4-сынып ана тілі сабағы: Баубек Бұлқышев туралы мәтінді талдау және ана тақырыбына арналған сабақ жоспары

Ана тілі 4 - сынып 25. 02. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы
Ана Баубек Бұлқышев
Сабақтың тақырыбы: Сілтеме
Ана Баубек Бұлқышев: Жоспар 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жалпы мақсаты:
Ана Баубек Бұлқышев: 1. Оқушыларға Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру. Ана мәтінінің мазмұнын ашу. Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқытуға жаттықтыру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту.
3. Ананы құрметтеуге, оған деген махаббаттың тіл жеткісіз болуына тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы: Күтілетін нәтиже:
Ана Баубек Бұлқышев:

1. Ананың тілегі, ананың махаббаты туралы мәтіннен оқып, көркем сөздермен мәтінді мазмұндайды.

2. Ана туралы мақал - мәтелдерді жатқа айтады.

3. Топтық жұмыс жасау барысында өз ой пікірлерін айта алады.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі идеялар:
Ана Баубек Бұлқышев: Оқушылар топта жұмыс істеу арқылы тақырыпты өзара талдау арқылы игереді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.
Сабақтың тақырыбы: Оқушының іс - әрекеті
Ана Баубек Бұлқышев: Топта бірлесіп оқиды. Берілген тапсырмала бойынша жеке, топтық тапсырмаларды жасайды. Сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың тақырыбы: Сабақ типі
Ана Баубек Бұлқышев: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың тақырыбы: Әдісі
Ана Баубек Бұлқышев: Түсіндірмелі, топтық, жеке, сұрақ - жауап, эссе, «Мәтін бөліктері» о. ү. о, «Кезбе тілші» әдісі
Сабақтың тақырыбы: Көрнекілігі
Ана Баубек Бұлқышев: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың барысы
Ана Баубек Бұлқышев:

1. Ой қозғау

2. Топтық тапсырма (презентация)

3. Мәтін бөліктері

4. Жұптық жұмыс

5. Жеке жұмыс (хат жазу )

6. «Кезбе тілші» әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушылардың іс-әрекеті)

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Психологиялық икем

II. Топқа бөліну (түймедақ, роза, раушан, қызғалдақ гүлдерінің суреттері арқылы төрт топқа бөлінеді) (3 - мин)

ІІІ. Барлық кезеңдерін таныстыру. Бағалау түрлерін айту (2 - мин)

(« Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағдаршам», « Бармақпен», бағалау парағы)

ІV. Ой қозғау. Топтық жұмыс (5 - мин)

«Ана» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ауызша бағалау (жарайсың, керемет, тамаша)

V. Кіріспе. Топтық жұмыс. (5-мин) Интерактивті тақтадан Баубек Бұлқышев туралы мәліметтер көрсету. Көрсетілген мәліметтер мен оқулықтағы мәліметтерді пайдалана отырып, автор туралы топтастыру құрау

"Бағдаршам" арқылы бағалау

VI. Жаңа сабақ

" Миға шабуыл" «Ана» туралы монологтан үзінді тыңдату 2 - мин

VIІ. " Мәтін бөліктері" әдісі. 5 - мин

Әр топтан оқушы мәтіннің бір бөлігінен мәнерлеп оқиды.

Талдау үшін бейне сұрақтар беріледі.
-Мәтін кім туралы айтылған?

-Теңізге нені теңейді?
-Ананы қай кезден бастап іздейсің?
-Ананы қалай қадірлеу керек?
VIIІ. Топтық жұмыс (7 - мин)

1 - топ «Менің аяулы анам» эссе жазу.

2 - топ «Ардақты анам» өлең құрастыру

3 - топ Аналарыңа құттықтау сөз дайында

4 - топ «Сүйікті анашыма» тақырыбында сурет салу

"Екі жұлдыз, бір ұсыныс" арқылы бағалау

Сергіту сәті «Құттықтаймын, ана, туған күніңмен» өлеңін айту. ( 2 - мин)

IХ . Жұптық жұмыс «Ана» туралы мақал - мәтелдің жалғасын табу ( 3 - мин)

1. "Ананың көңілі балада, . . . "

2. "Ананың сүті-бал,
. . .

3. "Ата - асқар тау, . . . , бала - жағасындағы құрақ"

4. "Атаға қарап ұл өсер, . . . "

5. "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, . . . "

6. "Анасыз өмір - . . . "

7. "Ана аяғының астында . . . "

8. "Ата көрген оқ жонар, . . . "

9. Ана сүтін ақтамағанды . . .

10. Ағайын - алтау, . . .

11. «Бес жолды» өлең құрастыру

12. «Ана» сөзіне ребус құрау

Х. Бекіту (5 - мин)

  1. Жеке жұмыс «Анама хат»барлық оқушы өз аналарына хат жазады.
  2. «Кезбе тілші»әдісі. Бір тілші оқушы шығып 4 - топқа сұрақтар қояды.

- Әр баланың анаға деген махаббаты қай кезден басталады деп ойлайсың?
- Сенің анаң не деп немесе қалай еркелетеді?
- Ана туралы бір шумақ өлең оқып бер
- Аналар мерекесі қай кез? Анаңа не сыйлайсың?
- Сенің анаңның туған күні қашан?
- Сен анаңның құшағынан нені сезінесің?
ХІ . Рефлексия 3 - мин

Сыныптың ер балалары қыз баларға гүл ұсынып, бүгінгі сабақтан алған ойларын, әсерлерін айтады.

ХІІ. Бағалау 2 - мин

ХІІІ. Кейінгі тапсырмалар «Асыл әжем» тақырыбына шығарма жазу

Кейінгі оқу Мәтінді дауыс ырғағына келтіріп жаттау.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Баубек Бұлқышевтің Ана шығармасына арналған сабақ жоспары
4-сынып Ана тілі: Ғ. Мүсіреповтің Ана құшағында шығармасын талдау сабақ жоспары
4-сынып ана тілі сабағының жоспары: Нан туралы өлең
4-сынып Ана тілі: Ф. Оңғарсынованың Қанат туралы хикаясы бойынша сабақ жоспары
Ана тілі сабағы: Ахмет Байтұрсынұлы және Әліппе туралы сабақ жоспары
Баубек Бұлқышевтің Ана шығармасы: ананың маңызы мен тәрбиелік рөлі
4-сынып Ана тілі сабағы: Өнеге (ертегі) - мәтінді түсіну, ой қорытындылау және тәрбиелік мақсаттары
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Фариза Оңғарсынованың Қанат туралы хикая өлеңін талдау және ата-ана метафорасын таныстыру
Ана тілі сабақ жоспары: Астана туралы саяхат
2-сынып Ана тілі: Түйе туралы сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz