Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Қазақ тілі үйірмесінде

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі үйірмесінде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа сөздерді меңгеру,сөйлем,сөз тіркестерін құрастыру.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын,сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап,әңгімелесу.
Көрнекілік: суреттер.
I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Балалар бүгін сабаққа қонақтар және сендердің сүйікті мультфильм кейіпкері
Диего кельді.Диего сендерге жақсы табыс тілейді.Ал, сендер бір - біріне жақсы табыс тілеңдер.Бір - бірімізе жақсы табыс тілейік.Өзімізге сенімді болайық! Ал,сендердің көңіл күйлерін қаңдай? Жақсы ма?
Жақсы болса, сабақты бастайық!
II. Тілашар.
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі сабағы.
Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлесеміз?
Қазақ тілінде.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс.
Қыста күн қандай?
Суық.
Қыста не жауады?
Қар жауады.
Балалар не істейді?
Балалар шанамен сырғанайды шаңғы тебеді.
Қыста қандай мейрам болады?
Жаңа жыл мейрамы болады.
Қыс айлары қандай?
Қыс айлары: желтоқсан,қаңтар, ақпан.
III.Үйге қаңдай тапсырма берілді?
Үй тапсырманы тексеру
IV. Жаңа тақырып: Қазақ тілі үйірмесінде.
Суретке қараңдар.Мынау кім? Мынау- мұғалім.
Мұғалім оқушыларға қандай әріптерді үйретіп жатыр?
Қазақ тіліндегі әріптерді.
Ал,Диего қазақ тіліндегі әріптерді жақсы білу үшін, қазақ тілінде жақсы сөйлеу үшін бір үйірмеге барғысы келеді. Сендер қалай ойлайсыңдар? Ол қандай үйірмеге барады?
Қазақ тілі үйірмесіне.
Қалай ойлайсыңдар? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады?
Қазақ тілі үйірмесінде.
Сабақтың мақсаты:
Диалог,монолог түрінде сөйлесу.
Сөйлемдер құрастыру.
Сөз байлығын байыту.
V.Жаңа сөздермен жұмыс.
Үйірме - кружок
Үйретеді- учит
Өткізіледі- проводится
Өте қызықты- очень интересный
Сөйлесеміз- говорим
Енді жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырамыз.
Қызықты үйірме. Бүгін мектепте концерт өткізіледі.
VI. Мәтінмен жұмыс.
1нші сөйлемді 1топ аударады.
2нші сөйлемді2топ аударады.
3нші сөйлемді3 топ аударады.
4,5нші сөйлемді бірге аударамыз.
VII. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз.
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып.
Біз демалып қалайық.
VIII. Диалог.
IX. Енді үш станцияға бөлінеміз.
1нші - Жұмбақтар станциясы.
2нші- Өлеңдер станциясы.
3нші- Мақал-мәтелдер станциясы.
Әр топ өз тапсырманы орындайды.
X.Сөйлем құрап үйрен.
1. Қазақ тілі.
2. Қазақ тілі үйірмесі.
3. Қазақ тілі үйірмесі қызықты болды.
4. Мен қазақ тілі үйірмесіне барамын.
XI. Тест
XII. Сабақты қорыту.
Бүгін сабақта не туралы әңгімелестік.
XIII. Үйге тапсырма.
Қазақ тілі үйірмесі Монолог.
XIV. Бағалауы
XV.Қоштасу.

Павлодар қаласы № 30 ЖОББМ

Ашық сабақ.
Тақырып: <<Қазақ тілі үйірмесінде>>
Сынып: 3 <<В>>.

Өткізген мұғалім: Тизикпаева Б.М.

2015 ж
Тест
1. <<Үйірме>> орысша қалай аударылады
А. Школа В. Кружок С.Библиотека
2. Қазақ тілі үйірмесінде оқушылар не істейді?
А. Ойнайды В. Қазақ тілінде сөйлеседі С.Секіреді
3. <<Интересный>> кружок қазақша қалай аударылады?
А. Суық күн В. Қызықты үйірме С.Қызықты кітап
4. Қазак тілі үйірмесінде қай тілде сөйлеседі?
А. Ағылшын В. Қазақ С. Орыс
5. <<Сөйлесеміз>> орыс тіліне қалай аударылады?
А. Поем В. Разговариваем С. Смотрим

1. Қазақ тілі.
2. Қазақ тілі үйірмесі.
3. Қазақ тілі үйірмесі қызықты болды.
4. Мен қазақ тілі үйірмесіне барамын.

Ұқсас жұмыстар
Сен жүгіресің
Жастар күйі қандай күй
Қала тұрғындарына алатын сұрақтарды өзі құрастырып, сыныптастары мен қала түрғындарынан сұрақтарына жауаптар ады
Топ басшыларының сайысы
Қайың көзімен қарайын
Бұйымға қажетті материалдарды дайындау
Оқушылар дарынын дамытудағы домбыраның ролі
Бабам тілі
"қазақ тілі сабағында" 7 сынып
Бейнелі сөздің берені болған Қазақ тілі (әдеби танымдық кештің сценариі)
Пәндер