3-4 сынып оқушыларына арналған Оқы да біл, ойна да күл интеллектуалды сайыс сабақ жоспары

Мақсаты : Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды сайыс .
Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма,
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сайыс барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу.

Кіріспе сөз: - Армысыздар ұстаздар, оқушылар. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, сіздер 3-4 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Оқы да біл, ойна да күл!» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер.
Таластың тәрбиелі ұл-қызысыз,
Білімменен, өнерменен бұлқыныңыз.
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи,
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз - дей келе, сіздердің қошаметтеріңізбен ортаға сайысқа қатысатын білімділерді ортаға шақырайық.
1-топ. «Тайсалма» ; 2-топ. «Тұлпар»
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
Мұғалім:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
(Әділқазы алқасын сайлау)
Мұғалім:
Білім қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына білімі жетер дейміз.
Сайысқа келген екі топта кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
І. Әр топтың өздерін таныстыруы және ұраны.

ІІ. «Ширату». (Әр топқа 10 сұрақ, дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. )

ІІІ. Мақал - сөздің мәйегі.

IV. «Ойжүйрік» (Суреттерді есте сақтау)

V. Танымдық сұрақтар

VI. Қорытынды (кері байланыс)

Ширату кезеңі
(Әр топқа мақалдың алдыңғы бөлігі айтылады, соңғы бөлігін айту керек)
1-топқа:
1. Аттан тай озады, . . . (атадан бала озады)
2. Ашу дұшпан, . . . (ақыл дос)
3. Еңбектің наны тәтті, . . . (жалқаудың жаны тәтті)
4. Білімді мыңды жығады, . . . (білекті бірді жығады)
5. Жері байдың - . . . (елі бай)
2-топқа:
1. Кісі елінде сұлтан болғанша, . . . (өз еліңде ұлтан бол)
2. Оқу білім азығы, . . . (білім ырыс қазығы)
3. Күш - білімде, . . . ( білім - кітапта)
4. Кітап - білім бұлағы, . . . (білім - өмір шырағы)
5. Анасыз ақын да болмайды, . . . (батыр да болмайды. )
ІҮ. Ғажайып төрттік
Математика
1. 1 дм. неше сантиметр? (10 см)
2. Бірінші қатарда 7 бала отыр, екінші қатарда одан 4 бала артық отыр. Екінші қатарда қанша бала отыр? (11)
3. 1 сағ. Неше минут бар? (60)
4. Санды өрнек неден құралады? (саннан)
5. 47 санында неше ондық, неше бірлік бар? (4 ондық, 7 бірлік)
Қазақ тілі
1. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтті? не қылды?)
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
3. Адамдар не арқылы хабарлайды, сұрайды, кеңеседі? (тіл)
4. Сөз неден құралады? (әріп)
5. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?(
Ана тілі
1. «Қаздың тұзаққа түсуі», бұл қай ертегіде кездеседі? («Ұр, тоқпақ»)
2. «Түн ұйқысын төрт бөліп», деген жолдар кім туралы айтылған? (ана)
3. «Қанат туралы хикая»-ның авторы кім? (Ф. Оңғарсынова)
4. Қ. Аманжолов қай мезгіл туралы өлең жазған? (көктем)
5. «Ара мен Шыбын» - бұл өлең бе, мысалма? (мысал)
Дүниетану
1. Адам немен тыныс алады? (Ауа)
2. Адамға ең қажетті жағдайлар? (ауа, су, жарық, тағам)
3. Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)
4. Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?(табиғаттан)
5. Табиғат нешеге бөлінеді? (2)
Ү. « Кім жылдам?» Топ жетекшілерінің сайысы 10 сұрақ қойылады.

VI. Қорытынды.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер- деп сайысымызды аяқтаймыз.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып оқушыларына арналған Озаттар интеллектуалды сайыс сабақ жоспары
Мектепке дейінгі балаларға арналған Ойна да, ойла вариативтік компоненті - дамыту ойындар жинағы (36 сағат)
Сынып үздігі: бастауыш сынып оқушыларына арналған интеллектуалды сайыс жоспары
Жамбыл атындағы орта мектептегі 2-сынып оқушылары арасында Талапты да талантты оқушылар интеллектуалды ойынының сценарийі мен өткізу жоспары
Бақытым да, байлығым да - отбасы: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын тренинг
Тапқыр болсаң, талас жоқ: 3-4 сыныптар арасындағы интеллектуалды сайыс
Зерде интеллектуалды сайыс: дайындық сынып оқушыларына арналған мақсаттары мен ұйымдастыру тәртібі
Батық орта мектебінің Қарағанды облысы, Шет ауданы 3-4 сынып оқушыларына арналған Сынып үздігі интеллектуалды ойыны сценарийі
3-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс математикалық сайыс Тапқыр математик
Факультативтік сабақ жоспары: Қызықты да қиын химия - тәжірибелік көрсетілімдер мен есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz