Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Тәрбие көзі - салт-дәстүр ( Тапқыр достар танымдық ойыны)
Күні: 03.12.2015ж.
Сыныбы: 7 <<А>>
Тақырыбы: <<Тәрбие көзі - салт-дәстүр>>
(<<Тапқыр достар>> танымдық ойыны)
Мақсаты:
1. Ұлттық салт- дәстүр туралы білімдерін, білгендерін тереңдету арқылы халық даналығын ұрпақ санасына сіңіру.
2. Білімді болуға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, намысты, жігерлі болуға тәрбиелеу.
3. Ұлттық тәрбие туралы естерінде қалдыру. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамыту, тәрбиенің ерекшелігін үйрету. Қызығушылығын арттыру.
Түрі: электронды ойын
Әдісі: сұрақ- жауап, сайыс, топтық жарыс
Көрнекілігі: компьтер, тасымалдағыш құрылғы, слайдтар, әріптер
жазылған қиықшалар,
Пән аралық байланыс: әдеп, тарих, әдебиет
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе
Топты таныстыру: (екі топтан бір оқушыдан келіп, қағаз суырады. <<Тұмар>>, <<Тұлым>> сөздерінің қайсысы түссе топ аты солай аталады:)
Тойбастар: (екі топ оқушылары бірге <<Қаражорға>> биін билейді.)
Ретін таңдау: (екі топ асық иіру арқылы қай топ бірінші бастайтынын анықтайды:)
ІІІ. Негізгі бөлім:
Турлар:
1. Әріптер сөйлейді <<Сөз тапқанға .... >>
2. Ұяшық сұрақтары <<Жүйрік болсаң ...>>
3. Шебер қолдар <<Шебер болсаң ...>>
4. Көрініс <<Ойлы болсаң ...>>
ІҮ. Қорытынды
І. Қазақтың салт - дәстүрінде көп мән - мағына бар. << Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен>> дегендей, көп әдепті де,тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі ойынымыздың негізгі тақырыбы сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады. Ойын барысында ойыншыларымыз сол тұрғыдан білімдерін, білгендерін көрсетеді.
ІІ. Әділ қазылармен таныстыру:
<<Тапқыр болсаң, тауып көр>>, <<Жүйрік болсаң, шауып көр>>, <<Ойлы болсаң, озып көр>> -деп кезекті ойыншыларға береміз.
v Топтың аты <<Тұмар>>
Тұмар -- молдаларға оқытып ,ұшбұрыштап матаға немесе теріге тігіп кішкентай баланың мойнына тағып қоятын нәрсе. Бұл пәле-жаладан, тіл, көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғымнан туған.
Сол заттың атауын ырым етіп біз өзіміздің топтың атына қойдық.
v Топтың аты <<Тұлым>>
Тұлым - баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны <<тұлым>> деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып. Біз өз тобымызды сол әдет-ғұрып атауымен атауды жөн көрдік
Тойбастар: <<Қаражора>> биі.
ІІІ. Негізгібөлім
1. Әріптер сөйлейді: Алдымен әріпдерді таңдап алады. Оқушылар
өздеріне тиісті әріптен басталатын сөзбен жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек.
С: 1. Ағаш үй есігі? (сықырлауық)
2. Қалың малдың бір түрі? (сүт ақы)
3. Қыздың қоштасу әні?( Сыңсу)
4. Құда түскеннен кейінгі дәстүр? (сырға салу)
5. Ұлттық киім?(сәукеле)
6 Ән айтасың ба? (сайраймын т.б)
Т: 1. Киізден басылған төсеніш? (текемет)
2. Асықтың түсуі? (тәйке)
3. Алғаш қадам басқанда берілетін той? (Тұсау кесу)
4. Ұлттық киімдер білесің бе? (тақия)
5. Адамғаалдымен не керек?
6. бесікке салар алдында берілетін ырым-шашу? (тыштырма, тыштырмай)
2. Ұяшық сұрақтарына жауап беру. (Тор көздерді таңдауы бойынша ашып, ондағы сұрақтарға жауап береді.)
1. Мал сүйегін пайдаланып ойналатын ұлттық ойын түрлерін ата.
2. Қойшылар ойлап тапқан ұлттық ойын?
3. Үйленген ұлға ата-анасы не береді?
4. Қазақ халқының үйлену тойында қандай ән айтылады?
5. Бала дүниеге келгенде болатын той?
6. Әшекей бұйымдар жасайтын адамдарды кім деп атайды?
7. Бала жататын төсек?
8. Бала алғаш рет қадам басқанда жасалатын рәсім?
9. Бейтаныс адамның бір балағын түріп келуінің белгісі?
10. Келін түсіру тойында келінді жаңа туыстарымен таныстыру үшін болатын салт не?
11.Бесік құда дегеніміз не?
12. Бел құда дегеніміз не?
3. <<Шебер қолдар>> ойыны. (екі топқа түрлі-түсті қағаз беріледі. Сол қағаздан ою ояды).
4. Көрініс: (екі топ алдын ала берілген үй тапсырмасы бойынша дайындаған салт-дәстүрге байланысты көрініс қояды)
ІҮ. Қорытынды
1. Сүйінші. Әділқазылар ұпай санын әр ойын бойынша айтып, жалпы нәтижесін хабарлайды. Жоғарғы ұпай саны - 10, ең кіші ұпай саны - 5. Марапаттау.
2. Бата беру
Б А Т А
Еліңнің елеулісі бол!
Халқыңның қалаулысы бол!
Ақылыңа көркің сай,
Ата-анаңның самғар құсы бол!
Иә, жаратқан жар болып,
Сендерді бәле-жаладан сақтасын!
Елің сені мақтасын!
Терең білім, терең ой ,
Сеннен алшақ жатпасын!
ӘУМИН
Сөз соңы: Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүре беріңіздер!
Рахмет! Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz