Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында , ү зінділермен
орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Оқушыларға Paint графикалық редакторының мәнін,
оның жүктелуі және элементтері туралы түсінік беру,
оларды біліми белсенділікке, техникалық шеберлік пен
ұқыптылыққа баулу.
- Дамытушылық:Өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра
отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді пайдалана отырып сурет салуға үйрету.
- Тәрбиелік:Оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтарын
арттыру, еңбекке тәрбиелеу, халықтық тағылымдарды сурет арқылы бейнелеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Қорытынды сабақ
Сабақ көрнекілігі: Компьютер, Paint графикалық редакторының терезесі,
дидактикалық материалдар, тест, тосын сый.
Пәнаралық байланыс: Сурет, бейнелеу
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушыларды түгендеу)
- Сабақ барысы:
Бүгінгі Paint графикалық редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу қорытынды сабағымыз келесі турлардан тұрады:
1 - тур. Компьютерлік тест
2 - тур. Сұрақ жауап
3 - тур. Суреттер сайысы
4 - тур. ВЕНН диаграммасы
1 - тур Оқушылар алдын ала компюьтерде дайындалған 10 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Мұнда тестің дұрыстығын компюьтер тексеріп оқушыларды бағалайды. (Берілетін уақыт 10 минут)
2 - тур Оқушылар сұрақтар жасырылған тапсырмалар беріліп, қойылған сұрақтарға толық жауап сұралады.
- Paint қандай оператор?
- Paint операторын қалай іске қосамыз?
- Paint операторының жұмыс аланы неше бөлімнен тұрады?
- Құрал саймандар тақтасында қанша әрекет орындауға болады?
- Түстер палитрасы көмегімен қанша түсті тандауға болады?
- Үзінділермен қандай әрекеттер орындауға болады?
- Суреттің үстіне мәтін қосу үшін, қандай әрекеттер орындаймыз?
- Суреттерді қалай сақтаймыз?
- Сақталған суреттерді қалай ашамыз?
3 - тур Оқушылар таңдап алынған тапсырмалар бойынша Paint графикалық редактор терезесінде, жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер ретімен суреттер салуға кіріседі.
№ 1 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Аквариум» тақырыбында бірнеше және әр түрлі балықтардың суретін кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.
№ 2 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Аққалалар» тақырыбында бірнеше аққаланың суретін кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.
№ 3 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Жаңа Жыл шыршасы» тақырыбында шырша суретін кескіндеп, жаңа жылдық ойыншықтармен безендіріп, суретті қағазға басып шығар.
№ 4 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Көбелектер» тақырыбында бірнеше көбелектің суретін кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.
№ 5 тапсырма
Жұмыс столында орналасқан «Тосын сый» қапшығынан қажетті үзіндіні таңдап алып, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша «Қазақтың ою - өрнектері» тақырыбында ою - өрнектер суретін кескіндеп, суретті қағазға басып шығар.
4 - тур Оқушылар ВЕНН диаграммасы бойынша бүгінгі сабақты қорытындылай отырып, сурет сабағы мен Paint графикалық редакторының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдап көрсетеді.
ВЕНН диаграммасы
- Сабақты қорытындылау. (Оқушыларды бағалау)
- Үйге тапсырма. «Жаңа жыл»тақырыбына сурет
әзірлеп келу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz