Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Тақырып Зат есімнің тәуелденуі
Қазақ тілі. 3- сынып.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік жағы: Оқушыларға зат есімнің тәуелденуі туралы алған білімдерін пысықтау. Олардың I, II жақтарының адамға меншікті айтылатынын, III жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін ұғындыру.
ә) тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық ойы: Оқушылардың дамытушылық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау.
Сабақтың әдісі: Бақылау, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.
Көрнекілігі: Кесте, суреттер, интерактивті тақта, слайд, тест т.б.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілі - халық тілі,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл,
Тең келмейді қатар оған.
Қазақ тілі - халық тілі,
Тіл аманда - халық тірі.
Қызығушылығын ояту.
- Балалар, бүгінгі қазақ тілі сабағымызда алған білімдерімізді еске түсіре отырып, қаншалықты меңгергенімізді ортаға саламыз.
Қыс бейнесі. Ұлпа қарды жаудыру арқылы өз-өздерін бағалап отыру.
(Көк қарындашпен қарды бейнелеп отыру)
Бағалау.
6-7 жауап - 5
4-5 жауап - 4
2-3 жауап - 3
б) Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау.
( 2-3 оқушыдан сұрау) 3 - жаттығу III жақта.
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есім нешеге бөлінеді?
- Негізгі зат есім дегеніміз не?
- Туынды зат есім дегеніміз не?
- Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ: Көркем жазу. Ой шақыру.
Оқу құралдарын атау. ( кітап, дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш, өшіргіш)
Сонын ішінен қалам сөзін үш жақта тәуелдеп айтайық.
Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу.
Бейбіт өмір - тілегіміз,
Бауырмалдық - салтымыз.
Қамқорымыз, тірегіміз,
Ынтымақты халқымыз.
С. Ғалымұлы.
Жекеше Көпше
тілегім тілегіміз
салтым салтымыз
тірегім тірегіміз
қамқорым қамқорымыз
халқым халқымыз
2 - жаттығу.
Ине... жоқ, жіб... жоқ,
Өрмег... жоқ, тіл... жоқ,
Бірақ шілтер тоқиды.
Дүниетанумен байланыстыру. Ережені еске түсіру.
Жіп - жібі, (Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан
өрмек - өрмегі. басталса, онда түбірдің соңындағы п, к, қ дыбыстары
б, г, ғ дыбыстарына өзгеруі)
3 - жаттығу, (ауызша)
Өз елің - алтын бесігің,
Жер - ырыстың кіндігі,
Білім - ырыстың тізгіні.
*Күрделірек тапсырма.
Тәуелдік жалғауының бірінші, екінші жағында айтылған екі - үш мақал жаз.
1. Су анасы - бұлағым,
Жағасында құрағым.
2. Сөз анасы - құлағым,
Ақыл естіп тұрамын.
3. Денсаулықпен тең түсер досым жоқ.
4. Үйіңді сатсаң да,
Жеріңді сатпа.
5. Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
6. Қонақ - атаңнан да қымбат.
7. Туған жерге туың тік.
8. Өз елім - өлең төсегім.
9. Асың болса, досың көп.
10. Жаман тумаң болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.
4 - жаттығу. Тақтамен жұмыс.
Олардың ауласы. Біздің мектебіміз.
Менің қолғабым. Сендердің мұғалімдерің.
Сергіту сәті: Алақай-ау, алақай,
Қар жауып тұр, балақай.
Үйіп-үйіп алайық,
Қардан аққала жасайық.
Көру диктанты.
Ақ күшігім, ақ күшік,
Өзі сондай сақ күшік.
Әжем оны мақтайды,
Аппақ жүнін тарайды.
Ақ күшік те еркелеп,
Әжеме жылы қарайды.
Топтық жұмыс.
I топ II топ III топ
<<Іні>> сөзін үш Болат пен Жамал <<Төбешік>> сөзіне
жақта тәуелдеп сырғанап жүр. дыбыстық талдау
жаз. Қыс көңілді. жаса.
Балалар аққала
жасап жатыр.Далада
қар жауып тұр.
Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Тәуелдеулі зат есімді тап.
а) кілем ә) ағасы б) кірпі
2. Туынды зат есімді белгіле.
а) топырақ ә) кесе б) күйші
3. Түбір сөздер қатарын белгіле.
а) су, теңіз, өнер
ә) өнерпаз, сулы, теңіздей
б) өнерлі, судай, теңізде
4. Жалғау жалғанған сөзді тап.
а) сауыншы ә) бастық б) дәптерді
5. Жұрнақ жалғанған сөздерді тап.
а) домбыра ә) іскер б) сауысқанның
Кілті.
1) ә 2) б 3) а 4) б 5) ә
Бағалау: - Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап бағалаймын.
Бекіту: - Бүгін қандай тақырыпты қайталадық?
Зат есімнің тәуелденуі
Үйге тапсырма: 5 - жаттығу. Ережені жаттау.
Сабақ аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz