Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Үү дыбысы мен әрпі Ү дыбысы дауысты дыбыс
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
№47 орта мектеп КММ
Сауат ашу
Тақырыбы:
<<Үү дыбысы мен әрпі>>
Пән мұғалімі: Есимбекова Г.С.
Сыныбы: 1 <<Г>>
Тараз 2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, меңгерту. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа баулу. Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, ойын.
Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, электронды оқулық, слайдтар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Қызығушылықты ояту.
-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
-Балалар көңіл-күйлерің қандай?
-Алдарыңда үш түсті қар бар, соның қайсысын таңдайсыңдар?
Көгілдір түсті таңдаған балалар: <<Өзіме сенімдімін, берілген тапсырманы мұқият тыңдап орындаймын>> деп отыр.
Қызғылт түсті таңдаған балалар: <<Сабақта тәртіпті боламын, бүгінгі сабақта барлық тапсырманы орындаймын>> деп отыр.
Сары түсті таңдаған балалар: <<Бүгінгі сабақта жаңа білім аламын, сондықтан мұғалімді мұқият тыңдаймын, атсалысып қатысып отырамын>> деп отыр.
II. Оқушылардың тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
-Кәнеки балалар, ендеше осы жақсы көңіл-күйімізді мына қысқы орман көрінісіне орналастырайық. (Тақтадағы қысқы орман бейнеленген плакатттың әр жеріне орналастырады)
-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қысқы орманнан аңдар келіп отыр. Ендеше мына суретке назар аударыңдар (суретпен жұмыс).
-Орманда қандай аңдар тіршілік етеді?(қоян, түлкі, қасқыр, кірпі)
-Ол аңдар қалай аталады? (жабайы)
-Ендеше осы аңдар бізге өздерінің тапсырмаларын дайындап келді.
Қасқырдың тапсырмасы: -Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
Түлкінің тапсырмасы: - дауысты дыбыстарды ата. (а,о,ұ,ү,е,і...)
Кірпінің тапсырмасы: - дауыссыз дыбыстарды ата (б,д,р,п...)
Үкінің тапсырмасы: дыбыс деген не, әріп деген не? (дыбысты естиміз, айтамыз, әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз)
Қоянның тапсырмасы: қандай жуан және жіңішке дауыстыларды білесің? (а,о,ұ,ы,і,ө,ү,ә)
-Бәрекелді барлық сұрақтарға жауап бердіңдер. Орман тұрғындары сендерге риза. Ендеше сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер мұқият тыңдап жауабын беріңдер.
1.Үйрек десең-бірінші,
Бүйрек десең-екінші.
Бұл қайсы әріп екенін,
Біреу айтып берсінші.
Кім тапқыр? (Ү)
2. Электронды оқулық арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1.Ү дыбысы дауысты дыбыс.
2.Ол сөздің басында және ортасында кездеседі.
(Үтік, жүгері, үйеңкі, гүл)
Ү дыбысы мен әрпі
Сергіту сәті
Көтереміз қолымызды,
Созыламыз жоғары.
Бір,екі,үш,
Денеңді солға бұр.
Қолыңмен көмектесіп,
Беліңді шынықтыр.
3.Оқулықпен жұмыс 91-92 бетті оқу.
а) дауыстап қатармен оқу (1қатар-1 баған, 2 қатар-2 баған, 3 қатар-3 баған)
ә) тізбектеп оқу (жұмбақты оқу, шешу)
Есте сақта!
Қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды!
б) сүт-түс күт-түк (сөздерді талдау)
в) <<Кім кінәлі?>> мәтінімен таныстыру. Авторға тоқталу.
Әдібай Табылдиев
Педагогика ғылымдарының докторы, ұстаз-ғалым, ақын, жазушы, <<Алыптардың алыбы>>, <<Бәрекелді Кірпі>>, <<Ғажайып бақ>> сияқты ертегі пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылды.
* тізбектеп оқыту
* рөлге бөліп оқыту
-Партаға сызуға бола ма?
-Сынып, мектеп мүлкін қалай пайдалану керек?
4.Жұптық жұмыс
Оқушыларға суреттегі затқа дыбыстық талдау жасату.
Әр қатардан бір жұмысты талдау.
IV. Бекіту.
oo Балалар , кәне ормандағы аңдарымызға қайта оралсақ. <<Ішіне-сыртына>> әдісі бойынша төмендегі тапсырманы орындайықшы. <<Ішіне>> деген жерге атауында <<ү>> дыбысы бар суретті орналастырамыз. <<Сыртына>> деген жерге атауында <<ү>> дыбысы жоқ суретті орналастырайық.
ішіне сыртына
үкі
гүл күн
түлкі үйшік қасқыр кірпі қоян
Дәптермен жұмыс.
Үү әріптерінің жазылуымен таныстыру. (Электронды оқулық арқылы)
Жазу үлгісі дәптеріне 2-3жол жазғызу.
V. Қорытындылау.
Рефлексия.
- Балалар, көңіл-күйлерің қандай? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?
<<Сабақ өте жақсы: мен атсалысып отырдым, тапсырмалардың барлығын орындай алдым. Өзіме ризамын!>> - деген оқушы мына суретті көрсетсін.
- <<Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар оңай болған жоқ,
дегенімен мен оларды орындай алдым. Өз жұмысыма ризамын>>
- деген оқушы мына суретті көрсетсін.
- <<Сабақтағы тапсырмалар өте қиын болды. Мен түсінбедім.
Маған көмек қажет>>- деген оқушы мына суретті көрсетсін.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz