Металдар тарауын қайталау

Әділбекова Сапура Қоңтайқызы

Қызылода облысы

Шиелі ауданы

№150 мектеп химия пәні мұғалімі.

Облыстық химия пәнінен «Үздік сабақ-2010» байқауының жеңімпазы

9-сынып Химия пәні

Сабақтың тақырыбы: Металдар тарауын қайталау

Кіріспе

Оқушыларға халық арасында ежелден пайдаланып келе жатқан металдар туралы,

олардың қасиеттері, алыну технологиясы, ашылу тарихы туралы білім беріп, қолдану аясының кеңдігіне көз жеткізу. Адамға қажеттілігі туралы білім дағдыларын дамыту мақсатында «Металдар тарауын қайталау» сабағын өткіздім.

9-сынып. Химия пәні.

Сабақтың тақырыбы: Металдар тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, олардың қасиеттері туралы терең түсінік беру. Ерекшеліктерін, айырмашылығын ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін , өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік: Бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың типі: Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы

Сабақтың әдісі: Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау. Т ірек сызбалар, проблемалық сұрақтар, концептуалдық кесте

Сабақтың көрнекілігі: Химиялық реактивтер /мыс, күкірт қышқылы, темір, мыс сульфаты, магний, мырыш, тұз қышқылы, кесте, топтамалар

Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, қазақ тілі, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылығын ояту

ІІІ. Мағынаны тану. Металдар тарауын қайталау

  1. «Кім жылдам» ойыны
  2. «Үндемес» ойыны. Картамен жұмыс
  3. Химиялық диктант

ІV. Ой толғаныс

V. Өзіндік жұмыс.

VІ. Оқушылардың алған білімдерін есепке алу

VII. Қорытынды

VІІІ. Үйге тапсырма

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып бөлмесін сабаққа дайындау

  1. Оқушыларды түгендеу
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Қызығушылығын ояту:

Логикалық есеп

Ғарыш кемесі апатқа ұшырап, белгісіз планетаға қонуға мәжбүр болды. Кеме капитаны ғарышкерлерге атмосфера құрамын анықтауды тапсырды. Ғарышкердің қолында алма, малахит қобдишасы және ізбес суы бар. Ол кесілген алманың планета атмосферасында өзгермегенін, ізбес суының лайланбағанын, ал малахит қобдишасын қыздырғанда қызыл түсті ұнтақ пайда болғанын байқайды. Ғарышкер қандай қорытынды жасады?

Есептің шешуі:

(CuOH) 2CO3 CuO + H2O + CO2

CuO + H2 Cu + H2O

Мағынаны тану:

«Кім жылдам» ойыны

  1. Адам алқанында бақитын металл?
  2. Қанның құрамына кіретін металл?
  3. Ең созылғыш металл?
  4. Консерві қалбыры қандай металдан жасалады?
  5. Дұрыс пайдалансаң емдейді, бұрыс пайдалансаң мүгедек етеді?
  6. Ең қатты металл?

«Үндемес» ойыны

Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстарын минералдар деп атайды. Олар оксид, сульфид, пирит әртүрлі тұздар түрінде кездеседі

Аты
Формуласы
Аты: Магнетит
Формуласы: . . .
Аты: . . .
Формуласы: Ғе 2 О 3
Аты: Пирит
Формуласы: . . .
Аты: . . .
Формуласы: Аl 2 О 3 *nH 2 O
Аты: Ғаныш
Формуласы: . . .
Аты: . . .
Формуласы: Ca 3 (PO 4 ) 2

Қазақстанда кезесетін металдардың кен орындарын картадан көрсету

Қара және түсті металлургия картасы

Химиялық диктант

Химиялық диктант

Металдар туралы мақал-мәтелдер айту

  1. . . . еріте білмеген ірітер,

Теріні илей білмеген шірітер

  1. От көмірді жейді,

. . . темірді жейді

  1. Ескі мата бөз болмас,

Ескі . . . біз болмас

Тарихшы:

№:
Элементтер: Элементтер
Ашылу тарихы: Ашылу тарихы
№: 1.
Элементтер: Алтын
Ашылу тарихы: Адам баласына тас дәуірінен белгілі.
№: 2.
Элементтер: Күміс
Ашылу тарихы: Б. ғ. д. 2500 жыл бұрын табылған. Америка мен Австралиядан 1874 жылы Еуропаға әкелінген.
№: 3.
Элементтер: Қалайы
Ашылу тарихы: Қола дәуірінен белгілі. Ежелгі Мысырдан 4000 жыл бұрын табылған.
№: 4.
Элементтер: Темір
Ашылу тарихы: Адамзат қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне өызмет етіп келе жатқан тарихи элемент.
№: 5.
Элементтер: Мыс
Ашылу тарихы: 9-10мың жыл бұрын Кипр аралынан өндірілген.
№: 6.
Элементтер: Сынап
Ашылу тарихы: Алғаш қытайлар мен үндістер пайдаланған. Грек дәрігері Диоскрид “хидр” - “су”, “аргирос” - “күміс, сұйық күміс” деп атаған.
№: 7.
Элементтер: Қорғасын
Ашылу тарихы: Біздің заманымыздан 3-4 мың жыл бұрын Мысыр, Римнен табылған.

Химик

Металдардың сыртқы электрондық қабатында 1-ден 4-ке дейін электрондар болады. Металдар тотықсыздандырғыш қызметін атқарады.

Fe + S FeS

2Mg + O 2 2 MgO

Cu + 2H 2 SO 4 CuSO 4 + SO 2 + 2H 2 O

Cu + 4HNO 3 Cu(NO 3 ) 2 + 2NO 2 + 2H 2 O

Mg + 2 HCl MgCl 2 + H 2

Zn + H 2 SO 4 ZnSO 4 + H 2

Биолог:

Тірі организмдердің жасуша құрамында микроэлементтер түрінде темір, мыс, қорғасын кездеседі.

Fe - 0, 01-0, 10; Cu - 0, 002; Pb - 0, 0001

Темір өсімдіктер, жануарлар, адам организмінде болады. Ол негізінен оттекті тасымалдауға және организмде электронның орын алмасуына көмектеседі. Егер организмде темірдің мөлшері жетіспесе, қан азаяды. Қан аздық ауруына құрамында темірі мол алма, нәруызға бай сүт, айран, құрт жеу керек және темір тұздары қосылған дәрі қабылдау қажет.

Қазақ тілі маманы:

Қара жер адамзатқа болған мекен
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар
Солардың ең артығы немене екен?
(Темір)

Сұрақтар қойылып, талдау жасалды.
1. Темір периодтық кестеде қайда орналасқан?
2. Темірдің адам тіршілігіндегі пайдасы қандай?

Мыс бақырды сындырады талқан қылып
Көмірге салды мысты дүкен қылып.
Мыс былқылдап еріген кезенде шал
Шөншіктен ұсақ қара алды қырып.
(“Әзім әңгімесі” поэмасынан үзінді)

Осында қандай реакция қолданылады?


Бұдан Абайдың химиялық құбылыстарды, яғни реакцияларды жетік білгенін, оны шығармаларында тиімді пайдаланғанын байқаймыз.

Ой толғаныс:

1. Зертханалық жұмыс:

№:
Тәжірибе: Тәжірибе
Не жасалды?: Не жасалды?
Не байқалды?: Не байқалды?
Қорытынды: Қорытынды
№: 1.
Тәжірибе: Темір мен мыс сульфатының әрекеттесуі
Не жасалды?:
Не байқалды?: Темір шеге мыспен қапталады
Қорытынды: Fe + CuSO4 FeSO4+Cu

2. Өзіндік жұмыс:

1-нұсқа. Есептер шығару

1. Ca---Cao---Ca(OH) 2-CaCl2

2. Массасы 62 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде сілтінің қандай массасы және қанша мөлшері түзілетінін есептеңдер.

Концептуалды кесте


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың көрнекіліктері
Жылу берілуінің түрлерін ата
Металдар тақырыбын қайталау
Сілтілік жер металдар
Айнымалы тоқ тізбегін сипаттайтын шамалар
Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау
Металдардың тұздармен әрекеттесуі
Мыс қорытпалары
Заттардың құрылымы тарауын қайталау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тарауын қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz