Табиғат панносын жасау

Сабақтың тақырыбы: Табиғат панносын жасау Сабақтың мақсаты: Өнер туындылары арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру, өнер түрлерімен таныстыру. Өнерге деген қызығушылығын ояту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Оқушыларды жұмыс жасауға, ұқыптылыққа шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: Табиғатты қорғау арқылы бүгінгі сабағымызды өткізу . Өнер туралы түсінуі. Өз ойларын ашық айта білуі, Өз-өздерін бағалайды. Сабақтың түрі: қорыту, жұмыс жүргізу Әдістері : Талдау, жинақтау, қорғау Көрнекілігі: Сурреттер Кіріспе : Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, көгалдандыру, залаласыздандыру бұлардың бәрі адамзаттың былайша айтқанда біздің бәріміздің міндетіміз. Сол сияқты бүгінгі біздің тақырыбымыз осы жайлы. Табиғат панносын жасау. Жұмыстың тақырыбы: Табиғат панносын жасау Құралдар: Картон, жапсырғыш, жапырақтар, ағаш бұтақтары, ПВА желімі, гүлдің суреттері, жасыл түсті гуаш, аквариль, түрлі-түсті қағаздар. Жұмыстың орындалу реті:1 . Картон қағазын алып, оның үстіне жасыл түсті гуашты алып жағамыз. 2 . Кепкен соң оның жиектеріне гүлдің суреттерін жапсырамыз. 3 . Бұтақты алып оған жасыл түсті қағаздан қиылған жапырақтарды жапсырамыз. Содан соң картонға ПВА желімімен желімдейміз. 4 . Сары түсті қатты қағазды алып оған дөңгелек пішінін саламыз, оны картонның жоғарғы жағына жапсырғыш пен жапсырамыз. 5 . Картонның шеттерін әшекейлейміз. (Міне дайын болды. )

H:\Photos\IMG00473.jpg

Басқа да табиғат көріністері арқылы жасауға болады. Мысалы:

C:\Users\Admin\Desktop\Бекарыс жинақтары\IMAGE (634).JPG C:\Users\Admin\Desktop\Бекарыс жинақтары\IMAGE (823).JPG

Бағалау: сұрақ-жауап арқылы Қорытындылау: Гүл өсірсең терлеп-мұның аты еңбек, Кесте тіксең зерлеп-мұның аты еңбек. Сабағыңа жөндеп әзірленсең еңбек Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбекдепбүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Қалың жіптен көбелек панносын жасау
Кептірілген өсімдіктерден дайындалған панно жасау
Панно дайындау
3 –сынып. Еңбекке баулу
Молдова республикасы
Африка материгі-10 сағат
Табиғатқа қамқорлық
Италия мемлекеті. халқы. шаруашылығы
Географиядан 9 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар
Табиғат – сұлулықтың таусылмас қайнар көзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz