Сабақ жоспары :: Психология
Файл қосу
Періштелер даналығы (ата-аналарға арналған психологиялық ойын)
<<Періштелер даналығы>>
(ата-аналарға арналған психологиялық ойын)
Мақсаты: Ата-аналарға бала бойындағы мінез-құлық сапаларының ерекшеліктерін анықтауға көмектесу.
Міндеті: ата-аналардың психологиялық білімдерін жетілдіру. Ата-анаға баланың жас ерекшеліктер кезеңіндегі мінез-құлық тұстарын айқындауға көмектесу.
Барысы: Амандасу
Бір-бірімен танысу және өз аттарына сипаттама беру. Бір-біріне комплимент айту.
Психологиялық жаттығу:<<Үй>>
Қажетті құралдар: А4 парғы,қарындаш
Өтілу барысы: Ата-аналарға ақ парақ пен қарындаштар беріледі.
Тапсырма: Параққа үйдің суретін сал. Үйді салып болсаңыз, енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. (Өз отбасыларын таныстырады)
Психолог: Сіздердің отбасыларыңызбен біз толық танысайық!
Иә, әрбір ата-ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім-тәрбиесін аып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз.
Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінезі беріледі екен. Ол-бірінші ата-анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал-екінші ұстазынан өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш <<Әліппені>>ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазынан алады. Үшінші-достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез-құлықтарды екшелей келіп, олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.
Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастарының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз. Десек те, кейбір кездері олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз.
Ендеше балаларыңыздың бойындағы осындай қасиеттерді танып білу үшін
<<Менің балам...>> ойынын жүргізейік!
Тапсырма: <<Менің балам...>> деген сөзін жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Тапсырманы толық орындауға 5 минут беріледі.
Ата-аналарға кеспе қағаз беріледі
Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады.
Өзіңіз жазған балаңыздың мінез-құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз?
1-бөлік. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағатандыратын жақтары.
2-бөлік. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.
Рефлексия: 1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?
2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?
Ойын: <<Қар лақтыру>>
Ақ қағазға жазылған балаларымызға деген тілектерімізді бір-бірімізге қарша боршалатып лақтыру.
<<>>
Флеш тренинг: <<Періштелер даналығы>>
(аңыз)
Бірде қарт періште мен жас періште жер бетін аралап жүріп, шаршап-шалдығып түнеп шығу үшін бір байдың үйіне келеді. Ол бай өте сараң, қонақжай емес болып шығады. Оларды сарайына түнетеді. Қаншалықты шаршап тұрсада, сарай іші салқын. Әрі ыза болғандықтан жас періште ұйықтай алмайды. Таң ата ұйықтап кетсе, бір дыбыстан оянып кетеді. Тұрса қарт періште сарайдың құлап қалған жерлерін сылап жатыр екен. Жас періште өзінің таңқалысын жасыра алмай, қарт періштеден <<Сен оған неге көмектесесің?-ол бізге қандай жақсылық жасады>>-деген сұрағына: Көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді,-деп жауап береді.
Келесі күні қонатын жер іздеп жүріп бір жарлының үйіне келеді. Үй иесі құшақ жая қарсы алып, кешкі ас беріп, үйіндегі жалғыз кереуетін беріп, өзі әйелімен сарайға кетеді. Ертеңгісін періштелер үй иесі әйелінің жылаған дауысынан оянады. Жарлының отбасын асырап отырған жалғыз сиыры өліп қалған екен. Бұған таң қала қараған жас періште қарт періштеге: сен неге жарлыға көмектеспедің? Өткен түні бізге қонақжайлылық көрсетпеген байдың сарайын сылап беріп едің,енді жарлыға мүмкіндігің бола тұра көмек бермегенің қалай?-деген сұрағына қарт періште көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді деп жауап беріпті.
Жол бойы жас періште, қарт періштенің осы ісіне келіспейтіндігін айтып, кінәлаумен болады. Қарт періште үшінші рет көзбен көргеннің бәрі шынайы бола бермейді деп жауап береді.
Өткен түні біз байдың сарайына түнеген күні мен сарайдың жанынан байдың қазба байлығын көрдім де, сол байлыққа қолы жетпестей етіп сылап кеттім. Ал бүгінгі түні ажал жарлының әйеліне келген болатын. Ал,мен ажалды жарлының сиырына жібердім деген екен.
Осы айтылған аңыз сіздерге ой салып, өмір тәжірибелеріңізде жүзеге аса деймін.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz