Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Есімде Ауған соғысы
Тақырыбы: <<Есімде Ауған соғысы>>
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Ауғанстанға қатысқан батырлардың ерлігімен, қаза болған батырлардың ерлігімен таныстыру. "Ауған соғысы" - жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. Арамыздан азайып бара жатқан ауған соғысының ардагерлерін ардақтап, үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін қадірлеуге, аға-апаларымыздың ерліктерін қадір тұтуға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, әңгіме-сұхбат жүргізу, ой бөлісу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта, <<Ауған соғысы>> жайлы видеофильм,
Барысы:
1-жүргізуші:
oo Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!
2-жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған,
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқаң бағаң.
1-жүргізуші:
Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.
2-жүргізуші:
oo Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған <<Есімде Ауған соғысы>> атты сыныптан тыс тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
oo Бүгін бізге Ауған соғысының ардагері Алтынбеков Мейрамғазы Оразғалиұлы және Букенов Ержан Сәкенұлы кездесуге келіп отыр.
1-жүргізуші:
oo 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс - зұлымдық, Жазықсыз төгілген қан, Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі - Ауған соғысы.
2-жүргізуші:
-10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын щыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кетіпті. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында екен.
oo Міне, Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
(Видеоролик көрсетіліп тұрады)
1-жүргізуші:
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда бүгінде
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, біз үшін!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып
1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Рахмет отырыңыздар.
2-жүргізуші:
Ардагерлер
Айтса ертек көгендері
Табандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап ордендері.
Сөз кезегі Ауған соғысының ардагері Букенов Ержан Сәкенұлына беріледі. Сіз өзіңіздің өмір жолы мен қалай осы ауған соғысына бардыңыз? Сол жайлы айтып берсеңіз.
Оқушылардың сұрақтары қойылады:
1. Ауған соғысына қай жылы аттандыңыз?
2. Сіз қандай соғысқа бара жатқаныңызды білдіңіз бе?
3. Сіз әскерде кім болдыңыз? Қандай қызмет атқардыңыз?
4. Өзіңіздің әскердегі өміріңізден қысқаша мәлімет бере кетіңізші?
5. Әскерге неше азамат болып бардыңыздар? Барлығы тірі қайтты ма?
6. Ауған жерінде болғанда сіз адам өлтірдіңіз бе?
7. Балалық шағыныздағы бір қызықты сәттерді айтып беріңізші?
2-жүргізуші:
Алдарыңызда 4 <<а>> сыныпоқушысы Гулбоева Марджинаның үнді биін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік - деп Ауған соғысына қатысқан Ауған соғысының ардагері Алтынбеков Мейрамғазы Оразғалиұлы сөз беріледі. Сіз қай жылы және қай жерде дүниеге келдіңіз. Өзіңіздің өмірбаяныңыз бен Ауған соғысындағы оқиғаларыңызды айтып берсеңіз.
2-жүргізуші: Назарларыңызға рахмет. Алдарыңызда 4 <<а>> сынып оқушысы Русланова Мөлдірдің әнін << >> қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде 4 <<а>> сынып оқушысы Булганхан Улыкбектің <<Мен қазақпын>> өлең шумақтарын назарларыңызға ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен,
Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен,
Думанды ауыл, саялы қалаларда
Сыйласып, бір-бірімен күні өткен.
1-жүргізуші:
Досы келсе бәрін де қонақ еткен.
Жауы шапса, бас игізіп тізерлеткен.
Бабасына сиынып тағзым еткен.
Жаны - таза, қаны - таза, қазақ екен,
2-жүргізуші: Қорытынды сөз Герасимовка орта мектебінің директоры Маушанов Дархан Бақытқановичке сөз кезегі беріледі.
Сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арнапасов Ертай Талғатовичке сөз кезегі беріледі.
1-жүргізуші:
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу - біздің борышымыз дей отыра бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонағы ауған соғысының ардагері Букенов Ержан Сәкенұлы мен Алтынбеков Мейрамғазы Оразғалиұлына ой бөлісіп, сыр-сұхбат бергені үшін алғысымызды айтамыз.
2-жүргізуші:
Жаңбырменен жер көгерер,
Батамен ел көгерер, - демекші өз баталарыңызды мына жас ұрпаққа бере кетсеңіздер.
1-жүргізуші:
Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмытарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін
Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесейік. Осымен біздің сынып сағатымыз аяқталды. Барлықтарыңызға белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
КММ <<Герасимовка орта мектебі>>
<<Бекітемін>> <<Тексерілді>>
Мектеп директоры: ТІЖ орынбасары:
Д.Б. Маушанов Е.Т. Арнапасов
<<Есімде Ауған соғысы>>
Жауаптылар: КокбаеваА.Т.
Болат Б
Герасимовка 2016,

6. Балалық шағыныздағы бір қызықты сәттерді айтып беріңізші?
1. Төлеген аға кішкентай кезінде қандай бала болды?
2. Мектепті қалай оқыды? Мектептегі қызықты сәттерін айтып беріңізші?
3. Әскерге дейін немен айналысты?
4. Әскерден қашан оралды?
5. Әскерден оралғаннан кейін қандай қызмет атқарды?
6. Бағыс аға сіз өзіңіздің досыңыз Төлеген аға туралы не айталасыз? Қандай адам болды?
7. Төлеген ағаның неше баласы бар?

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz