Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ата-баба дәстүрі - әдептілік негізі

Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы,
Алакөл негізгі орта мектебінің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Тулегенова Тансулу Калиевна

Сабақтың тақырыбы: Ата-баба дәстүрі - әдептілік негізі.
Мақсаты: Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін ардақтауға тәрбиелеу. Имандылық пен адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер:
1) <<Балапан ұяда ұшқанда не көрсе, ұшқанда соны алады>>
2) <<Ата-баба дәстүрі - әдептілік негізі>>
3) <<Тәрбие басы тал бесік>>

Барысы:

Мұғалім: Балалар, біз әдеп сабағында қандай әдепті сөздерді білдік?
Тақтаға ізетті, сыпайы, инабатты, әдепті сөздер жазылады.
Ендеше осы әдепті сөздер бойынша топқа бөлеміз.
1. <<Ізетті>>
2. <<Сыпайы>>
3. <<Инабатты>>
4. <<Әдеп>>
Енді <<Кубизм>> стратегиясы бойынша әр топтарға мынадай тапсырмалар беріледі.
Әдеп туралы ән, мақал, өлең жолдары айту, көрініс көрсету.
1-оқушы;
Туған соң адам боп,
Білімімізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін бөлмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
2-оқушы;
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
3-оқушы;
Мақал-мәтелдер
1. Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
2. Ұлық болсаң кішік бол.
3. <<Сіз деген - әдеп>>
<<Біз деген - көмек>>
4-оқушы;
1. Сыйға сый, сыраға бал.
2. Кәріге құрмет, жасқа жол.
3. Ашу дұшпан, ақыл дос.
Ақылыңа ақыл қос.

Көрініс
Түскиіз, қоржын, қамшы, жерде текемет. Отағасы жастыққа жастанып домбыра шертуде, ұлы достарымен <<Ханталапай>> ойнауда. Анасы сырмақ тігуде.
<<Ассаламағалйкум>> деп үш қария кіреді.
Ұлы: <<Уағалйкумассалам>>. Қол алысып амандасады, қызы жаңадан көрпе төсейді.
Шешесі: (ізетпен) Төрлетіңдер.
Барлығы жайғасады.
Үй иесі: Дәм айдап келіп қалған екен, қоңыр тоқтыны сойыңдар. Тиісті сыбағаларын жеп кетсін.
Шешесі: Қазір (шығып кетеді де, бұрыштағы самаурынды шығарып шай қояды. Қызы дастархан әзірлеп, күйбеңдеп жүреді)
Үш қарияның бірі: Ал, ас піскенше өткен-кеткеннен әңгіме қозғап отырайық. <<Көре-көре көсем баларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың>> деген бар ғой, арамыздан жасы үлкен, көпті көрген Бекен әңгіме айтсын.
Шешесі: Ас дайын болды.
Үй иесі: Балам қолға су құй!
Бала иығында сүлгі, қолында құман, леген әкелді.
Үй иесі: Жасы үлкен Бекеннен бастап құй, балам.
Әрқайсысы <<өркенің өссін>>, <<мақсатына жет>>, <<көп жаса, өмір жасын ұзақ болсын!>> деп бата береді. Табаққа тартылған ет әкелінеді.
Үй иесі: Ал балам, су әкел, бата берген атаңнан бастап қолға су құй,-дейді әкесі. Қызым, шай жасай бер.
5-оқушы;
Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
6-оқушы;
Атам менің әманда
Мейрімді бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Жүрем әділ жолменен.
7-оқушы;
Атам менің әманда
Мейірімді бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
8-оқушы;
Атам менің әманда
Болшы дейтін тіл алғыш.
Үлкендерден содан да
Алып жүрмін кіл алғыс.
9-оқушы;
Атам менің әманда
Ынтымақшыл бол дейтін.
Бірлік болса адамда
Шын бақыт қой ол дейтін.

Мұғалім: Балалар, адалдық туралы не білесіңдер?
10-оқушы;Досыңа адал болу деген - оған көмек көрсету, қиыншылықтан алып шығу.
11-оқушы; Ата-анаға адалдық деген ата-ана борышын ақтау, ауырып-сырқаса жәрдем ету, кәртайғанда қамқорлық жасау.
12-оқушы; Отанына, халқына адалдық деген адал еңбек ету, елдің көркейуіне себебін тигізу. Отанын жаудан сақтау.

Мұғалім: <<Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеттен>> дейді халық-әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады.
Яғни иман жүзді адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді.

Ұқсас жұмыстар
Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі. 5-сынып
Арғы ата
Ата - аналар сайысының кезеңдері
Аталар айтқан асыл сөз
Әкем, шешем және мен
Ана әдепті болса, сіңлі әдепті
Қонаққа шақыру рәсімдері
Әдептілік- тәрбие бастауы
"қонақ келсе - құт келеді"
Шаңырағым шаттығым
Пәндер