Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Электр тогы. Электр тогының көздері

8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §35.Электр тогы. Электр тогының көздері.
Сабақ мақсаты:
Электр тогы, электр тогының көздері туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: электроскоп, үдеткіш.
Техникалық құрал - жабдықтар: видеопроектор, презентация, карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тақырып бойынша алынған суреттерді құрастырып екі топқа бөлеміз.
I. Заряд.
II. Электроскоп.
ІІ. Өткен тарауды қорытындылау. Слайдта тор көздер жасырулы тұралы. Сұрақтарға жауап бере отырып тор көздерді толтыру керек.
<<Янтарь>> сөзі гректің қандай сөзін береді? (жауаптың бірінші әріпін кілттің бірінші тор көзіне қойыңыз)
Зарядтың өлшем бірлігі қалай аталады? (жауаптың үшінші әріпін кілттің екінші тор көзіне қойыңыз)
Денелердің өзара электрлік . . . . . . . қабілетіне ие болуы олардың электрленуі деп аталады. (жауаптың үшінші әріпін кілттің үшінші тор көзіне қойыңыз)
Электрон деген сөзден . . . . . . . . деген термин шықты. (жауаптың төртінші әріпін кілттің төртінші тор көзіне қойыңыз)
Қоршаған ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жүйесін оқшауланған немесе . . . . . . . . . . .деп атайды. (жауаптың бірінші әріпін кілттің бесінші тор көзіне қойыңыз)
Денелердің электрлік өзара әрекеттесу қабілетіне ие болу қасиеті электр . . . . . . . . . . деп атайды. (жауаптың үшінші әріпін кілттің алтыншы тор көзіне қойыңыз)
Зарядтардың екі тегі болады, оң және . . . . . . . (жауаптың бірінші әріпін кілттің жетінші тор көзіне қойыңыз)
. . . . . . . . . . . . деп қалыңдығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген қосөткізгіштен тұратын жүйені айтады. (жауаптың екінші әріпін кілттің сегізінші тор көзіне қойыңыз)
Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің . . . . . . . . . деп атайды. (жауаптың тоғызыншы әріпін кілттің тоғызыншы тор көзіне қойыңыз)
Өрістің нүктелерінің арасындағы немесе U деп потенциалдар . . . . . . . . . . . . атайды. (жауаптың үшінші әріпін кілттің оныншы тор көзіне қойыңыз)
Кілт
э
л
е
к
т
р

т
о
г
ы

ІІІ. Жаңа сабақ.
Электр тогы дегеніміз электр зарядтарының электр өрісінің ықпалымен реттелген қозғалысын айтады.

Электр тогы тұрақты болу үшін мынадай шарттар орындалуы қажет:
Еркін шапшаң электр зарядтарын тасымалдушылар болу керек;
Еркін зарядты тасушыларға әрекет ететін электр өрісі болу қажет;
Ток көзі қажет.

Алғаш рет <<электр тогы>> түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы Ампер Андре Мари.

Электр тогының әсерлері:
Токтың жылулық әсері.
Токтың химиялық әсері.
Токтың магниттік әсері.
Токтың физиологиялық әсері.
Ток көздеріне:
Гальвани элементтері;
Аккумуляторлар;
Генераторлар жатады.
Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде күштер деп атайды.
Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымы енгізіледі.

ХБЖ-де ЭҚК бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады:

Ток көзінің шартты белгісі:

Ток көзінде электр зарядтары бөлінеді: оң зарядтар анодқа, терісі катодқа жиналады.
Электрофорлық машиналарда зарядтарды бөлу жұмысы механикалық энергия есебінен болады.
Аккумуляторларда зарядтарды бөлу жұмысы химиялық реакция нәтижесінде болады.
Ток көзінде қайсыбір энергияның электр өрісінің энергиясына айналады.
ІІІ. Жаттығу жұмыстарын орындау.
Егер бөгде күштер, 10 Кл электр мөлшерін ток көзінің бір полюсінен екіншісіне ауыстырғанда 30 Дж жұмыс жасаса, онда ток көзінің ЭҚК - і қандай болады?
Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Осы бөліктегі ЭҚК - і қандай болады?
IV.Карточкамен жұмыс.
Физикалық шамалар
Физикалық шаманың белгіленуі
Физикалық шаманың өлшем бірлігі
Күш

Электр қозғаушы күші

Бөгде күштер жұмысы

Электр заряды

V. Қорытындылау. Тест жұмысы.
Заряд.
1. Дененің электрленгенін анықтайтын құрал не деп аталады?
а) реостат ә) амперметр б) вольтметр в) электроскоп
2. Теріге үйкелген эбонит таяқшамен екі дене зарядталады,өзара қалай әсерлеседі?
а) тартылады ә) тебіледі б) әсерлеспейді в) өзгермейді
3. Бірдей таңбалы электр зарядтары бар денелердің әсерлері қандай?
а) тартылады ә) тебіледі б) әсерлеспейді в) өзгермейді
4. Атом құрылысын зерттеген ғалым кім?
а) Ньютон ә) Эйнштейн б) Резерфорд в) Фарадей
5. Электрон зарядының сан мәні қандай?
а) 1,6* 10-19 Кл ; ә) 9,1* 10-31 Кл; б) 8,3* 10-23 Кл в) 0
6. Электрон зарядының сан мәнін анықтаған кім?
а) Резерфорд ә) Галилей б) Кулон в) Милликен
7. Заттар электр зарядтарын өткізу қабілетіне қарай қандай түрге бөлінеді?
1) өткізгіштер 2) өткізбейтіндер 3)изоляторлар
а)1,2 ә) 1,2,3 б) 2,3 в) 3

Электроскоп
1. Атом неден құралады?
а) электрон; ә) протон мен нейтрон; б) молекула; в) электрон мен ядро;
2. Ядроның құрамында қандай бөлшектер бар:
а) электрон ә) протон мен нейтрон б) протон в) нейтрон
3.Электр зарядының өлшем бірлігі қандай?
а) А ә) Н б) Кл в) Ом
4.Зарядтардың қанша тегі бар?
а) 1 ә) 3 б) 2 в) 4
5.Электрон деген не?
а) ұсақ бөлшек ә) теріс зарядты ең кіші бөлшек;
б) ядро в) молекула
6.Зарядтарды қалай атайды?
1) әртекті 2) оң 3) теріс 4) біртекті
а) 1,2 ә) 2,3 б) 1,2,3 в) 3,4
7.Электр өрісінің болатындығын зерттеген ғалымдар кім?
а) Резефорд ә) Вольт б) Фарадей - Максвелл в) Фарадей -Резерфорд
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §35. Электр тогы. Электр тогының көздері. Карточкамен жұмыс.

Ұқсас жұмыстар
Электр тогы
Қмж физика 7-сыныпқа арналған
Электр тогының әрекеттері
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Оқушының әрекеті
Ток көздері
Электр тогы тақырыбына арналған ойын сабағы
«тұрақты электр тогы» тарауы бойынша оқу модулі
Тұрақты электр тогы. тұрақты токтың пайда болу шарттары электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші
Электр кедергісі
Электр тогының жұмысы мен қуаты
Пәндер