Металдардың адам өміріндегі және табиғи ортадағы маңызы

Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі және табиғи
ортадағы маңызы.
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға халық арасында ежелден пайдаланып келе жатқан металдар туралы ақпарат бере отырып, адамға қажеттілігі, қолдану аясының кеңдігі туралы білімдерін толықтыру.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, сөйлеу мәнерін, өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту.
В) Тәрбиелік: Оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге, бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: кітаппен жұмыс, жұмбақтар шешу, сұрақ-жауап, мақал, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі мен керекті құрал -жабдықтар: Қазақстанның қазба байлықтары картасы, интерактивті тақта, слайдтар, металл үлгілері, кестелер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, биология, тарих
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі 1 минут
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) сынып оқушыларын түгендеу
Б) сынып, тақта тазалығын тексеру
В) топқа бөлу, психологиялық ахуал туғызу, сынып оқушыларының сабаққа даярлығын тексеру, І топ, ІІ-топ, ІІІ-топ.
ІІ. Қызығушылықты ояту. 1. Қ. Мырзалиевтің “Менделеев кестесі” өлеңінен үзінді: Сыныптан бір оқушыға оқыту.
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірімді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
IІІ. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Ал енді бүгінгі біздің жоғарыда мақалда кездестірген элементтеріміз қандай элементтер? Металдар Біз осы уақытқа дейін металдар туралы не білеміз? Металдардың қандай қасиеттерімен таныстық. Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз металдардың адам өміріндегі және табиғи ортадағы маңызы туралы болмақ . Осы уақытқа дейін бағана өздерің айтып өттіңдер металдардың біраз қасиетімен таныспыз деп. Ал енді бүгінгі сабағымызды өз бетімізбен оқулықпен жұмыс жасай отырып білім аламыз
ІV. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс 17 минут 8мин дайындыққа
Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат алады.
І топ тапсырмасы. Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі.
ІІ топ тапсырмасы. Металдардың литосфера мен биосферадағы орны, адам өміріндегі маңызы. (өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)
ІІІ топ тапсырмасы. Металдарға бай тағамдар туралы мәлімет. (алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан), металдар- ластағыштар.
Қалып қалған жерлерін өзім толықтырам және қосымша мәліметтер берем
(8 минут )
“Металдар” сөзінің өзі ертедегі гректің осыған үндес “іздеу” деген сөзінен шығуы мүмкін. Металдар адамзат қоғамына ертеден белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруіне орай тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалған. Біздің заманымыздың бас кезінде не бары 7 металл белгілі болса, XVIII ғасырда оның 17-сі ашылды. Ең алғаш табылған металдар сом күйдегі тума алтын мен мыс болатын.
Металдар жай заттар ғана емес, олар химиялық элементтер. Металдар жер массасының 99%-ын құрайды.
Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалды. Геология мен металлургияның негізін салған, металдарды зерттеуші Георгий Агрикола он алтыншы ғасырда былай деп жазды:"Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды . . . егер металдар болмаса . . . адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді". . Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстарынан бөліп алуды үйренді. Мәселен, мыс біздің заманымызға дейінгі төртінші мыңжылдықта алынса, келесі үш мыңжылдықта оның орнына мысқа қарағанда беріктеу қоланы қолдана бастады. Сөйтіп, мыс дәуірінің орнын қола дәуірі басты. Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды.
Орта ғасырлардағы алхимиктердің айтуы бойынша “Жеті ғаламшар санына ұқсаған, әлемді жеті металл жасаған”. Алтынды-күн, Күмісті -ай, Сынапты-меркурий,
Біздің Респуликамызда Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық металдар бар.
а) Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай
ә) Mg, Ti, Zn, In, Be, Na, Nb - Өскеменде өндіріледі
б) Mn - Қаражал, Жезді
в) Cr - Хромтау /Кемпірсай/
г) Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы
д) Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов - Сарыбай, Лисаковск
е) Sn - Көкшетау, Қорғалжын
ж) Au - Бақыршық, Майқайы, Жітіқара
Қазақстанның қазба байлықтарының картасы «металогендік картасын » Қаныш Сатбаев жасаған.
Қазақстанда аса бағалы металдар (Аи, Аg, Рt) , сирек кездесетін металдар (V, Re, Mo, U) т. б өндіріледі.
Осы металдардың барлығы адам ағзасында кездеседі:
Мида - Na K Mg
Гипофизде - Zn Br Mn Cr
Шашта - Al As V
Көз сұйықтығында - Na
Көз торында - Ba
Тісте - Ca P
Қалқанша безде - I Zn Br
Жұлын сұйықтығында - Na
Өкпеде - Li Na
Бауырда - Li Se Mo Zn Ca Mg K Cu
Қан құрамында - Fe Na Li Ca K
Жүректе - Ca K
Сүйек ұлпасында - Na Ca K Mg P
Бұлшық етте - Li Mg K
Ұйқы безінде - Mg
Асқорту тұздарында - Na
Бүйректе - Li Se Mg K Mo Cd Hg
Жыныс бездерінде - Zn Br
Адам ағзасындағы металдар, бұл биогендер. Биогенді заттар -тірі ағзалар құрамында тұрақты болатын және белгілі бір биологиялық қызмет атқаратын, тіршілік етуге өте қажетті элементтер.
Алайда металдарды орынсыз, қолданса пайданың орнына зияны да бар. Көптеген металдардың қосылыстары улы. Мысалы: сынап, қорғасын, стронций, кадмий тұздары.
V Бекіту жаттығулар:
3 топқа 1) Тапсырма: Берілген сызбанұсқаны пайдаланып, сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін құрыңыздар, алынған заттарды атаңыздар. 3минут
І-топ тапсырмасы:
Mg MgO Mg(OH) 2 MgCI2
ІІ-топ тапсырмасы:
Ca CaO Ca(OH) 2 CaCO3 CaO
ІІІ-топ тапсырмасы:
Fe Fe2O3 FeCI3 Fe(OH) 3 Fe2O3
2 Есептер шығару : 4 минут
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz