Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Абай бүлдіршіндер жүрегінде
Сабақтың тақырыбы: <<Абай бүлдіршіндер жүрегінде>>. Сабақтың мақсаты: Б/К Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр - сырымен таныстыру. Дайындау. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Т/К Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезең. Кіріспе Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз <<Абай бүлдіршіндер жүрегінде>> атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.
1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне - өзі орнатып ескерткішті, Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім? Ерте оятып, ойланып, ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім? Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? Арманын атандырып келешекке, Біздермен осы күнгі тілдескен кім? Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барын көк теңізге, Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Сахнаға Абай шығады. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
1-оқушы: Өмірбаян
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп <<Абай>> деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз - әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет - Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парыс тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай <<Приходская школада>> орысша оқиды.
2-оқушы: Тірек сызбамен жұмыс
Философ заңгер ақын аудармашы
сазгер дара ойшыл қоғам қайраткері әділ би
ағартушы гуманист
Кеменгер жазба әдебиетінің негізін салушы ұстаз
3-оқушы: Фотосуреттерді сөйлету. 4-оқушы: Абай туралы сөз.
Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан, хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.
Шәкәрім.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы.
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов.
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғабит Мүсірепов
Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін - шекспир, грузиндер үшін - Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдесіз құбылыс.
Қайсын Кулиев.
Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты.
Шыңғыс Айтматов.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев.
5-оқушы: <<Көзімнің қарасы>> әнін тыңдаймыз. 6-оқушы: Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н. Толстойдың, Салтыков - Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды. 7-оқушы: Абайдың шығармалары.
Поэмалары: <<Ескендір>>, <<Масғұт>>, <<Әзім әңгімесі>> 45 қара сөзі, өлеңдері бар. Көрініс 17 қара сөзіне.
1-жүргізуші: Туғаннан дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кіреді денең Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен....
8-оқушы: <<Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы>> 9-оқушы: <<Жасымда ғылым бар деп ескермедім>> 10-оқушы: <<Ғылым таппай мақтанба>> 11-оқушы: <<Әсемпаз болма әрнеге>> 12-оқушы: <<Мен боламын демеңдер>> 13-оқушы: <<Сенбе жұртқа тұрса да сені қанша мақтап>>
Ән <<Желсіз түнде жарық ай>> Оксананың орындауында 7 <<Б>> сыныбы. Абайға арнау Оқушылардың Абайға арналған өлеңдерін оқиды. Сұрақтар Абай шығармашылығына бойланысты.
1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды? (Көкбай)
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903 жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
4. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата. (үш күйі бар: <<Тоқжанға>>, <<Май түні>>, <<Абайдың желдірмесі>>).
5. Абайдың аяқталмаған поэмасы. (<<Әзім әңгімесі>>)
6. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жетінші, арма аударған)
7. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. (Зере, Ұлжан)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия)
9. <<Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев>> деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
10. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман)
11. Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта)
12. <<Абай жолы>> романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов)
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші - Х.Наурызбай)
14. Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындығы болды? (Абайдың ағасының баласы)
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдарын, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма айтыңдаршы, Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
Ән <<Қараңғы түнде тау қалқып>>

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz