7-сынып биологиясы: Құстардың ішкі және сыртқы құрылысы - ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құстардың ішкі және сыртқы құрылысы.Пәні: Биология
Сыныбы: 7-сынып
Күні: 17. 03. 2015ж.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Құстар класының дене құрылысы, тіршілік әрекеті мен сан алуандығы туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіре отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен ізденуге, пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін ой- өрісін дамыту.
Түрі: ашық сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Құстардың суреттері, слайд, интербелсенді тақта, электронды оқулық.
Барысы:
- Ұйымдастыру.
- Ой қозғау. (жұмбақтар шешу)
Тал басында ағаш үй
Терезесі тамаша үй
Соны мекен етеді
Қыста алысқа кетеді
Көк шалғынды аралайды,
Көк орманға қонады
Қанаттарын қағады
Көлден рахат табады
- Жаңа сабақты түсіндіру. (слайдтан құстардың сыртқы құрылысын, ішкі мүшелерінің қызметін баяндау) .
Құстар класы. Бұлар -омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы.
Денесі қауырсынмен қапталып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.
Қазіргі кезде дүние жүзінің түрлі аймақтарында құстардың 8600-ға жуық түрі
тараған. Құстарды зерттейтін ғылдымды орнитология деп айтады.
(грекше “орнитес” -құс - “логос”-ғылым)
Қазақстанда құстардың 500-ден астам түрі мекендейді.
Дене температурасы-тұрақты, жылықанды әрі жоғары ( +41С, +43С)
Құстардың денесі бас, мойын және тұлға бөлімдеріне бөлінген.
Құстардың терісі жұқа әрі құрғақ, бездері өте аз.
- №9 зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Құстардың сыртқы құрылысы.
Қорытынды:
1. Оқулықтағы 155-суретке қарап, құстардың дене бөлімдерін, мүйізді қабыршақтарын атап жазыңдар.
2. Мына суреттен бағыт беруші, желпуіш, мамық қауырсындарды табыңдар.
3. Кестені толтырыңдар (270б. Мәліметтерді пайдалану) .
4-оқушыға виртуальды зертханалық жұмысты орындату.
- Бекіту сұрақтары.
- Әлемдегі ең кішкентай құс?
- Құстардың мүйізді өсінділерін атаңдар.
- Құстарда дыбыс шығаратын қандай мүше бар?
- Суретте бейнеленген 2 саусағы бар қандай құс?
- Суретте қандай құс бейнеленген? Неше саусағы бар?
- Бағалау.
- Үй тапсырмасы. §55 мазмұндау. Зертханалық жұмысты аяқтау.