Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Тастыөзек орта мектебі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Тилеулинова Айжан Сембайқызы
Тақырыбы: Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: <<Шуағын төккен 4 жыл>> фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.
Жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
<<Өмір>> деген ұзақ жолда тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен Тастыөзек мектебінің киелі шаңырағында болғалы отырған <<Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!>> атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Құрметті ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн - ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Жүргізуші:
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш түлектері ортаға келеді.
Жүргізуші:
Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Дархан Серікұлына беріледі.
Жүргізуші:
Ия мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше балалардың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
1-оқушы: Мират
Мектеп деген білім кені жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
2-оқушы: Б.Камила
Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,
Әр күні балалықтай біл жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3-оқушы: Ерсұлтан
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
4-оқушы: Дильназ
Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
5-оқушы: Дамир
Мектеп - үйім, ұстазым менің ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
6-оқушы: Алина
Мектебім - сүйікті мектебім.
Бауырыңда түлеймін көктеймін.
Сен - бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
7-оқушы: Дияс
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
Жүргізуші:
<<Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға>>, - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолдарыңа қалам ұстатқан, оң мен солдарыңды танытқан, сендер мен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі аналарың - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің ______________ ?
Жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. <<Мұғалім - мектептің жүрегі>> - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Жүргізуші: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: <<Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді>> деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
8-оқушы: Аружан
Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
9-оқушы: Орынбасар
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
10-оқушы: Әмина
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
11-оқушы: Ж.Кәмила
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім...
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
12-оқушы: Б.Камила
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
13-оқушы: Ерсұлтан
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталды жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.
Хор <<Ұстазым менің>>
Жүргізуші:
Иә, осыдан 4 жыл бұрын, сендер 6 жастағы сәби - балалар сөмкелеріңді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едіңдер.
Жүргізуші:
Енді міне, сауаттарыңды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрсыңдар.
Жүргізуші:
Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде сендердің ұстаз аналарың сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Жүргізуші:
Ендеше балалар, бастауыш сыныптарың туралы неге айтпасқа?
1-оқушы: Дильназ
Бастауышта шырқалмаған жыр барма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
2-оқушы: Алина
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
3-оқушы: Дияс
Бастауышым - балбұлағым,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
4-оқушы: Аружан
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол былғаймын.
5-оқушы: Орынбасар
Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
Хор: <<Ұстазым>>
6-оқушы: Әмина
Мектеп - кеме, білі - теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
7-оқушы: Мират
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте - бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
8-оқушы: Ж.Кәмила
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Ендеше ата-аналарымызға өз жылы лебіздерімізді білдірейік.
9-оқушы: Б.Камила
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
10-оқушы: Ерсұлтан
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
11-оқушы: Дильназ
Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген,
12-оқушы: Дамир
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Жүргізуші:
Қайырбек Дамирдың орындауында <<Сенің анаң алтын>> әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз.
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз.
Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген.
Ұлы Ұстаз-ана мына отырған өзіңіз,- деп
<<Самбо>> биін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ұстаз тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп ұстаздар мен ата-аналарымыздың құрметіне Жанатұлы Ерсұлтанның орындауында <<Жаяу>> атты әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз.
<<Араб>> биі
Жүргізуші:
Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған,-деп 10 сынып оқушысы Әнуарбек Айжұлдыздың орындауында <<Балдәурен>> әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ұлылықтың мықтылығы ағашымен,
Қымыздың күштілігі сабасымен
Бишінің биші болып аталуы
Қол соғып, қошеметтеген ортасымен - дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға биші қыздарды шақырамыз. Украин биі
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән ментәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Әмина, Аружанның орындауында <<Көңілді күн>> әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Бірге өсіп, ел жайлаған ұл менен қыз
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді
Сізерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе Мират пен Дильназдың орындауында <<Өзбек>> биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Көзге ыстық көрінер.
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны.
Мұғалімнің арқасы,-деп Әділханқызы Алинаның орындауында <<Жан досым>> әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп.
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекте мың бұралған бишілерде. <<Қазақ биі>>
Жүргізуші:
Қазақта жақсы сөз бар, <<Әзілің жарасса атаңмен ойна>> деген, өз әзілдерін алап келген 11 сынып қыздарын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!-деп <<Грузин>> биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
4 сыныптың қызықты бейне роликтеріне кезек береміз.
Жүргізуші:
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазды жүрекпен
Жыр арнаймын өзіңе,-дей келе Бербер-Оглы Камиланың орындауында <<Улыбка>> әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін бастауышпен
<<Бастауыш вальсін>> билеп тұрып.
Бастауыш сынып түлектері.
Хор: <<Бастауышым-балбұлағым>>
Жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген аяулы, ардақты адам, - деп ортаға Бастауыш сынып түлектерінің алғашқы ұстазы Айжан Сембайқызына сөз кезегі беріледі.
Айжан Сембайқызы: Бастауыш сынып түлектеріне арналған сурет жинақ альбомын табыстауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Бастауыш түлектеріне ізбасарлары атынан 3 сынып оқушысы Рысбеков Жәнібек тілегін жолдайды. (3 сынып оқушылары лента тағады)
Жүргізуші:
Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , - дей отырып, барша ата - аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегi ________________________________________________________________ береміз.
Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.
Жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz