3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Ж. Жұмахановтың Ер еңбекте сыналады мәтіні арқылы еңбекке тәрбиелеу және сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру

Длмуханова Бибигуль Кабекеновна

Атырау қаласы, Жаңаталап селосы

Жамбыл атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

3 сынып

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ер еңбекте сыналады. Ж. Жұмаханов
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын түсініп оқу, мәтіндегі негізгі ойды өздігінен ашу; Мәтін кейіпкерлерін өмірдегі адам қасиеттерімен байланыстыру және салыстыру.
- Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрістерін дамыту, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
- Еңбек сүйгіштікке, шығармашылыққа, салмақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдығы қалыптастыру

Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу
Сабақтың көрнекілігі: Жекен Жұмақанов туралы кесте, үлестірмелі тапсырмалар, слайд.
Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту
1. Психологиялық дайындық
.

Тренинг топқа бөлу:

Стекермен бөлінеді (қызыл, сары, жасыл)

А тобы, Ә тобы, Б тобы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Бәйге ойыны:

10 20 30

40 50 60

10 Наурыз қандай мейрам?

20 Наурызды қай елдер тойлайды?

30 Наурыз мерекесі қай күні тойланады?

40 Наурыз мересі неліктен көктемде тойланады?

50 Қош келдің, наурыз мәтінінің авторы туралы не білесің?

60 Наурыз мейрамындағы басты тағам не? Оның дайындалуы туралы айтып бер.

ІІІ. Ой қозғау:

Қуат алар барша жан,

Дүниеде тең келмес ештеңе оған.

Өмір бойы тер төгіп шыңдалады,

Тынымсыз істерімен барлық адам.

-Бұл өлең мазмұнынан не аңғардыңдар? Не туралы айтылған өлең?

-Еңбек туралы

-Еңбек сөзінің мағынасын ашайық:

іс-әрект

Күш-қайрат кәсіп

жеміс
ерлік
бақыт ақыл-ой

ІҮ. Мағынаны тану:

Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмақанов

  1. Автор туралы мәлімет:Жекен Жұмақанов- жазушы, журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1935ж. 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жүрекадыр ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген (1978 ж. дүниеден өткен) . 1925 жылдан бастап оқу жолына түсті. 1935 ж. Алматыда Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірді. «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысына қатысып, Армия қатарынан 1964 ж. босап, қайтадан әдеби өмірге араласты. «Әлия», «Мен жұмысшымын», «Қаракөз қарындасым» әңгімелерін жазды. 2) Мәтінмен жұмыс:

Электронды оқулықтан тыңдау:

-Автор орындығы (рольге бөліп оқу)

Автор сөзі

Кран сөзі

Жүк машинаның сөзі.
Мәтінді талдау:

А тобы:

  1. Бұл оқиға қай жерде болды?
  2. Құрылыс алаңындағы көлік түрлерін ата

Ә тобы:

  1. Жүк машинасы кранды не деп келеке қылды?
  2. Кранның берген жауабы

Б тобы:

  1. Ауа -райында болған құбылыстың әсерінен жүк машинасы қандай қиындыққа тап болды?
  2. Оған не көмекке келді?

Мәтінге қорытынды жаса

Ү. Сөздік жұмыс:

1 Алқынып-ұмтылу
2 Гүжілдеп-машинаның қиналған дыбысы
3 Кекетіп - мұқата-күлкі қылу
4 Ойпат-шұңқыр
5 Белшеден батқан-батпаққа бату

ҮІ. Топпен шығармашылық жұмыс.

А тобы:
-Мәтін бойынша мультфильмге қатысушы кеіпкерлер сөзін дайында

Ә тобы:

Құрылыс сөзіне бес жол өлең құрастыр:

1. Не? құрылыс

2. қандай? үлкен, биік

3. не істеді? Салынады, еңбектенеді, жұмыстанады.

4. Құрылыс нағыз еңбек алаңы.

5. Еңбек

Б тобы:

РАФТ құрастыру:

Р-кран

А-аудитория-көліктер

Ф- формула пікір

Т-тақырыбы: Ынтымақ

Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз де құрылысшының тек көмекшісіміз. Ал бірігіп іс тындырсақ талай нәрсені ынтымақпен тындырамыз.
ҮІІ. Ой толғаныс:

Шығармашылық тапсырма:

А тобы: Еңбек туралы мақал айту

Ә тобы: Венн диаграммасы

Кран жүк машина

Б тобы Көліктер суретін салу:

ҮІІІ. Қорытынды:

Біз бүгін не үйрендік не білдік, не білгіміз келеді?

Мына кестеге толтырайық:

Білемін
Үйренгенім
Үйренгім келеді
Білемін:

Құрылыс туралы,

Көлік түрлерін

Үйренгенім: Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді түсіндім
Үйренгім келеді: Еңбек ету, қолғабыс ету.

Стекерге бүгінгі сабақтан не ұнадын емесе не ұнамады өз пікірлеріңізді жазып тақтаға жапсырамыз.
ІХ . Үйге тапсырма: Мәтін мазмұнын түсіну. Автор туралы дерек.

Х. Бағалау:


Ұқсас жұмыстар
Жекен Жұмахановтың Ер еңбекте сыналады мәтіні бойынша әдебиеттік оқу сабақ жоспары
Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру
2-сыныпқа арналған М. Дулатовтың Қыс мәтіні бойынша әдебиеттік оқу сабағы (АКТ және сыни ойлауды дамыту)
2-сынып әдебиеттік оқу: Ж. Смақовтың Айтшы, әжетай өлеңі арқылы туыстық атаулар мен мамандықтарды үйрету және адамгершілік пен сыни ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы бастауыш мектепте сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: әдістеме мен тәжірибе
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы Жеті қазынаның бірі - ертегілер түрлері мен сыни ойлауды дамыту
2-сынып әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту стратегиялары
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру тәжірибесі
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Мысық пен тышқандар ертегісін оқыту және сыни ойлауды дамыту
Жеті модульді практикалық қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz