Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Тәрбие сағаты Ана - өмір шуағы

Тәрбие сағаты: Ана - өмір шуағы !
Мақсаты: Оқушыларға 8 - наурыз мерекесінің маңыздылығын дәріптеу.
Ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту, жалпы барлық аналарға, қыздарға деген құрмет сезімдерін дамыту. Әдемілікке, өнерпаздыққа баулу.
Өткізілетін орны: мерекеге сай безендірілген акт залы.
Тәрбие сағатының барысы:
І Кіріспе бөлім:
8 - наурыз ... адамдар да, тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел- аналарымызды даңққа бөлеп тұрандай. Наурыз айының басында кең байтақ даламызда әлі де қар жатыр. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады.
8 - наурыз -Халықаралық әйелдер күні! Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені , көктем секілді аналар да адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды .
Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты әжелер, асыл аналар! Біз әрқашан жүздеріңнен мейірім кетпей, айналаға нұр шашып , ана бақытына кенліп жүре берулеріңізге тілектеспіз.
І жүргізуші:
Қарлығаш, аққу,қаз үйрек
Туған жерге оралды.
8- наурыз кеп,
Аналар гүлге оранды.

ІІ жүргізуші:
Сыйлығы құстың - далаға
Көктем болып оралды.
Ал мен сонда анама
Не сыйласам болады?

І жүргізуші:
Гүл шоқтарын дестелеп
Қойсам ба екен бұрышқа?!
Әлде орамал кестелеп
Ұсынғаным дұрыс па?

ІІ жүргізуші:
Көп қой оның жұмысы
Болсын бұл бір демеуім
Бәрінен де дұрысы
Тақпақ айтып беремін!

І жүргізуші:
Әнге дағы салармын
Төбем көкке жеткендей!
Сонда көңілі анамның
Құлпырады көктемдей!

ІІ жүргізуші: Ән: <<Құттықтаймын ана >>

Автор: 1. Ерте, ерте, ертеде,ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер-ананың денесі бусанған шақта, көңілді <<Көктем>> атты патшалық болыпты.

2 оқушы: Бұл патшалыққа да жадырап Наурыз айы келді. Дүние жаңарды, көк жетіліп, әлем құлпырды. Осы құлпырған , көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 16 ұлы және ай десе аузы, күн десе көзі бар 14 қызы болыпты.

3 оқушы: Көктем патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббатан тұрады екен. Сол патшалықты басқарған дана патша өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді.Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.

Патша: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр сұрақтарым бар. Сұрақты дұрыс шешсеңдер менің мұрагерім боласыңдар.
Балалар, үйдегі алтын қазық кім?
Үлкен ұлы: Үйдегі алтын қазық бала.Ол - мен.
Дүниеде не тәтті?
Ортаншы ұлы: Дүниеде бал тәтті.
Ал жұмсақта не жұмсақ?
Кіші ұлы: Мамық жұмсақ.
Кенже ұлы: Осы сұрақтарыңызға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз!
1.Үйдегі алтын қазық ол - Ана! Ана- тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі.
2. Дүниеде ананың сүті тәтті. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.
3. Ананың аялы алақаны жұмсақ.
Патша: Мен кенже ұлымның жауабына ризамын. Менің мұрагерім болуға сен лайықсың , балам.
1. Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де , гүлі де ана!
Ана деп бас иеді бүкіл халық!
2. Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
3. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық , алтын бақ!
4. Ана деген - асыл жандар болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл- ойды тонатпай.
5. Болашаққа аттаймын,
Білімменен , сеніммен.
Ақ сүтіңді ақтаймын,
Қалмай озық өмірден.
Жолыма дәйім қарайсың,
Зейінмен әлі ,анашым.
Таусылмас сенің еңбегің,
Әлі көп саған бермегім.
6. Жылу берген көп маған
Анам! деймін, шаттанам.
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Бөпешім деп , жатпаған.
Сендей жан жоқ аяулы,
Өзің үшін мақтанам
7. Бұл өмірде жалғыз менің тілегім,
Әнге бөлеп есіміңді жүремін.
Ақылыңды ойға қосып тоқимын,
Сабағымды тек бестікке оқимын.
8. Әрқашанда анам менің тірегім,
Ең жақыным сіз ғана деп білемін.
Анам болса мәңгі бақи қасымда,
Өмірімді анама арнап сүремін.
9. Дүниенің жарық күні - анамыз,
Жарық күннен қуат алған санамыз
Ұлық болсақ- анаменен ұлықпыз,
Дана болсақ - анаменен данамыз
І жүргізуші: Түн ұйқысын төрт бөлген
Қиындықтан өткерген,
Бәрі: Анам саған бас ием
ІІ жүргізуші:
Қатем болса кешірген,
Еркелетіп өсірген
Бәрі: Анам саған бас ием
І жүргізуші: Ән : ---------------------------------------------
ІІ жүргізуші: Әнші қыздарымыз --------------- ------қошеметпен ортаға шақырайық!

10. Ана деген ақылшың,
Ана барда батырсың.
Қасында кім болса да,
Тек анаңа жақынсын.
11. Анам менің қымбатты,
Анам менің сымбатты.
Бізге деген ісімен
Таң ағарып, күн батты.
12. Өзім күтем өзіңді,
Екі етпеймін сөзіңді.
Шашылғанды жинаймын
Еңбегіңді сыйлаймын.
13. Өз бетіммен кетпеймін,
Бау бақшаны шөптеймін.
Сабағымды оқимын.
Саған шәлі тоқимын.
14. Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
Кіші де, үлкені де ардақтаған.
Өзіңнің аяулысы Отанын да
Ана деп біздің халық текке айтпаған.

15. Қабақ шытпай өсірген,
Ақыл еккен санаға.
Ана деген есіммен
Тым қымбатсың балаға.
Мәпелейсің бздерді,
Алақаның аялы.
Ана салған іздерді
Деймін ағаш саялы.
16. Мейірімінен нәр алдым,
Күн нұрынан жаралған.
Аяулысы адамның
Жақын кім бар анаңнан
Еркелеткен жаным деп,
Ардақтым да , асылым
Қастерлеймін қадірлеп,
Әрбір талын шашыңның
17. Ардақты ана , аяулы ана , қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.
18. Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
19. Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас- қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым!
Мұғалім:
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған? (Анам)

Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған? (Анам)

Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам? (Анам)

-Боташым дер саған,
Кім сүйікті адам? (Анам)

І жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз "-----------------------------------".

І жүргізуші: Қошеметпен қарсы алайық --------------------------

1. Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
2. Менің анам - мұғалім,
Менің әжем шын ғалым.
Одан жас та, кәрі де
Оқып шыққан бәрі де.
3. Бізді өсіріп , баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ анам!
4. Ішіп болып тамақты,
Кірісемін жұмысқа.
Жуам кесе , табақты,
Су құйып ап ыдысқа.
Көмектесем үнемі,
Апам ісі сонша көп.
Ойлап ылғи жүремін:
<<Қолқанаты болсам>> деп.
5. Отын жарып берсем де:
Өмірлі бол! дейді апам
Суын алып келсем де
Өмірлі бол! дейді апам

Апа деген не деген
Ақ тілеулі жан еді.
Алғысын ап оның мен,
Өсе бергім келеді.
6. Мейірімі жел-жібек,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп
Құлыным деп құшады.
Жүрсем егер жанында
Қуанады ақ әжем.
<<Бес>> алғанда алдында
Биіктейді дәрежем.
7. Әже, әже , жатпашы,
Ауыр ойға батпашы,
Болайын мен дәрігер,
Десең: <<Шипа дәрі бер!>>-
Дәрі жасап берейін,
Бәрін жасап берейін.
Ауыртпаймын әжемді
Ауырмайсың, әже , енді.
Сыныбымыздың әнші қыздарымыздың орындауында "-----------" әнін қабыл алыңыздар!
І жүргізуші: Отан отбасынан басталады десек, сол отбасының алтын діңгегі - аналардың қоғамдық орны ерекше.
ІІ жүргізуші: Анаға арнап би билейміз, Анаға деп ән саламыз, сыныбымыздың өнерлі ұлдарының орындауында Ән: "Анашым"
І жүргізуші: Ендігі кезекте қыздардың "Қазіргі биін" тамашалайық!
ІІ жүргізуші: Сыныбымыздың --------- жеке биін қабыл алыңыздар!

І жүргізуші: Ана - үйдің берекесі.
ІІ жүргізуші: Бала - үйдің мерекесі дегендей, ұлдардың "Қыздардың сағынышы" атты көрінісін тамашалайық!
Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары (Қолына үлкен сөмке ұстаған аналары үйіне шаршап оралады)
Сахнада әркім өз шаруасымен айналысып жүрген қыздар анасының келгеніне қуанып алдынан жүгіріп шығады. Бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады:
1-қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2-қыз: Анашым, мен сені бір тамшы су аңсаған шөл даладай күттім.
3-қыз: Мен шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
2 Қыз. Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
3 Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қарадым.
4 Сен менің түсімде аспандағы күндей болып көріндің.
Автор : Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді.Анасының асын даярлап Алдына қойды. Шәй құйып берді.
Анасы: Қыз- қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.

Патша батасы: Ізетті, ақылды ұл-қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар. Бірлік пен татулықты серік етіңдер. Ана сыйлағанды Алла жарылқайды. Аналарыңды әрқашан қадірлеңдер! Әрқашан да тілалып, көмектесіңдер!
Автор: Сонымен хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұлы ата тағына отырып, көңілді <<Көктем>> патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып, <<Ана - өмірдің шуағы>> деп жадыраған , жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Содан бері барлық халық 8- наурыз күнін халықаралық әйелдер мерекесін тойлайтын болыпты. Мерекелеріңіз құтты болсын !
І жүргізуші: Аялаған, баптаған
Асыраған ,сақтаған.
І І жүргізуші:
Сақтандырып, күнде еппен.
Айтып бәрін үйреткен
Бірге: анамызға мың алғыс!
І жүргізуші: Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған.
І І жүргізуші:
Жүрегінде - махаббат
Гүл өңінде - мархабат
Бірге: анамызға мың алғыс!

Ұқсас жұмыстар
Ана өмір шуағы жайлы ақпарат
Ана - өмір шуағы туралы ақпарат
Ана - өмірдің шуағы жайлы
Анамыздың жүрегі
Аяулы аналар
Ана десем сезім білер тым ыстық
Топ сағаты
Мұғалім сөзі. Асыл анам мерекең
Ұлттық тәрбие
Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды нәтижесіне талдау жасау
Пәндер