Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұстаздарды қайта даярлау мәселелері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №213 „Қыркеңсе“ орта мектебі физика
пәні мұғалімі Б.Әкімбаев
Ұстаздарды қайта даярлау мәселелері
Ұстаздарды қайта даярлау 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- әлемдік
білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе
десек қате айтпаған болар едік. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық
өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауды жаңа
технологиямен жабдықталған және жаңашыл ұстаз ғана қамтамасыз ететіндігін
әлем мойындап отыр.
«Қазіргі кездегі мұғалімнің құзіреттілігі, сана сезімі қандай
деңгейде? Жаңа идеаларды табу, ұтымдылық пен ізденімпаздықты көзқарасы
қаншалықты қалыптасқан?» деген сұрақтар аудан мектеп ұжымдарын толғандырып
отыр.
Жаңашыл ұстаздарды қайта даярлау барысында №213 «Қыркеңсе» орта мектеп
ұжымы Елбасымыздың «Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға
міндеттіміз» деген сөзін басшылыққа ала отырып, әрбір болашақ ұстаз
нәтижеге бағдарланған жаңа білім моделінің жоғарғы талаптарына сай болуға
міндетті !- деп ұстаздарды жігерлендіреміз. Осыған орай мектебімізде
қазіргі кездегі білім және ұстаздар жайлы, оқушылар мен ұстаздар арасында
дөңгелек үстел өткен болатын. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе мектеп
бітіруші және қатысқан (жалпы) сынып оқушыларының білім туралы өз ойларын
жинақтап, 12 жылдық білім жүйесіне толықтай көшу үшін 12 талапқа сай болуы
керек екендігін қатаң айтып өтті. Оның ішінде:
- сауатты жазып, оқи алатын
- тапсырманы толық тыңдап қабылдауы
- мағынасын түсінуі
- өзіндік пікірі бар
- ата-ананы, мектепті, ұстазды, Отанды құрметтеу керектігін білу
- алған білімдерін іс жұзінде қолдана білуі
- біліміне сай зерттеу жұмыстарын жалғастыра алуы
- білімді бағалай білуі
- танымдық іс-әрекетті өз бетінше ұйымдастыра алуы
- компьютерде сауатты
- шетел тілін оқи алатын
- білімге деген қызығушылығы мен құштарлығы мол.
Осыған орай мұғалімдердің пікірлері : « бастауыш сыныпта жоғары
сыныптарда оқитын бүкіл пәндердің іргетасы қаланады», «бала жанына жақын
қарым –қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою керек», және
т.б. болашақ мұғалімдердің ой –пікірлері жаңа білім беру жүйесі туралы
өзекті мәселелерді оң қабылдайтындығын дәлелдеді.
Өздеріңе мәлім жаңа білім жүйесіне көшу үшін, мұғалімдеріміз соған сай
болу керек. Онсыз мүмкін емес. Жеке тұлғаның білім алу қажеттіліктерін,
мүмкіндіктерін ескере отырып оларды қанағаттандыру, «адам білім үшін емес,
білім адам үшін» деген ұранды басшылыққа алуымыз керек деп ойлаймын және
оқу үрдісіне материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету қажет.
2005 жылы мектеп басшысы Б.Тоқтыбаевтың басшылығымен бағдарлап оқу
жөнінде облыстық семинар өткіздік. Семинардың оң әсері деп ойлаймын,
Облыстағы білім беру жөніндегі басшымыз Жонтаеваның көмегімен жаңа
технологиямен жабдықталған «физика, химия, биология» кабинеттерін жабдықтап
берді. Әрине бұл ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де тиімді болды,
қызығушылығы артты және бұл 12 жылдық білімге көшудің алғышарттары деп
ойлаймын. Осындай кабинеттер аудан мектептерінің барлығына дерлік берілсе
білім беру саласында көптеген өзгерістер болатынына сенімдімін!!!
№213 «Қыркеңсе» орта мектебінің
физика пән мұғалімі: Б.Әкімбаев
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz