,
Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
9. Орындаймыз әліппе ақылыңды,
Жарысқанды жазамын тақымымды.
Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,
Арттырамын ғылымға құштарлықты
10. Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассаң,
Әліппемен қоштаспақ.
11. Әр күнім алып келер жаңалықты,
Тоқимын оқып, білім жаңа әріпті.
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,
Жаным да сағат сайын жаңартыпты.
12. Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз шәкірт-қазағымның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан .
Ай: Әліппеге рахмет, өнерлері қандай керемет!
Күн: Расында да ,тағы қандай өнерлері бар екен?
Ай:Тамашалаймыз ба?
Күн: Тамашалайық..
Ай: Олай болса бізді біліммен сусындатқан әліппеге арнаған әнімізді айтайық
Әліппе әні: Н.Еспанов (3 оқушы орындауында)
Ай:Күн сен білесің бе?Біздің де ата-аналарымыз кезінде әліппеден білім алған
Күн: Сұрап көрейікші Әліпбиді біле ме екен ?
Ай: Қазақ тілінде қанша әріп бар?қанша дыбыс бар?
Күн: Ата-аналар алфавитті айтып беріңізші?.............ретімен айту
6 оқушы шығып алфавитті айтып шығады.
Ай:Қандай тамаша!
Күн:Иә,расында да керемет!
Жұлдызша:Біздің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол.
Ай:Балалар бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық
Бірге: Рахмет! Слайд (ата-ана)
Музыкалық номер: 1 <<Д>> ата-ана
Жұлдызшы: Сендер білесіңдерме? Бізде ғарыш әлемінде ағылшын тілінде де сөйлейміз.A,B,C,D,I,F.........
Ағылшын тілінде 3 оқушыға тақпақ
Жұлдызшы:Ғарыш әлемінің өкілдеріне,әліппе тек қана әріппен таныстырып қана қоймай ай,күн,жұлдызшалардың бір-бірін достыққа,мейірімділікке,тәртіпті болуға үйретеді.
Күн:Ендеше бәріміз бірге <<Үйретеді әнін>> шырқап жіберейік.
Хор: Үйретеді Әні
Ай: Жер әлемінде әліппемен қоштасу мерекесі өтіп жатыр екен
Жұлдызша: Әліппеден жазып уйрендік қой,енді біз смс арқылы да жаза аламыз,
Оқушы:
Қарамай - ақ шамама,
СМС те жаза аламын.
Міне осындай талабым,
Мен бақытты баламын.
(қоңырау смс келеді) жерден
Құттықтау жердегі оқушылардан келеді.
Күн:Олай болса бұл смс-ты жауапсыз қалдырмай, өнерімізді тарту етейік
Ай: 12 тақпақ
1. Әліппе алып қолыма,
Білімнің аштым есігін.
Ақ ниет тілеп жолыма,
Жазылды тұңғыш есімім.
2. Бұл мерекем сенің арқаң анашым,
Бір мен үшін не керекті табасың.
Балаң жақсы деген сөзді естісең,
Күлімсіреп қуанып -ақ қаласың.
3. Әліппе мен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген нәрлі өзенге шомылып,
Жаттап өтем ұстазамның есімін.
4. А - ны айтқанда дауысым дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
5. Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз шәкірт-қазағымның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан .
6. Әлі есімде мектепке алғаш келгенім,
Оң қолыммен әліппені бергенің.
Санай ашып әліппенің беттерін,
Әріптерге үнсіз ұзақ үңілдім.
7. Әліппені бітірді ,
Білім терген ұл қыздар.
Бәрі сондай білімді,
Жанып тұрған жұлдыздай .
8. Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекте,
Үйретті оны әліппе.
9. Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
10.Әліппем,менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Би: Қазақ биі (12 адам)
Ай: Бәрекелді, жарайсыңдар!Сендерге көп-көп рахмет! Өнеріңіз өрен екен.
Күн: Кішкентай жұлдызшаларымыздың өнері керемет екен, болашақта қандай жұлдыздар болады екен!
Жұлдызша: Мен аспан әлеміне қарап тұрып,әліппеден бастау алған,кішкентай жұлдызшалардың болашақта мәңгілік елдің 80 жұлдызы болып жарқырап үлкен-үлкен мамандық иелері шығатынына сенемін.
Мамандықтар келеді: (6)
дәрігер, мұғалім, шахтер,полиция,инженер,энергетик
Дәрігер: Мәңгілік елге дені сау ұрпақ керек!
Ұстаз: Мәңгілік елге ұлағатты ұстаз керек!
Шахтер: Мәңгілік елге табиғаттың байлығын игеретін іскер керек!
Полиция: Мәңгілік елгдің халқы тыныш, тәртібі түзу болу керек!
Инженер: Жаңа құрылысқа жаңа инженер керек!
Энергетик: Мәңгілік елге күн сәулесінен жарық алушы энергетик керек!
Хормен :
Мәңгілік елдің болашағымыз
Мен
Мәңгілік елдің болашағымын
әрқашан кемеңгер
нағыз ізгілікті
гүлденген
ілтипатты лауазымды
Әнұран: хор
Күн: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Ай: Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Жұлдызшы: Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Бірге: Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Құттықтау сөз мектебіміздің директорына беріледі.
Күн: Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Ай: Қадамдарыңа нұр жаусын!
Жұлдызша: Осымен Әліппемен қоштасу ерт еңгілігі аяқталды.
Бірге: Көріскенше күн жақсы болсын!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz