Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ортақ іс табысы

Ортақ іс табысы
Мұғалім: Н. Орманбекова
Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер: қамқорлық , мейірімділік, бірлік.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың еңбекқорлық , қамқорлық қасиеттерін аша отырып, қиянат жасамау құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Қамқорлықтың, бірліктің, адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін мейірімділік қасиеттерін дамыту;
Мейірімді, ықыласты, бірлікті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, оқулық, дәптер, қаламдарын толық алғандарына көз жеткізу. Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстырып, сабақтың мақсатын айту.
Жағымды көңіл-күйге ену мақсатында
<<Нұрға бөлену>> сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын".
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.
Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Ресурстар
Ескертулер
(Суреттер, үнтаспа, оқулық, дәптер,қаламсап)
5Т маңызды факторы жазылған плакат

<<Волшебная композиция. Хрустальная грусть>> әуені
ІІ.Үй тарсырмасын тексеру
<<Мақтаншақ жолбарыс>> мәтінін түсініп оқып келу.
1.Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
2. Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
3.Сендердің бастарыңда осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Оқушылардан бес <<Т>>- ны сақтауын сұрау: (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық)

ІІІ.Дәйексөз
<<Келісіп істесе, көп іс бітеді>>.
Дәйексөзді оқу
Түсіндіру
Сұрақтар:
<<Асар>> деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Ортақ іс дегенді қалай түсінесің?
Көпшілікпен бірге жасалған жұмыстың нәтижесі қандай болады деп ойлайсың?
Дәптерге жаздыру
Халық даналығы
ІV. Мұғалімнің сыйлығы
Оқиға айту
Аққу, Шортан һәм шаян
(Крыловтың мысалы
Аударған: А. Байтұрсынов )
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн. Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмысы орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Сұрақтар:
1.Жүкті кімдер тартты?(Шаян, Шортан, Аққу)
2.Олар жүкті қалай тартты?(Үшеуі үш жаққа)
3.Жүкті неліктен орнынан қозғалта алмады?(Өйткені олар бірігіп жұмыс істемеді )
4. Мысалдан қандай ой түйдіңдер?

И.А. Крылов
(1736-1778)
Орыс публицисті, ақын, көптеген мысалдардың авторы
V. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

Достармен, іні-қарындастармен бірігіп істеген істері туралы эссе жазу
Тақырыбы: Бірігіп істеген іс берекелі
Эссе көлемі
6-8 сөйлем
VI. Топпен ән айту
<<Дос болайық бәріміз>> әні
Сөзі: С. Талғаров
Әні: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Қайраттанып қарышта
Озып шыққан жарыста
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа
Жұлдыздарға, ғарышқа
Бойда күш тасыған
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Отан біздің панамыз,
Аман жүрсін анамыз
Нұрлы күн сөнбесін
Бақыт болып жанамыз
Жарық біздің санамыз
Қара бұлт төнбесін
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз

VII. Үйге тапсырма.
<<Көп біріксе-береке>> әңгімесін оқып келу
<<Өзін-өзі тану>> оқулығы 4 сынып, 58 бет
VIII. Сабақтың қорытынды сәті
Бүгінгі сабағымызды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасайық
Баяу музыка қойылады

Ұқсас жұмыстар
Мемлекетттік бюджет
Табыс түрлері
Отбасы – шағын қоғам жайлы
Табыс салығы
ҚР президентінің «Қазақстан-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауы – жастардың болашағын айқындайтын құжат
ШЫҒЫН ТАБЫС
Фирма жарғысы
Мемлекеттік бюджет
Коучинг сабақ өткізу
Атаның сөзі - ақылдың көзі
Пәндер