Етістіктен өткенді қайталау материалы

Алматы облысы,

Ақсу ауданы,

«Бижарас Садырбайұлы орта мектебі м. д. ш. о. » к. м. м.

Бастауыш сынып мұғалімі

Иманғалиева Алмагүл Советбекқызы.

Еңбек өтілі 21 жыл, 2 санатты.

Ана тілі пәні. 3 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік : етістік бойынша алған білімдерін тексеру, есепке алу, қорытып, кеңейтіп, қолдана білуге үйрету.

2) Дамытушылық: Оқушының сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік: оқушыларды тез ойлау, тез шешім қабылдау, пікірін айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Әдісі : сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, өздік, шығармашылық жұмыс.

Көрнекі құралдар: ойын, фигуралар, ребус, тест, жұлдызшалар т. б.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл - қызым мәңгі сені

Балалығым, бақытым, қазақ тілім-дей келе әр уақытта өз тілімізде таза сөйлеп, тілімізді құрметтей білейік.

II. Мақсат қою кезеңі. Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабақта біз сендермен жарыса отырып"Етістік" тақырыбын қайталап, білімімізді пысықтап, шыңдаймыз.

III. Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай жаттығу берілді ? Берілген жаттығуды тексеру. (427-жаттығу. Берілген тірек сөздерді қатыстырып мәтін құрау. ) Оқу, талдау.

- Етістік дегеніміз не ? Мысал келтір

IY. Білімдерін тексеру . Ал енді сайысымызды бастайық. Сыныпты екі топқа бөлу.

1. "Тапқырлар" тобы

2. "Алғырлар" тобы

(Бүгінгі күнді жазу, көркем жазу сәті. )

Әр орындаған дұрыс тапсырмаға жұлдызша беріледі.

1- тапсырма"Сен білесің бе?" Оқулықпен жұмыс. 428-жаттығу. Мәтінді оқып, етістіктерді табады.

2-тапсырма Тақтамен, дәптермен жұмыс"Жалғастыр" 429- жаттығу Сұрақтардың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл дем алып алайық.

3-тапсырма "Кім тапқыр?" 430-жаттығу Ребусты шеш. Шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Кел, ойнайық!"Ойлан, тап!" Берілген фигуралар бойынша етістіктер құрау:

Үшбұрыш- бар, кел, жаз, сыз

Төртбұрыш-бару, келу, сызу, жазу

4 - тапсырма"Дәлелде" 431-жаттығу Әр қатарда қай сөз артық екенін дәлелде.

5-тапсырма "Өлең шұмақтарын жалғастыр"

1-топ Күнделің серігің,

Күнделігің көктемің.

/Кірлетпе дос көңілін,

Беске толтыр беттерін/

2-топ Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

/Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне. /

Y. Сабақты бекіту 6-тапсырма"Тест тапсырмалары"

YI. Үйге тапсырма.

Көркем әдебиеттен етістігі бар бес сөйлем тауып жазу.

YII. Бағалау . (Қолындағы жұлдызша санына қарап бағалаймын) .


Ұқсас жұмыстар
Етістіктен өткенді қайталау жайлы ақпарат. 6-сынып
3-сынып. көктем. етістіктен өткенді қайталау
Табиғатты қорғаңдар
Дыбыстарды қайталау журналы Етістікті қайталау журналы
Сынып жетекшілері
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау. 6 сынып
Етістіктің райлары нешеу
Көсемше етістіктерді ата
Оқушылармен сұхбат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz