Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөз өнерінің асыл қазынасы

№1 Сабақ
8-сынып
Пән: Әдебиет
Күні:3.09
Тақырыбы: Кіріспе. Сөз өнерінің асыл қазынасы.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік : оқушылардың 7 сыныпта өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу, қалыптастыру, кеңейту,жан-жақты жетілдіру,бекіту; қазақ әдебиеті тарихы бойынша білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлау,есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін мәтінмен жұмыс істеу арқылы дамыту.
3.Тәрбиелік: қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармаларын мақтан тұтуға,әдептілікке,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: ынталандыру әдісі,сұрақ-жауап,әңгімелеу,мәтін,қосымша әдебиетпен жұмыс.
Оқыту формалары: жеке,жұппен,өздік,топпен жұмыс,тірек сызбалар жасау.
Сабақтың көрнекілігі мен
техникалық жабдықтары: қазақ халқының ауыз әдебиетінің шығармалары
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып кезекшісімен әңгімелесу, оқушыларды түгендеу, сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
I.Сабаққа қызығушылық туғызу. Ой қозғау (побуждение).
1. <<Ауыз әдебиеті>> дегенде ойымызға қандай ассоциация келеді ? Ассоциация сызбасын сызу - 1топ.
2.Ауыз әдебиетінің түрлері мен жанрларын кластер арқылы көрсету - 2 топ.
- Сонымен,балалар,ауыз әдебиеті ежелден кележатқан әдебиет,ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралған. Сонымен қатар оның өз жанры болған және ол екі түрге бөлінген:
1)ауызша ; 2) жазбаша
II. Мәнін түсіну (ұғу) - осмысление.
1. Өздік жұмыс - мәтінмен танысу. Оқулық бойынша <<Кіріспе>> атты мәтінді өзара оқып шығу. Жаңа сөздерді тауып,мазмұнын ашу, сөздіктерге жазу. Мәтіннің мазмұнын түсіну.
2. Жұппен жұмыс: партада отырған 2 оқушы бір-біріне мәтін бойынша 3-4 сұрақ қою арқылы мәтіннің мазмұнын түсінгенін анықтайды.
-ал ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығы неде? Ауыз әдебиеті - көп нұсқалы,жазба әдебиеті авторы болғандықтан бір ғана нұсқалы болады.
III. Балардың ой-пікірлерін тыңдау, бағалау - рефлексия .
1. Венн диаграмасы бойынша оқушылар сұраққа жауап - 1 топ.
2. Көркем бейне, ауыз әдебиет,жазба әдебиет терминдеріне түсінік беру - 2 топ.
-:Балалар, бүгінгі сабағымызыдың тәрбиелік мәні қандай деп ойлайсыңдар?
Үйге тапсырма: Кіріспе бөліммен танысу.
Мұғалім: сабақты қорытындылап оқушылармен қоштасады.

Күні:10.09
Пән: Қазақ әдебиеті (Халық ауыз әдебиеті)
Тақырыбы: Лиро - эпостық жырлар
Оқыту мақсаты: Лиро - эпостық жырлар жайында мағлұмат беру, <<Қыз Жібек>>, <<Баян сұлу- Қозы Көрпеш>>, <<Айман- Шолпан>> жырларының тақырыбы мен идеясын ашу.Қайталау арқылы естеріне тереңдете түсіру, салу.
Дамыту мақсаты: Дүние тану жолындағы ой- өрісін, қиялының шамасын, еркін сөйлеуге, терең ойлауға, әдеби тіл байлықтарын дамытуға итермелеу.
Тәрбиелік мақсаты: Тапқырлыққа, достыққа баулыту. Елін, жерін, Отанын сүйюге, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: Сұрақ- жауап, көрнекілік, мазмұнды- ізденушілік, топтық тәсіл.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі, тарих, сурет, музыка
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру сәті: а) сәлемдесу, ә) оқушыларды түгендеу, б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасы: Сөзжұмбақ шешу

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Бүгінгі сабақтың мақсаты өткен лиро- эпостық жырларды қайталау. Ол үшін оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтың өз басшылары, ұраны, өзіндік белгілері болады. Топтың атаулары: <<Лирика>> тобы және <<Эпос>> тобы. Са
3. Демеуші болатын білімді белсендіру:
-Әр топ өз топтарының аттарына анықтама береді.
1. Лирика- адамның көңіл күйін, қуаныш ренішін білдіретін поэзия.
Эпос- баяндау, әңгіме өлең деген мағынаны білдіреді
oo Оқушылар өз жауаптарын оқиды
2. Оқушылар лиро эпостық жырларға нелер жататыны тірек сызба арқылы көрсетіп айтып береді.

Лиро-эпостық жырлар



---- толтырған тірек сызбаларын қорғап жауап береді ( жауаптарын екі топтың басшылары бір-бірін бағалау парақшасына бағалап отырады бағалап отырды)
3. Махаббат, ғашықтар сөзіне бес жолдық өлең құрастыру
Зат есім+зат есім
Сын есім+зат есім
Зат есім+етістік
Есімдік +зат есім
4. Сұрақ-жауап << Алтын сандықша>> ойыны
Оқушылар сандықшадан сұрақтарды алып жауап береді
5. Балалрдың ой-пікірлерін білу, анықтау - рефлексия.
1. <<Инсерт>> стратегисы бойынша сабақта алған білімдерің көрсету.
бұрыннан білемін?
бүгін сабақта білдім?
білгім келеді?

5. Үйге тапсырма: Лиро эпостық жырларды оқу
Сынып:8 Пән: әдебиет Күн:----------
1. Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Тест жұмысы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Формалары: , жекелей
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А. Сәлемдесу.
Ә. Күн тәртібі.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Күнделікті қажет жаңа сөздермен жұмыс
Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап береді
3. Білімді тексеру кезеңі:\топпен жұмыс\
oo Дәптерлеріңе оқулықтағы тест сұрақтарына жауап жазыңдар.
4. Мақсат қою кезеңі: оқушылардың алған білімдерін тексеру
Ой өрістерін кеңейту
5. Материалды түсіндіру кезең
* Мақалдармен жұмыс жүргіземін.\ауызша, жазбаша\
6. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:
7. Тест сұрақтары мен тапсырмаларды орындауын қадағалау
8. Бекіту кезеңі: Білімдерін бағалау.
9. Үйге тапсырма беру кезеңі:
Қайталау сұрақтарын шолу

Пәні: Әдебиет Күні:---------
Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы:Қыз Жібек жыры
Мақсаты: Тақырыпты терең талдау, идеясын жан - жақты айқындау.
2.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастыру.
3.Әдептілікті, әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: бейне таспа, ой шақыру, кесте, Венн диаграммасы
Көрнекілігі: кейіпкерлер суреті, слайдтар, кинофильмнен үзінді
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Амандасу, түгендеу.
2. Үй жұмысын тексеру.
Мұғалім:
-.Балалар біз сендермен ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен таныстық. Соның ішінде тұрмыс - салт жырларымен таныстық. Қане сендер қазақтың қандай салт - дәстүрлерін білесіңдер?
-Ал, сендер шашу шашу дәстүрін естігендерің бар ма? Шашуды қандай уақытта шашады?
-Сендерге менің де бүгін шашу шашқым келіп тұр. Бұл шашудың ішінде сендерге тапсырмалар бар.
(оқушыларға кәмпит және қәмпиттің қағазында оралған сұрақтарды шашу.
-Сұрақтарға жауап алу.
Сұрақтары:
3.Ой шақыру стратегиясы.
-Халық жадында мәңгі сақталған қандай ару қыздарды білесіңдер?
-Ия, балалар Мұхтар Мағауин пікірінше <<Әлемдегі ең сұлу қыз - қазақ қызы...>> деген.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз қазақтың ару қыздарының бірі Қыз Жібек жыры.
4.Мағынаны тану
2.Мәтін алдын ала үш бөлікке бөлінген.
Жұмыс тобында әр оқушы жеке өз бөлігін оқиды.
Одан кейін үй тобына оралып бір біріне өз бөліктерін айтып береді.Бірінші сандағы оқушы бірінші бөлігін, екінші сандағы оқушы екінші бөлігін, үшінші сандағы оқушы үшінші бөлігін бір - біріне айтып береді. Осыдан кейін барлық барлығы тақырыппен өздері танысып шығады.
5.Тақырыпты меңгеруге арналған сұрақтар
№1 сұрақтары
1. Төлегеннің дүниеге келуі, ер жетуі. ?

№2 сұрақтар
1. Жібек пен Төлеген?
№3 сұрақтар
1. Жібек Төлегеннен айырылғаннан кейін басына қандай пәле тап болды?
2. Жібек Хорен қалмақтан құтылудың жолын қалай табады?
3. Сансызбай деген кім? Жібек неге оған тұрмысқа шығады?

6..Компьютерден кинофильмнен үзінді көрсету.

Мұғалім: Балалар, сендер осы кинофильмнен үзіндіні көргенде қандай әсер алдыңдар?
Қазір сендерге осы кинофильімге түскен кейіпкерлермен танысуға мүмкіндік туып тұр

7.Ал, осы кинофильімді түсіріп, шығарған адамдармен де таныс болыңыздар.
Фильм <<Кыз--Жібек>>
Шыққан жылы - 1970ж.
сценарий авторы - Ғабит Мүсірепов.
Режиссер - Сұлтан--Ахмет Ходжаевич Ходжиков
Композитор - Нұрғиса Тілендиев
суретші-қоюшы - Гульфайрус Исмаилова
Басты рөлдерде: Асанәлі ӘшІмов, Меруерт Утекешева, Құман Тастанбеков
Киностудияда әлі күнге дейін басты кейіпкерлердің костюмдері мен аппаратуралары сақталған.
8..Слайдтан Қыз Жібек киносына түскен кейіпкерлерді көрсету.
Фильмнің тарихында басты кейіпкерлердің рөліндегі Меруерт Утекешова мен Құман Тастанбеков 40 жыл өмірде берге. Өмірдің өзі оларды бірге қосқан. Экрандағы ғашықтық сезімін шын өмірде де жалғастырған.
9. Ой толғаныс.
Жақсы балалар, біз сендермен бүгін <<Қыз жібек>> жырымен таныстық, осы жырдағы кейіпкерлермен және кинофильмнен үзінді көрдік. Балалар, сіздер қалай ойлайсыздар Жібектің Сансызбайға тұрмысқа шыққаны дұрыс па әлде дұрыс емес пе? Қазір сіздер мына кестені толтыра қоясыздыр.
1 топ - <<дұрыс>> деп жазады
2 топ - <<дұрыс емес>> деп жазады
2.Венн диаграммасы
Қорыта айтқанда, қазақтың классикалық түрдегі <<Қыз Жібек>> жыры - ежелгі рулық заманда пайда болған <<жігіттің үйленуі>> туралы түпкі сюжеттің негізінде орта ғасырларда үлкен эпос болып қалыптасқан түрі. Қыз Жібек жыры профессионалды операға , көркем фильмге негіз болды.

10.Бағалау: Оқушыларды бағалау

11. Үйге тапсырма: <<Қыз Жібек>> жырын толық оқу.

Пән: Әдебиет Күні:---------
Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы: <<Қыз Жібек>> жырының көркемдік ерекшелігіне талдау.
Мақсаты: 1.Білімділік. <<Қыз Жібек>> жырының басқа лиро-эпостық шығармалардан ерекшелігін таныту;
2.Дамытушылық.Көркем сөздің табиғатын ұғындыры отырып,өз ой-пікірін айта білуін,сөйлеу мәдениеті мен сөздік қорын дамыту;
3.Тәрбиелік. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді қабылдауға,салт-дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақ түрі: бекіту сабағы
Әдіс-тәсілдері:сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,сұрақ-жауап,іздену,түсіндіру,талдау-жинақтау;
Көрнекілік:интерактивті тақта,үлестірмелі тапсырма,оқулық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен амандасып,кезекші арқылы оқушыларды түгендеу,
ІІ.Өткенді еске түсіру. Оқушылардан үй тапсырмасын тест сұрақтарына жауап жазу арқылы тексеру.
Үй жұмысын қорытындылау үшін берілетін сұрақтар.
1. <<Қыз Жібек>> жырының авторы?
2. <<Қыз Жібек>> қай жылы шықты?
3. Нақты деректеріңді айтыңдар.
4. Кейіпкерлерді атап сипатттама беріңдер
ІІІ.Жырдың көркемдік ерекшелігін талдау;
Академик М.Әуезов <<Қазақтың өткеннен қалған эпостық мұрасының ішінде <<Қыз Жібек>> жыры асқан көркемдігімен оқшауланып,ерекшеленеді
<<Қыз Жібек>>жыры халқымыздың сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз,ол өзінің көркемдік ерекшелігімен оқырманды өзіне баурап алады.Жырдың-идеялық мазмұны,көркемдік сөз саптауы,сюжеті,композициясы,көркемдік айшықтары жағынан басқа жырлардың ішіндегі үздігі.
Жырда қазақтың салт-дәстүрі,тұрмыс-тіршілігі,ерекшелігі,сауда-саттықпен халқымыздың айналыса бастағанын көреміз.Сонымен бірге естірту,жоқтау,қоштасу,жұбату,айтыс,зарлай арнау,сыңсу түрлері кездесіп,жырды көркемдей түсуге септігін тигізеді.Жырдың құндылығы оның берілу әдісінде.Көркемдегіш тәсілдеріне келсек,кейіпкер бейнесін ашуда жыршы теңеуді,эпитетті,метафораны,құбылтудан әсірелеу мен кішірейтуді,айшықтаудан зарлай арнауды ұттымды пайдалана білген.
Жыршы халықтың тіл байлығын пайдалана отырып,аз сөзге көп мағына сыйғыза білген.
ІҮ.Білімін жан-жақты тексеру.
Қызығушылықты ояту.
Жырды сызба арқылы композициялық құрылымына талдау.
Жырдың тақырыбы
Оқиға орны
Оқиға кезеңі
Кейіпкерлері
Тұлпарлар бейнесі
Басталуы
Аяқталуы
Идеясы
Шешімі
Жазбаша жұмыс түрі.
Жырдан мысал келтіре отырып,тапсырманы орындау.

Жырдың берілу әдісі.

Хикаялау. Сипаттау. Сөйлету.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Көркемдегіш тәсілдерді тауып,интерактивті тақтада мысалымен жазу.
Көркемдегіш тәсілдер.

Ажарлау. Құбылту. Айшықтау.
Ү. Қорытындылау; Н.Тілендиевтің <<Аққулар>> күйін тыңдау
ҮІ. Үйге тапсырма: Жырдан үзінді

Пән: Әдебиет Күні:---------
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы:
Әл Фараби <<Қашықтасың туған жер>>
Сабақтың мақсаты:
- Әбу Насыр Әл Фараби өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту
- <<Қашықтасың туған жер>> өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу
- оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, елжандылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:
Әл Фараби өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейте отырып, өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады.Өз ой пікірлерін, көзқарастарын жүйелі жеткізу дағдылары қалыптасады.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақ әдістері
<<Ыстық орындық>>, <<Стол түйіні>>, <<Жеміс себеті>>,СТО
Сабақтың
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Күтілетін нәтиже
уақыты
Ұйымдастыру
кезеңі
Сабаққа психологиялық дайындық. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір- біріне жақсы тілек айтқызу
<<Жеміс себеті>>әдісі арқылы сыныпты үш топқа бөлу. (алма, алмұрт, киви қиылған суреттер арқылы топқа бөлу.)
Бағалау парақтарын үйлестіру
Оқушыларды шеңберге тұрып, бір- біріне жақсы тілек айтады, сабаққа қызығушылықтары оянады
Сынып үш топқа бөлінеді

Жағымды атмосфера қалыптасады
Топқа бөлініп, топ басшысы белгіленеді.
5 минут
Білу,
Түсіну
Әр топқа тапсырмалар беру:
Алма тобына: Әл Фарабидің өмірі мен қызметі жайлы мәліметтерді оқып, қорғау.
Алмұрт тобына: Әл Фараби <<Қашықтасың туған жер>>өлеңін мәнерлеп оқып, өлең мазмұнын, идеясын ашу
Киви тобына: өлеңге сатылай кешенді талдау жасау
Әр топ өздеріне берілген материалдарды оқып, түсініп, постер жасайды. Жасаған постерлерін тақтада қорғайды. Бір бірімен ой бөліседі бір- бірін толықтырады.
* Әл Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер алады,
* Өлеңді мәнерлеп оқиды.Өлең мазмұны мен идеясын ашып, түсінеді.
* Ой, пікірлерін еркін жеткізеді.
* Топта бір- бірін бағалауды үйренеді.
* Алған білімдерін қолданады
10-12 минут
Қолдану
Әр топқа тапсырмалар беру.
Алма тобына: Әл Фараби өмірі мен шығармашылығына хронологиялық кесте жасау
Алмұрт тобына: <<Менің туған жерім>> тақырыбына шағын эссе жазу
Киви тобына: Әл Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сөзжұмбақ құрастыру.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, ортаға салады. Әр топ өздерінің тапсырмаларын қорғап, дәлелдейді.

7-8 минут
Талдау
<<Ыстық орындық>> әдісі арқылы сұрақтар қою, әр топтан бір оқушыдан шығарып, басқа топ мүшелері сұрақтар қойғызу
Әр топтан бір оқушы шығып, <<Ыстық орындыққа>> отырып, топ мүшелерінің және мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.
Ашық сұрақтар қою дағдылары қалыптасады. Өз ой пікірлерін, көзқарастарын білдіруге мүмкіндік туады.
7 минут
Жинақтау
<<Стол түйіні>> әдісі арқылы сабақтан алған білімдерін жинақтау
Әр топ бүгінгі сабақтан алып, түйгендерін, <<Стол түйіні>> әдісі арқылы түйін жасайды
Алған білімдерін түйіндейді.
3-5 минут
Бағалау
Бағалау парағын толтырады.
Стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсері мен ұсыныстарын жазғызу
Бағалау парақтарын толтырады.
Стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсері мен ұсыныстарын жазады.
Сабақты және өздерін мен бір- бірін бағалауды үйренеді.
5 минут
Үйге
тапсырма
Әл Фараби өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша материалдар іздену, өлеңін жаттау

Пән: әдебиет Күні: ---------------
Сынып:8
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Абайды оқуды одан әрі жаңартып,білімін толықтыруға, ізденушілікке ықпал жасау,бағыт беру.Абайды оқуды
Білімділік: Оқушылардың ой-өрістерін,білімділіктерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушыларды толық жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.Сөздік қорларын арттыру
Тәрбиелік: Ұлтымыздың ұлағатты тұлғаларын білуге,насихаттауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,инсерт әдістері
Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, алтын сандықша, сұрақтар,бағалау парақшалары.
1.Сабақтың барысы: -Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
-Оқушыларме сұхбатттасу
---- Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Үлгерімі төмен оқушылар 10сұрақтан құралған тест тапсырмасына жауап береді.
2. Сандықшадағы тапсырмаларға жауап береді

2.Жаңа сабақ
-Оқушыларға сабақтың мақсатын айту
- Миға шабул
-Абай туралы өткен сыныптардан не білесіңдер
-Абай кім? (оқушылар білгенін айтады,кейін слайд көрсетіледі)

3.<<Кім тапқыр?>> ойыны. Оқушылар тақтадағы сұраққа тез ойланып жауап береді. (кім дұрыс нақты жауап берсе қызыл көк жұлдызшалар беріледі)
--Оқушыларға қосымша мәліметтер беру;
- Ақынның шығармашылығы жайлы,
- Табиғат лирикасына байланысты өлеңдері мен қара сөздері
4. <<Сандар сөйлейді>> атты кезең
-Бұл кезеңде тақтада жылдар беріледі сол жылдарға байланысты мәліметтермен таныс болады
1845ж- дүниеге келген
1904ж- қайтыс болған
1860ж- Шығармашылықпен айналыса бастаған
1880-1897ж- алғашқы өлеңдері шыққан
1890-1898ж- қара сөздерін басып шығара бастаған
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.
Абай 10 тамыз қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден - Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан - Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан - Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі" Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.
Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс болды.
5.Қорытындылау:
Инсерт әдісі
Не білем?
Не білдім?
Не білгім келеді?

Оқушылардың қаншалықты тақырыпты меңгергендерін тексеру
6.Рефлесия оқушылар сабақтан алған әсерлерін жапсырмаға жазып тақтаға іледі
7.Бағалау:
8. Үйге тапсырма: 35-37 бет оқу,Ақынның бір өлеңін жатқа айту

Пән: Әдебиет Күні:--------------
Сынып:8
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев <<Сегіз аяқ>>.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын м Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше о й түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
Ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі;
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білемін/үй тапсырмасын тексеру/:
Үйге берілген тапсырма: Абайдың өмірі, шығармашылығы, қарасөздері, тақырып бойынша шығармашылық жұмыстары: <<Мен таныған Абай>> тақырыбында ойтолғау, өлең шығару, жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.

ІІІ. Білгім келеді. /жаңа сабақ/
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.
Бүгінде ақын арманы орындалды. Еліміз
тәуелсіздігімізді алды, биыл біз <<Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығын>> тойлап отырмыз, еліміз қабілетті 50 елдің қатарында.
Абай әлемі терең мұхит, сол мұхитты жүзіп өтіп, Абай әлемінен білім алайық.
Бүгін біз ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен әрі мол, әрі көркемдік жағынан келісті, зор шығармаларының бірі - <<Сегіз аяқ>> өлеңімен танысамыз. <<Сегіз аяқ>> Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.
1. Абай оқуларының аудандық жүлдегері Айдана <<Сегіз аяқ>> өлеңінен үзінді оқып береді.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу. /әр топтан 1 оқушыдан/.
3. Өлеңде не жайында айтылған? Не түсіндік?
а/ Ақын бұл өлеңде әлеуметтік мәселелерді сөз қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына ерекше тоқтап, үлгілі сөздер айтады.
б/ Ақын тек өмірдің шындығын ғана ашып қоймай, алға қойған мақсатты орындау үшін не керек екендігін де ашып көрсетеді.
г/ Ұлы ақын жастардың адам болу үшін ең алдымен еңбек ету керек, білімді болуы керек және халқына пайдалы еңбек ету керек деп қорытынды шығарады.
Дұрыс айтасыздар, <<Сегіз аяқ>> өлеңінде ақын өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі, мұнда бір жағы - сын, сықақ болса, екінші жағы - өсиет, ғибрат беру.
Слайдтан <<Сегіз аяқ>> өлеңі 1 шумақ
<<Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған -
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл
4. Балалар, бұл өлең біз бұрын өткен Абай өлеңдерден өзгеше екенін көріп отырсыңдар. Себебі <<Сегіз аяқ>> өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.
Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.
<<Сегіз аяқ>> өлеңінің өлшемін, шумақтың өрнегін Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған.
<<Сегіз аяқ>> өлеңі - өз заманындағы өмір шындығы көрсетілген өлеңдерінің бірі.
Абай өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрлендіріп, әдейі арнап ән де шығарған.

7. Ән тыңдау. Жүсіпбек Елебековтың орындауында <<Сегіз аяқ>>.
Бұл әннен өлеңнің мазмұны мен мақсатына ақынның ерекше зер салғанын көреміз.
8. Дәптермен жұмыс.
Абайдың <<Сегіз аяқ>> өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу.
1. Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
2. Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
3. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
4. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
5. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.

ІV. Білдік./сабақты пысықтау/
1. "Кім жылдам
2. Дәптермен жұмыс.
Абайдың <<Сегіз аяқ>> өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу.
3. "Сен маған, мен саған" /даналық толғамдарының жалғасын табу/.
4. Тест.
5. Үй тапсырмасы: Елбасымыз Абай туралы былай деген екен:
<<..... Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс>> Нұрсұлтан Әбішұлының осы айтылған сөздеріне не негіз болды? Қандай өсиет келешек ұрпаққа айтқысы келді? Қандай ой салды сендерге?- деген сұрақтарға үйде жауап іздеп келіңдер. / әрбір оқушыға Елбасының айтқан сөзі жазылған қағаз тарату.
Кері қайту
Материал рейтингісі:

Пән: Әдебиет Күні-------------
Сынып:8
Сабақтың тақырыбы Абай Құнанабайұлының <<Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек>> өлеңі
Сабақтың мақсаты : оқушылыарға ақынның өлеңдері жайлы тереңірек мағұлматтар беру
А) Оқушылардың білімдерін кеңейту,ақын өлеңдерінің идеясын,тақырыбын ашу
Ә) Оқушылардың өз ойларын еркін нақты жеткізе білу дағдыларын арттыру,сөздік қорларын дамыту
Б) білімді, сауатты болуға баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:түсіндіру,талдау,сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: оқулықтар,ақынның портреті, суретімен өлеңі жазылған парақшалар
1. Сабақтың барысы:
oo Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлемдесу
oo Кезекшімен сұхбат
oo Тренинг
2. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ - жауап , тест сұрақтары арқылы
2.Жаңа сабақ
Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары - адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайыс сабағын бастайық.
Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақтар 7 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек

3.Ибраһим тобына:
1. Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
3. Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
5. Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай - Өскенбай - Ырғызбай - Айдос - Томан - Тобықты - Арғын)
6. Абайдың үш поэмасы. <<Масғұт>>, <<Ескендір>>, <<Әзім әңгімесі>>.
7. Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)

Абай тобына:
1. Абайдың ең момын, жуас атасы (Айдос)
2. Абайдың руы. (Тобықты)
3. Абайдың неше күйі бар? ( <<Май түні>>, <<Желдірме>>, <<Торжорға>>)
4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
5. <<Медғат - Қасым>> поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)
6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(<<Жаз>>, 1886 ж.)
7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

шығармалар тобына:
1. Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)
2. Абайдың <<қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай>> атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі Қаражанға)
3. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
4. Абайдың <<Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма!...>> деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)
5. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
6. Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)
7. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
2. <<Белгілі бір жүйемен>>
.........................

4.Ақынның өлеңімен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқиды
-тақырыбы мен идеясын ашу
-Өлеңге талдау
-Сұрақтарға жауап беру

Ромбик ішіндегі шеңберлердегі әріптерді белгілі бір жүйемен құрастырғанда, <<Абай афоризмінің>> авторының аты - жөні шығады. (Құлмат Өміралиев).
5.Қорытынды; -Тапсырма
-Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: ақынның афоризмдері, өлеңін жаттау
Бағалау

Күні:
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев <<Сағындым>> өлеңі. Лирика туралы түсінік
Мақсаты.
Білімділік мақсаты: қазақ халқының ұлтжанды ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығымен оқушылардың білімін тереңдету. Ақын шығармаларының орыс, европа ақындарымен үндестігін дамыту.
Дамытушылық мақсаты:шығармашылық ізденіске жол ашу.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, Елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу
Пәнаралақ байланыс: қазақ тілі, тарих, орыс әдебиеті
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
І Сәлемдесу
ІІ қатысым тексеру
ІІ Психологиялық даярлық
М:<<Мақтау сөз жан жылытар>> деп бекер айтылмаса керек. Сабағымызды жақсы көңіл күймен бастау үшін, бір бірімізге мақтау сөз айтайық.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға,
Шығарар олар бір таңда...М. Жұмабаев
Деп Мағжан атамыз жырлағандай, бүгінгі сабақтарыңызға іске сәт. Өз өзімізді көрсете білейік.
ІІІ Қызығушылығын ояту.
М: ақын деген кім? Қандай ақындарды білеміз?(оқушылар өздері білетін ақындарды тізбектей айтады)
Өткен сабағымызда қай ақынды оқыдық?
(о:Сұлтанмахмұт Торайғыров )
М: Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білеміз?(оқушылармен пікіралмасу)
VI Мағынаны тану
<<Мағжан>> топтастыру: болжау стратегиясы. <<Мағжан деген кім?>> деген сұраққа жауап береміз.(стикермен тақтаға <<Мағжан>> сөзіне топтастыру іледі)
Мағжан ақын, алаш қозғалысының қайраткері, зерек, аудармашы, ақындардың ақыны, <<қазақтың Пушкині>>.қуғын сүргінге(репрессияға) ұшыраған.
М:кітаппен жұмыс және қосымша мәліметтермен жұмыс . бүгінгі сабағымызды , яғни мағжан туралы ойды қалыптастыруды төмендегі жоспарға сәйкес жүргіземіз
1. Мағжанның туған жері
2. Балалық және жастық шағы
3. Білімі
4. Шығармашылығының басталуы
5. Ақындық жолы
6. Мағжан аудармашы
М: мағжан туралы мәліметтермен танысып болсақ, сабағымызыдың келесі бөлімі <<Даналық ойдан дән ізде>> бөліміне береміз.
1. <<Мағжан ақындардың ақыны>> С. Мұқанов
2. Мағжан Жұмабаев Мәскеуде В.Я.Брюсов ашқан Жоғары әдеби көркем институтта оқыды. В.Я.Брюсов Мағжанның талантына сүйсініп, <<қазақтың Пушкині>> деп атады.
Ал орыс әдебиетімізге шолу жасап А.С.Пушкин туралы не білетінімізді пысықтап алайық(ой бөлісу )
3. Алты алашқа құрбан болған ақ жаны,
Ақындардың мұздай мөлдір маржаны....
....Жұмабайдың Мағжаны деп таны да,
Ұлы Абайдың ұрпағы деп басыңды и! Ж.Әбдірашев
М: неліктен <<Ұлы Абай>> деп тұр? Абай туралы не білеміз?(қысқаша шолу)
М: Алты алашқа құрбан болған ақ жаны,
Ақындардың мұздай мөлдір маржаны....
Алаш қозғалысы туралы естуіміз бар ма? Тарихымызға шолу жасайық(оқушылар өз білгендерін айтады)
М: алдарыңызға таратылған үлестірмелі карточкаларда <<Алаш қозғалысы >> туралы қысқа мәлімет бар. Соымен танысып, негізгі ойды ортаға саламыз.
(Оқушылар мәтінмен танысып, ой бөліседі)
М: 3. Мағжанның өлендерінде ойды тербететін, адамның ішкі күйіне күшті әсер беретін сыршылдық бар.Сыршылдық белгісіжаратылыс һәм әйел туралы жазған өлеңдерінде ашық көрінеді.Әйел туралы жазған өлеңінде Мағжанның сыршылдық сипатының үстіне өлеңінің ішкі мақсатында, көздеген идеясында да зор күш бар.
Ы.Мұстанбайұлы.
Сергіту сәті: ана, қыз туралы мақал мәтелдер айтып сайысқа түсейік
М: Мағжанның бізге оқуға берілген <<Сағыныш>> өлеңін мәнерлеп, тізбектеп оқимыз.
М: бұл өлең лирикалық өлеңге жатады. Себебі: лирика дегеніміз ақынның сезімін, көңіл күйін,қуанышы мен сүйенішін, арманын,өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын аса бір сезімталдықпен сыр ғып шертетін өлеңдегі мәнер.(лиризм туралы түсінікпен танысып, оқып шығайық)
М:қане, оқыған өлеңімізді қорытындылып талдайық. Екі топқа бөлініп:
І топ: ақын өлеңде кімді сағынады?
ІІ топ: ақын өлеңде нені сағынады? Деген сұрақтарға жауап беруі керек.
Рефлексия: сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендік?
Үй тапсырмасы: М.Жұмабаев <<Сағындым>> өлеңі. Лирика туралы түсінік
Бағалау:
1.Белсенді оқушыларды бағалаймын.
2.Сабақ аяқталды,сау болыңдар!!!

№ Сабақ
Пән: Әдебиет Сынып:8 Күні:11.02.2016ж
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин Ақсақ киік
Мақсаты: Ақын шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын меңгерту, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру; әдебиет теориясынан мағлұмат алу

Міндеті: оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді; бір-бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап салыстырады; жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Пәнаралық байланыс: география, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақынның портреті, Қазақстан картасы, жануарлар суреті.
Барысы: Сыныпты үш топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау.
Үй тапсырмасын сұрау
1. Жамбылдың ұстазы кім?
2. Оқушылардың батырлық, туған жер, төрт түлік туралы жазған жұмыстарын тыңдау
3. Пейзаж деген не?
4. Түркістан қаласы туралы не білеміз?

Ой қозғау.
- Оқушылар, мына бір өлеңді еске түсірейік.
Үйден шығып балалар
<<Жаз болды, міне!>> десіп тұр.
Сағындырған жаз желі
Оңтүстіктен есіп тұр.
Жылы ескектің лебімен
Дүние балқып иіп тұр.
Сағындырған жаз әсері
Құшақтап беттен сүйіп тұр.

- Сәкен Сейфуллиннің <<Наурыз>> өлеңі.
- Өте дұрыс. Сонымен бүгінгі сабағымыз Сәкен Сейфуллиннің өлеңі <<Ақсақ киік>> Ендеше, Сәкен туралы не білеміз? Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізейік.

І деңгей
1. Оқулықтан ақын өміріне топтастыру жұмысын жүргізу(1-слайд Сәкеннің суреті,топтастыру сызбасы) 2. Сурет арқылы киікті тауып, ақынның шығармасы киікке арналғанын анықтау (2-слайд аңдардың суреттер топтамасы)

Мұғалімнің қосымша дерек беруі. ( Ақбөкен, киік - жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы <<Құралайдың салқыны>> деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.)
3. <<Ақсақ киік>> өлеңін түсіне, мәнерлеп тізбектей оқу (Оқулықпен жұмыс)

ІІ деңгей
1.Өлеңде қандай жерді суреттеген? (3-слайд Қазақстан картасынан Бетпақдаланы көрсету) (Бетпақдала - Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Өйткені ол шөлді жақсы көреді. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі. Шағын бұтақтардың өзінде де <<қу баялыш>> жапырақ болмайды.)
2. Қандай өсімдік атаулары кездесті? Дәптермен жұмыс. (Көкпек, баялыш, жусан шөлді жерде өсетін жапырақсыз шөптер)
3. Киікті неге теңейді? (Өлеңде киік суреттеледі. Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен бала сияқты сұлу. )

ІІІ деңгей
1. Киіктің портреті қандай?
(Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Қап - қара екі көзі мөлдіреген
Әдемі екі танау желбіреген)
2. Өлең қалай аяқталған? (Өлеңде сұлу аң киіктің аянышты тағдыры, адам қолынан жасалған қиянат айтылады. Оқиға жапан далада оқ тиіп жараланған бөкеннің шыбын жанын қоярға жер таппай мазасызданған сәтін суреттеумен аяқталады.)
3. Өлеңге талдау жаса Дәптермен жұмыс. (1.Тақырыбы:киіктің аянышты тағдырына арналған; 2. Шумақ саны -17; буын саны - 11; идеясы - экологиялық жағдайды ашына айтуы)

ІҮ деңгей
1. <<Азайды соңғы кезде байғұс бөкен>>,
<<Мүйізін пайда қылып, шетке сатқан>> деген жолдарда нені түсіндік? (Адамдардың өз табиғатына зиянкестік іс-әрекет жасап, зияны жоқ аңдардың саны қазіргі кезде сиреп кеткені туралы айтса, киік мүйізінен пайда тапқысы келген пайдакүнем , ақшаға құнығып, табиғатқа кесел келтірген адамдарды ашық айыптап отыр).
2. Өлең саған несімен әсерлі болды? (Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашырлығы ұнады. Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені - адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің аяусыз жазықсыз аңды атуы. Мергеннің мергендігі жалғыз киікке түскені адам баласын ашындырмай қоймайды. Себебі қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.)

3. Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың? (Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған. Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін, ит - құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, ол адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.)
Бекіту:

1. Бетпақта келе жатты, сандалып,
Қаңғырақтап басын иіп,
Анда-санда әлін жиып,
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз - ақ мөлдіреген екі көзі
Әлі кетіп сорлы киік жығылғанда
Ботагөз сахарада қына терген - өлең жолдарынан әдебиет теориясының қай түрі бар? (кейіптеу)
Үйге тапсырма 1) Өлеңнен үзінді жаттау
2 ) Қазақстанның <<Қызыл кітапқа>> енген жануарлар және құстар туралы мәлімет жинау
№22 Сабақ Әдебиет 8сынып 18.02.2016ж

Тақырыбы: Мұхтар Әузов өмірі мен шығармашылығы <<Татьянаның қырдағы әні>>
Сабақтың мақсаты:а) М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын
таныту,білгізу
б) Алдыңғы алған білімдерін үштастыра отырып,оқушылардың
сөздік қорын молайту,көркем сөйлеуге дағдыландыру,іскерлігін дамыту.
в) Отансүйгіштікке, тіл ,сөзөнерәне және адалдыққа,адамгершілікке
тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: әңгімелесу,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың көрнекілігі тіренсызбалар,жазушының портіреті, тест сұрақтары, слайд
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару
сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Қане балалар өткен сабағымызда оқып-білгендерімізді (сұрақтар) қорыту үшін тест сұрақтарына жауап береміз. Бәріміз бір бет қағаз алайық та, жлғарғы жағына аты-жөнімізді жазып қоялық.
б) Балалар тест сұрақтарының жауаптары көрсітіледі де, сол жауаптар бойынша бір-біріміздің тест жауаптарын тексереміз.
Тексеріп болсақ тақтада көрсетіліп тұрған бағалау реті мен бір-бірімізді бағалаймыз.
3. Жаңа сабақты таныстыру
Дүние жүзі XX ғасырдың ұлы суреткер-жазушысы екендігін мойындаған Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897-жылы қыркүйек айының 28-інде қазіргі Шығыс қазақстан облысы Абай ауданына қарасты Шыңғыстау ауылында дүниеге келген. Мұхтардың атасы Әуез де, әкесі Омархан да өтте сауатты,елге қадірлі жандар болған.
Абай жырларымен де бала кезде танысуы Мұхтардың өнерге деген құштарлығын оятады.
Мұхтардың өмір жолының басталуының жері ауыл мектебінде, Семейдегі медреседе ,қаланық училищеде,Лининград университеті, Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасы.
Жазушы артына 50 томдық дүние тастап кетті.Жазушының <<Қорғансыздың күні>>, <<Жетім>>, <<Қараш-қараш>>, <<Қилы заман>>, <<Абай жолы>> атты прозалық шығармаларынан басқа драмалық шығармалары, аудармалары,ғылыми еңбектері бар.
Ұлы суреткер,ғұлама ғалым, қоғам қайраткер М. Әуезов 1961-жылы қайтыс болды.
г) Оқулықпен жұмыс
<< Татьянаның қырдағы әні>> <<Абай жолы >> эпопеясынан үзіндімен таныстыру
3. Дәптермен жұмыс.
Жоспар:
1.Абай ақынның қазіргі жай-күйі
2. Абай қасындағы өнерпаздар міндеті
3. Көп өлең жазылған тіл.
4. Абай мен Пушкин үндестігі
5.Татьяна- Тоғжан-Салтанат тағдырының ұқсастығы.
6. Татьянаны қазақша сөйлетуі
7. <<Татьянаның әні>> Мұхамеджан Семейге оқып жатқан жастарға жеткізді.
4. Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Абайдың қандай шығармашылықтарымен таныстыңдар.
2. Абай үшін ең бақытты шақтары қай кез?
3.Абай шығармалары көбіне қай жерде туатын.
4. Абай орыс әдебиетінде кімдердің шығармаларына көп үңілді?

4. Жаңа сабақты қорыту
г) Сөзжұмбақ шешу
1.Көктемнен кейін келетін мезгілді тап.
2. С. Сейфуллин қай облыста дүниеге келген?
3.Күз мезгілінің екінші айын ата.
4. Аққының тегі қалай аталады?
5. Қазақ үйдің төбесіне қойылатын ағашты қалай атаймыз?
6. Қазақтың ұлттық аспабы қалай аталады?

5.Үйге тапсырма беру.
Жазушының өнер-жолы және <<Татьянаның қырдағы әні>> романынан үзіндіні әңгімелеу.
6. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық киімі-камзол тігу.
Абайтану таңдау курс бағдарламасы. 5 сынып
Оқушыларға музыкалық тәрбие беруде халық фольклорын пайдалану. баяндама
Тіл және сөйлеу
Шешендік өнер – жалпы білім беретін мектептердегі оқу пәні ретінде
Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ТИІМДІ ОҚЫТУ
"қазақ халқының музыка өнері" ашық сабақ 5 сынып
ТАРИХИ - МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУДІҢ МАҢЫЗЫ
Махмұт қашқари өмірі мен шығармашылығы «қордайдың аққу- қазы қаңқылдайды» аудармасы
Пәндер