Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Қазақ тілінің білгірлері сабағы

Тақырыбы: <<Қазақ тілінің білгірлері>> сабағы.
Мақсаты:
1. Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу.
2.Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбарлы екендігін ұқтыру.
3.Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
4.Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген оқушыны анықтау.
5. ҚР- ның рәміздерін еске алу, тест жазу, сөзжұмбақ шешу
Көрнекілігі: тапсырмалар, слайдтар, суреттер, сөзжұмбақ, тапсырмалар
1-ж. Қайырлы күн құрметті қонақтар,оқушылар. Бүгінгі біздің <<Қазақ тілінің білгірлері>> атты сайысымыз қазақ тілі апталығына байланысты.
1ж. Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраны
Әнұранды орындайық.
-Біз қайда тұрамыз?
-ҚР қандай рәміздері бар?
- ҚР елбасы кім?
- Қр астанасы?
-Біздің мемлекеттік тіліміз?
Жақсы. Еліміздің рәміздері: әнұраны, туы. Елтаңбасы, сонымен бірге Астанасы, және мемлекеттік тілі бар. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Біздің мектепте де іс қағаздар,мерекелер қазақ тілінде жүргізіледі.
Екі топқа бөлінейік.
Мен жүректерді таратамын, сендер өз бөліктеріңді табыңдар. 1 минут беремін.
Жақсы, енді сабақта екі топ болып жұмыс істейміз.
Сұрақтарға жауап беріңдер
1 -ҚР туы туралы не білесіңдер? Авторы кім, қандай түсті, не бейнеленген?
-Авторы- Шәкен Ниязбеков,
-2 ҚР елтаңбасы туралы не білесіңдер?
- Авторлары- Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
3. Әнұран туралы.
ҚР - ның қалаларын атап беріңдер. Слайд көрсету.
ҚР ның астанасы болған қалаларды атау.
Слайд Сандар сөйлейді.
Келесі тапсырма сөздерді алфавит б-ша жазу.1 бөлігі 1 топқа, 2 бөлігі 2 топқа.
Көптік жалғауларды қайталайық. Ережені.
Осы сөздерге көптік жалғауларды жалғау.
Келесі тапсырма Қазақстан тақырыбына бай-ты сөздерді табу.
Немен байланысты бұл сөздер?
Осы сөздермен сөйлем құрастырып беріңдер.
Қорытындылау.
Не білеміз?
Не білгіміз келеді?
Тест тапсырманы жазу.
ҚР туралы сызба салу.
Бағалау.
Үй жұмысы: 44 бет 2 тапсырма сөзжұмбақты шешу.
Сау болыңдар.

Ұқсас жұмыстар
Өнер бекеті
Қазақ тілі туралы
Отанды біз атамекен
Аспан әлемінің білгірі
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл
Қазақ тілі - қащынам
Компьютер тілін меңгеру
Тіл білімінің салалары
Оқушылар бүгінгі тақырыбымыз қазақ халқының өнері, музыкалық аспаптар
Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
Пәндер