Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері

Тақырыбы: Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.

Мақсаттары: 1. Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік қалыптастыру. 2. Оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру және өздігінен білім алуға, өз пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік бере, өз қабілеттеріне сенімділіктерін арттыра дамыту. 3. Оқушыларды зиянды әсерлерден қорғануға, тазалыққа, ұқыптылыққа, сұлулыққа өз елінің білімді тұлғасы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, компьютер, интербелсенді тақта, жұмбақ, пайдалы кеңестер.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, өзбеттік, түсіндіру, ой түйіндеу, жинақтау, қорытынды.

Технология : сын тұрғысынан ойлау, АКТ.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру

Психологиялық кезең

Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз.

Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз!

Үлкенге ізеттіміз!

Кішіге қамқормыз,

Көп оқимыз.

Өнерліміз.

Жанып тұрған шырақпыз!

Елімізді өркендететін,

Бабаларға тағзым ететін,

Біз қазақ елінің болашағымыз!

Топқа бөлу

Менің гүл күлтелерінен сыйлығым бар. Бір-бірден гүл күлтелерін алып, құрастырамыз. Сол әр гүлдің күлтелеріндегі сезім мүшелері бойынша топқа бөлініп отырады.

9 001.jpg

Қызығушылығын ояту

Ой қозғау

Гүл күлтелеріндегі сезім мүшелері жайлы білетіндерін ортаға салып, пікірлерін топ келісімімен бір оқушы қорғайды.

Формативті бағалау. Қол шапалақтау.

Мағынаны тану

Білу

Біз көреміз, естиміз, әр түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажап қабілет бізге сезім мүшелері арқылы беріледі.

Жұмбақ шешу

Көреді бәрін өзгенің,

Көрмейді бірақ өздерін.

Түсіну

Жаңа сабақ

Сезім мүшелері. Көз. Тері.

Тірек сызба

Білуге болатын зат белгілері
Білуге болатын зат белгілері: Көру арқылы
: Тері- сипау, ұстау арқылы
Білуге болатын зат белгілері: 1. Түрі
: 1. Заты
Білуге болатын зат белгілері: 2. Пішіні
: 2. Пішіні
Білуге болатын зат белгілері: 3. Мөлшері
: 3. Мөлшері
Білуге болатын зат белгілері: 4. Түсі
: 4. Салмағы
Білуге болатын зат белгілері: 5. Кеңістіктегі орны
: 5. Күйі
Білуге болатын зат белгілері: 6. Қозғалыс орны
: 6. Температурасы

Көз арқылы не білеміз? Тері арқылы не білеміз?

Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі.

kozanatomy.jpg 16026_html_6ddc8c.jpg

3.jpg 4f476e4b40326634f89dc4165962aca8.jpg

teri.jpg uslugi_detoftalmo.gif

Көз-көру мүшесі. Адамның негізгі көмекшісі. Ол айналадағы заттың бәрін көруге түрін, түсін, пішінін ажырата білуге көмектеседі. Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ, оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз. Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан. Ол көзге жарық өтетін терезе. Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз. Адамның көру мүмкіндігін күшейтетін құралдардың бірі - үлкейткіш шыны лупамен таныстыру. Лупаны қолдарына беріп, әр түрлі заттарды қарап көрулерін байқау. Көзді шаршаудан, зақымданудан сақтау керек.

Тері - адамның ішкі ағзасын қорғап тұратын мүше. Ол арқылы ыстық-суықты сеземіз. Жұмсақ пен қаттыны ажырата аламыз.

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді түсініп оқу. Бір-біріне сұрақ қою.

«Ыстық орындық» ойыны.

Ауызша сұраққа жауап беру. Орындық арқалығында «Көз дәрігері» деген жазу жазылған. Орындыққа барлық сұрақтарға жауап бере алатын өзіне-өзі сенімді баланы отырғызу.

Сезім мүшелерін қалай күту керек?

Көз
Тері
Көз: Көзің ауырмаса да жылына бір рет көз дәрігеріне көрін!
Тері: Тері - дене қорғаушысы.
Көз: Теледидарды 2, 5 - 3 метр қашықтықта, дауысын қатты шығармай, аз ғана уақыт қара.
Тері: Теріні таза ұстап, үнемі жуынып жүру керек.
Көз: Көзді лас қолмен ұстама.
Тері:
Көз: Көлікте кітап оқыма, қатты айқайлама.
Тері:
Көз: Ауру
Тері: түрлері
Көз: Соқыр, көз ауру, теріскен
Тері: Қотыр, қышыма, теміреткі, сүйел

Талдау

Топпен жұмыс. Суреттер сөйлейді

Әр топ өздерінің қолдарындағы суреттер жайлы пікірлерін ортаға салып, пайымдайды.

6.jpg

Сергіту сәті

Көзің екі жанарың,

Көз көреді барлайды.

Оны кірпік, қабағы,

Шаң мен желден қорғайды.

Келе жатып көлікте,

Жарық жоқта, кеште де,

Жатып алып төсекте,

Оқымағын ештеңе.

Ой толғаныс . Жинақтау.

Көз жанарың шаршаңқы болса

1. Егер көзіңіздің көруі нашарлағанын сезсеңі, итмұрынды (шиповник) 5-10 жемісінен бір шай қасық қантты бір стақан ыстық суға салып, 6 сағат бетін тұндырады. Тұнбаны тамақтың алдында тәулігіне 2 рет 1 стаканнан ішу керек.

2. Түймедақтың жылы тұнбасымен 20-30 грамм түймедақ шөбіне 1 стакан қайнаған су құйып, салқындай сүзіп алып, пайдаланады.

3. Егер көзіңе теріскен шықса, пиязды ортасынан бөліп, ысытып, сол қызарған үстінен 1-2 қайтара басса аурудың бетін қайтарады.

Кір сабынның емдік қасиеті

1. Балаларға қызылша, бөріткен шықса кір сабынмен сыласаңыз, 3 - 7 күн ішінде дақ қалмай, толықтай жазылады.

2. Тері құрғаудың алдын алады.

Сәйкестендір

001.jpg

Кері байланыс. Не білдік, не үйрендік? Оқушылар сабақта не білгендерін ортаға салады.

Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
Білгенім:
Үйренгенім:
Үйренгім келеді:

Үйге тапсырма. Мәтінді бірнеше рет оқу, мазмұнын айту. 1 - топқа сурет салу, 2 - топқа көзге байланысты мақалдар жаттап келу тапсырылады.

Мадақтау


Ұқсас жұмыстар
Сезім мүшелері. 3 сынып
Адамның сезім мүшелері. 1 сынып
Дүниетану пәніне-омж, 3 сынып, 1 модуль
Көру мүшесі
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті. 7 сынып
Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын
Сезім мүшелері. 8-класс
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Жүректің құрылысы
Қазыналы арал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz