Ашаршылыққа араша түскен қазақтың бес асыл азаматының бейнесі

Сабақ жоспары

САБАҚ: № 49
МЕКТЕП: « №7 орта мектеп» МКМ
САБАҚ:№ 49: Күні: 09. 03. 2016
МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ: Мұғалімнің есімі: Султанбекова Ш. С
САБАҚ:№ 49: СЫНЫП:
МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
САБАҚ:№ 49: Сабақтың тақырыбы: Ашаршылыққа араша түскен қазақтың бес асыл азаматының бейнесі
САБАҚ:№ 49: Сабақ негізделген оқу мақсаты
МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ:

Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» тарихи драмасының мазмұнын, бейнеленген адамдар тағдыры арқылы танылатын өмір шындығын, Ашаршылыққа араша түскен қазақтың бес асыл азаматының бейнесін зерттеу арқылы автор идеясын ұғынту; қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таныту, ой-өрісін шыңдау, сыни көзқарасын қалыптастыру; оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу,

оқушыларды алғырлық пен өжеттілікке баулу, елін, жерін, халқын сүюге, отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру .

САБАҚ:№ 49: Сабақ мақсаттары
МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ: Барлық оқушылар:
САБАҚ:№ 49: Ынтымақтастық атмосферасын құрады. Өз пікірлерін еркін айтуға бейімделеді. Өз-өзін бағалау жүйесі қалыптасады
САБАҚ:№ 49: Оқушылардың басым бөлігі:
САБАҚ:№ 49: Ашаршылыққа араша түскен қазақтың бес асыл азаматының бейнесін аша алады
САБАҚ:№ 49: Кейбір оқушылар:
САБАҚ:№ 49: Ашаршылық жайлы құнды мәліметтер тауып, қосымша деректерді айта алады.
САБАҚ:№ 49: Тілдік мақсат
МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ:

Оқушылар:

  • Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуға бейімделеді.
САБАҚ:№ 49: Негізгі сөздер мен тіркестер:
САБАҚ:№ 49: Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған - ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі үкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесі
САБАҚ:№ 49: Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: (сөздік қорын дамыту), әдеби сөздер, сөздікпен жұмыс, тұрақты тіркестер, теңеулер
САБАҚ:№ 49: Талқылауға арналған тармақтар:
САБАҚ:№ 49:
  • Бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады? Кім кінәлі.
  • Осы қасіреттен қазақ халқы қандай зардап шекті?
  • Драманы оқу барысында қандай сезімде болдыңыз?
  • Шығарманы оқу барысында қандай тәрбие алдыңыз?
  • Осы аштықтан қазақ халқын кім құтқарды?
САБАҚ:№ 49: Жазылым бойынша ұсыныстар:
САБАҚ:№ 49:

1. Кейіпкерге хат жазу.

2. Қазағым, басыңнан қандай қасірет өтпеген! (ойтолғау жазу) .

3. «Голошекинге бір ауыз сөз» эссе жазу.

САБАҚ:№ 49:

Алдыңғы оқу

Білу

МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ: Өздері ізденіп, ашаршылық туралы қосымша мәліметтер тауып келу.
САБАҚ:№ 49: Жоспар
САБАҚ:№ 49: Жоспарланған уақыт
МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ: Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазыңыз)
Бағалау
Ресурстар
САБАҚ:№ 49: Мұғалімнің іс-әрекеті
МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ:

Оқушының

іс-әрекеті

САБАҚ:№ 49:

Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру:

3минут

МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ:

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, үй тапсырмасын сұрау

Шығармашылық тапсырма «Ізденіс жұмысы»

Шығарманың тарихи шындығы

І топ 1932 жылғы ашаршылық

ІІ топ Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

ІІІ топ Ашаршылыққа араша түскен қазақтың бес асыл азаматы

Бақылау

Хетти 2009,

Еллиот 1991, Джон Б. Уотсон, Эдвард Л. Торндайк, Мишра, Кёлер2006, Александер-2001

САБАҚ:№ 49:

Сабақтың ортасы

4минут

Түсіну

6 минут

Талдау

7 минут

МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ:

Тақырыпты ашу

І топ Пролог

Кремль. Сталиннің кабинеті. Сталин мен Рысқұлов

ІІ топ Екнші сурет

(Ғ. Мүсіреповтың үйі)

ІІІ топ

Он үшінші сурет

Бюро. Түрегеп тұрған бесеу: Мүсірепов, Ғаттауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев. (195-196 бет)

Шерхан Мұразаның «Бесеудің хаты» екі бөлімді тарихи драмадан үзіндіні Қатысушылар:

1. Ғабит Мүсірепов - жазушы

2. Голощекин- Крайкомның І секретары

3. Сталин- Генсек (бас секторы)

4. Құрамысов - Крайкомның ІІ секретары

5. Иванов - Бюро мүшесі

6. Елеусіз - Бюро мүшесі

7. Жантоқов - Бюро мүшесі

8. Нұрхан - ақын

9. Күләнда - елдегі қыз

10. Т. Рысқұлов - Совнарком председателінің орынбасары

11. Хұсни-Мүсіреповтың әйелі

Бақылау

От шашу

Бағалау парағын

Толтыру

1 балдық жүйе

https://e. edu. kz /ru/

e-Learning

Кітапханасы

САБАҚ:№ 49:

Сабақтың аяқталуы

Жинақтау/қолдану баға беру

20 минут

МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ:

Ойтолғаныс

І топ. Кейіпкерге хат жазу.

ІІ топ. Қазағым, басыңнан қандай қасірет өтпеген! (ойтолғау жазу)

ІІІ топ. «Голошекинге бір ауыз сөз» эссе жазу.

Порталдан тест орындайды
Табыс критерийі

https://e. edu. kz /ru/

e-Learning

Кітапханасы

САБАҚ:№ 49:

Кері байланыс

5 минут

МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ:
  • Қалай ойлайсыздар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады? Кім кінәлі?
  • Осы қасіреттен қазақ халқы қандай зардап шекті?
  • Драманы оқу барысында қандай сезімде болдыңыз?
  • Шығарманы оқу барысында қандай тәрбие алдыңыз?

Осы аштықтан қазақ халқын кім құтқарды?

Бүгінгі сабақтың бағасы қандай?

САБАҚ:№ 49: Кейінгі тапсырмалар
МЕКТЕП: «№7 орта мектеп» МКМ: «Мың өліп, мың тірілген, қайран елім» эссе жазу

Іле ауданы Өтеген батыр кенті

№7 орта мектеп МКМ

Ашық сабақ

Тақырыбы

Пән мұғалімі Султанбекова Ш

2015-2016 оқу жылы

ІІІ топ

Тарих толқынында туған халқымыздың көрмеген азабы мен қасіреті кемде-кем. Солардың бірі өткен ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ халқының туған Отанында тұрып, жаппай ашаршылыққа ұшырауы еді.

Ұжымдастыру ұранымен жүргізілген қызыл коммунистердің сойқан жүгенсіз әрекеттерінен болған алапат оқиға-тын ол. Бұл жәйт көркем әдебиетте өшпестей болып таңбаланып қалған. Солардың бірі жазушы, публицист Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» деп аталатын драмалық пьесасы. Сонда ашаршылыққа араша түскен Алаштың бес асыл азаматтары кімдер еді? Енді осыларды тарқатып айтып көрейік. Бірінші Ғабит Мүсірепов - шаруаның баласы, кейін аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, академик жазушы, қазақ әдебиетінің классигі. Мұташ Дәулетқалиев Оралдағы Басқұншақ тұз өнеркәсібі жұмысшысының баласы. Мәскеудегі Плеханов атындағы университетте оқыған, СОКП Орталық Комитетінің хатшысы болған Сусловпен бірге оқыған азамат. Үшінші Расул Ғатаулин - Қарағанды шахтерінің баласы, кейін Қарқаралы губерниялық комитетінің екінші хатшысы, Алматыдағы кадрлар мектебінің директоры болған абзал жан.

Төртінші Қ. Қойшыбаев - Қарағанды жұмысшысының баласы. Бесінші - Е. Алтынбеков мұғалімнің перзенті. Осы бесеудің бәрі де Орынбор рабфагында оқыған азаматтар.

«Бесеудің хаты» біздің үйде 1932 жылы 4 желтоқсанда жазылды», деп еске алатын Мұташ Дәулетқалиевтің зайыбы Азғар Нұриденқызы Дәулетқалиева. Азғар апай 80 жастан асқан шағында дүниеден озған. Осы әңгімені жеткізгені үшін алғысымызды білдіріп, жатқан жері жайлы болсын демекпіз.

Бұл бесеуге кейін сталинизм жендеттері зорлық-зомбылық көрсетіп, әңгіртаяқ ойнатты. «Халық жауы» деген жалған жаламен соттап жер аударды. Мысалы, Мұташ Дәулетқалиев Семейдегі абақтыға қамалды. Күйеуін іздеп барған Азғар Нұриденқызы екі баласымен жұмыстан шығарылды.

Туған халқын, оның болашағын қорғап, бас бостандығынан айырылған азаматтардың рухы мәңгі жасай берсін. Олардың өмір тарихы туралы толық деректерді зерттеушілер, зиялы азаматтар жазып, толықтыра жатар деген үмітпен осы әңгімемді аяқтаймын.

«Бесеудің хаты»

1932 жылы 4 шiлдеде БК (б) П Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф. И. Голощекинге бiр хат келiп түседi. Қазақстан ауыл шаруашылығының астаң-кестеңiн шығарып, қорасында «ашатұяқ қалмаған» қарапайым халықтың қырылғанына қарап ләззаттанып отырған басшы хатты ашып қалғанда-ақ өрт сөндiргендей түнерiп кетедi. Хаттың қысқаша мазмұны мынадай едi:

Ф. Ордер

Шындықты бұрмалап, жоғары жаққа «Кеңестер елiнде бәрi керемет!» деп есеп берiп келген Өлкелiк комитеттiң төбесiнен жай түсiрген бұл хатты жазған бесеу кiм едi? Тарихшы не болмаса өздiгiнен iзденетiн аз ғана топ болмаса, барша бұқара бүгiнде «Бесеудiң хатын» да, оны жазған бесеудi де ұмыт қалдырғандай. Тiптi қазақ тарихында сондай бiр оқиғаның болғанын да, оның трагедиялық ақырын бiлмейтiндер де бар. Шыны керек, хабары бар деген өзiмiздiң де бiр Ғабеңнен басқасының атын бiлгенiмiз болмаса, затын түстеп бере алмаймыз. Ал ақиқатында бес том кiтап жазуға лайық «бесеу» мiне мыналар:

1. Кеше ғана бiр қойдың етiн бiр-ақ асып жеп, қымызды сабасымен iшетiн халықтың ендi бүгiн бiр уыс бидайға зар болып, аштықтан қырылып жатқанына бейжай қарай алмаған жазушы Ғабит МҮСIРЕПОВ басында Мұташ Дәулетқалиевке ғана осыны қолға алу керектiгiн айтып, сыр бөлiссе керек. Содан екеуi түнделетiп бiрде Мұтағаңның, бiресе Ғабеңнiң үйiнде бас қосып, тiптi жарларына да тiс жармай, құпия түрде хат мәтiнiн әзiрлеуге кiрiседi. Хат дайын болғанда, қатарларына тағы Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Қадыр Қуанышевтар қосылады. Сонымен, бесеудiң басын қосқан - жазушы Ғабит Мүсiрепов.

2. Ал ендi Ғабеңмен бiрге хат мәтiнiн әзiрлеген Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ кiм едi? 1904 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданының Тайбұрат деген жерiнде дүниеге келген ол 1923 жылы Орынбордың рабфагында жазушы Ғабит Мүсiрепов, Сәбит Мұқанов, Бейiмбет Майлиндермен бiрге оқыған. Содан кейiн Мәскеудегi Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бiтiрiп, елде түрлi салада басшылық қызметтер атқарған Мұташ Дәулетқалиев хат жазылған тұста КомВУЗ-дың (кейiннен жоғары партия мектебi болған) ректоры қызметiнде болған екен. Голощекин қанша тiсiн қайраса да, олардың көзiн жойып жiберуге құдiретi жетпей, тек “оппортунистер” деп қудалауға ұшыратады. Сол себептi Мұташ ағамыз Арал қаласы парткомының бiрiншi хатшысы қызметiне “жiберiледi”. Одан қайтадан Алматыға келiп, Қазақ өлкелiк комитетiндегi мәдениет бөлiмiн басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетiне хатшы боп кетедi. Әйтеуiр, 1935 жылы Қазақстаннан кетiп, «көзi жоғалғанша» Голощекин оның соңына әбден түскен екен. 1938 жылы Мүкең “халық жауы” деген жаламен ұсталады…1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озған.

3. Үшiншi тұлға - сол тұста Қазақ мемлекеттiк баспасының меңгерушiсi қызметiн атқарған Мансұр ҒАТАУЛИН. Ол 1903 жылы Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданы Нысамбай ауылында туылған. Сол тұстағы құрдастары секiлдi ол да алғаш ауылдағы шiркеу мектебiнен сауаттанып, содан соң бiлiмiн Астрахань гимназиясында жалғастырады. Алғай-Ембi темiржол құрылысын салуға атсалысқан Мансұрды уезд бөлiмi 1925 жылы Саратов малдәрiгерлiк институтына жiбередi. Бiрақ отбасын асырау iсi жалғыз өзiне қарап тұрғандықтан, ол оқуын тастап, «Еңбекшi қазақ», «Лениншiл жас» газеттерiне мақала жазумен айналысады. Содан кейiн саяси iстерге етене араласқан Мансұр Тиатұлы да халықтың басына төнген қасiретке қарсы тұруды азаматтық парызына баласа керек. «Бесеудiң хатынан» кейiнгi бұл кiсiнiң тағдыры 1937 жылғы репрессияға ұласады. Сонда ату жазасына кесiлiп бара жатқан жанкештi азамат жанындағы өзiнiң серiктерiн нұсқап: «Бұлардың еш жазығы жоқ. Мен - жаумын. Менi соттаңдар, жалғыз өзiмдi. Бiрақ мен де халық жауы емеспiн, мен - өз халқымның жауының жауымын. Мен ондай дертке 1932 жылы аштықтан әбден ашынып, көздерi қарауытқан, сөйтiп, адамға пышақ ала ұмтылған халқымды көргенде ұшырағанмын», - деп салады. Бұл оның соңғы сөзi едi. Осыдан кейiн Мансұр Ғатаулиндi атуға алып кетедi.

4. Есiмiн көпшiлiк бiле бермейтiн әрi дерегi де аз «бесеудiң» бiрi - Емберген АЛТЫНБЕКОВ . 1904 жылы туылған бұл азамат жайлы қолдағы бар дерек - оның 1925 жылы Коммунистiк партияға мүшелiкке қабылданып, ал хатты жазған кезде Мұташ Дәулетқалиев басқаратын Коммунистiк жоғары оқу орнында оқу iсi жөнiндегi проректор болғандығы жайлы ғана дерек.

5. Қадыр ҚУАНЫШЕВ 1906 жылы туылған. 1930 жылдан бастап Коммунистiк партияның мүшесi болған ол дәл сол тұста Қазақ АССР Мемлекеттiк жоспарлау комиссиясының энергетика секторының меңгерушiсi қызметiн атқарыпты.

Қазақ тарихындағы алапат аштық кезеңiн арнайы зерттеген тарихшылардың бiрi де бiрегейi - Талас Омарбеков. «Бәлкiм, сол кiсiнiң қолында осы «Бесеудiң хатына» қатысты құжаттар мен авторлардың суреттерi бар шығар» деген оймен бiз ғалымға хабарластық.

БК(б) П Өлкелiк комитетiне, Голощекин жолдасқа

. . . «Бүгiнгi Қазақстан - бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», - деп жаздыңыз Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда («Қазақстанның 10 жылдығы» атты жинақ) . . . Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, тек жекеменшiктi орташалар мен кедейлердiң ғана емес, сонымен бiрге, негiзiнен алғанда, колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады . . .

. . . Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?. . Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?

Ғабит МҮСIРЕПОВ

Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ

Мансұр ҒАТАУЛИН

Емберген АЛТЫНБЕКОВ

Қадыр ҚУАНЫШЕВ

Жыл сайын саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған 31 мамырды, біздер ұлттың жартысын ойсыратқан ашаршылықты да еске алу деп ұғамыз. Неге? Үнсіз ғана еске алыңдар деп әлдекім ымдаса керек. Әйтпесе, тарихшы Талас Омарбеков айтқандай, қуғын-сүргін басқа да, ұлттың жартысын қырған геноцид мүлдем басқа тақырып емес пе?

1997 жылғы 5 көкекте жарияланған № 3443 жарлықта Қазақстандағы ашаршылық турасында бір сөз жоқ . . . Ендеше, неге ақымақ боламыз? Ең болмаса Бесеудің хаты жазылған 4 шілдені ашаршылық нәубетіне ұшырағандарды еске алатын ұлттық қасірет күніне айналдырып, мемлекеті бар халыққа ұқсап, қырылған бабаларымыз бен бауырларымызға дұға оқып, тарихи қаралы күн екенін неге сол саясатты тықпалағандардың бүгінгі ұрпағының бетіне баса алмаймыз?

Қазақ халқының 40 пайызын жалмаған Ашаршылық нәубеті саясатпен көмкеріліп, жасырылып отыр. Өткен тарихтың бүгінгі Ресейге де қатысы аз. Бастысы, тірі қалған ұрпақтың болашағы үшін тағлым болуы керек. Солақай ма, сұрқия ма, әйтеуір, сондай саясаттың қайталанбауы үшін керек. Бүгінде Еуразияның азулы мемлекеті болатын Қазақ елі демографиялық деміккен жағдайда отыр. Бұл саясатпен аға ұрпақ барынша күресті. : Бесеудің хаты соған куә. Түбінде сол хат жазылған 4 шілде болашақта қолға алынатынына сенеміз.

І топ

2 - көрініс: Сталинге хат.
Сталин: Сонымен, Қазақстан басшылығы дүние түп - түгел, жағдайымыз жақсы дейді. Ал сен болмасаң - Қазақстан ажал аузында, халық қырылып жатыр дейсің. Шыныңды айтшы, қазақтардың қырылып, көшіп, басып жатқаны осы сен жазғандай ма?
Рысқұлов: (күрсініп) . Кеше елден туған қарындасым келді. Үйелмелі - сүйелмелі бес баласымен келмейді ғой. Аштықтан қашқан. Күйеуі жалғыз атын, жүйрік атын белсенділерге бермей қарсылысқанда соққыға жығылып, тұра алмай төсек тартып, ақыры аштан өлген.
Сталин: Мүмкін емес. Рысқұловтың туысын белсенділер соққыға жығып, аштан өлтіріп, семьясын қаңғыртып жібере ме? Рысқұловтың туыстарын! Ау, онда Қазақстандағылар сенің кім екеніңді білмейтін шығар?
Рысқұлов: Мүмкін
Сталин: Мүмкін емес! Қазақстаннан қол үзіп қалған жоқсың. Күні кеше Қазақстан жер арқылы Турксибті салып бердің. Өйтіп шатастырма! Сен не, туыстарыңды белсенділердің озбырлығыннан, аштықтан құтқарып қалу қолыңнан келмеді ме?
Рысқұлов: Халықты құтқарып қалу керек, Иосиф Виссарионович. Менің туыстарым - біреу, екеу, халық көшпенді халық - 6 млн. Соның қазір жартысынан айырылдық. Күн өткен сайын құрып барады. Жедел көмек көрсетпесек, мүдем құрып кетеді, Иосиф Виссарионович . . .
Сталин: (қасын керіп) Сенің де төменшектеп, жалынуға дәтің барады екен - ау.
Рысқұлов: Халықтан үлкен емеспін. Халық қырылып жатқанда, менің тәқаппарлығымды лағынет атсын!
Сталин: (Рысқұловтың хатын парақтап дауыстап оқиды) Торғай сияқты аудандарды аштық жайлап, індеп ауры тарады. Ит, мысық, суыр, тышқан жеп . . . кісі етін жеп . . . Тек торғай орталығында 2500 адамның жартысы қара шешектен қырылды. Қазақстан Денсаулық сақтау Комиссариаты індет аурының есебін ала алмай . . . Ақтөбе облысында 1930 жылы 1102. 500 адам болса, 1932 жылы 725. 800 адам қалды. Қызылордада халықтың 15 - 20 % қалды. Балқаш ауданында 60 мың адамның 12 мыңы қалды. Қарқаролыда 1932 жылдың майында 50. 400 адам бар еді, ал қарашада 15. 900 адам қалды. Ал Голощекин келген сайын сені жамандайды.
Байларды конфискациялануға қарсы болып, ВЦИК - тің сессиясында сен сөз сөйлепсің ғой.
Рысқұлов: Жала! Мен байларды конфискациялауға қарсы болған жоқпын. Ірі байларды жер аударуға қарсы болдым. Стенограммада бәрі жазулы.
Сталин: (қатуланып) Жер аударуға неге қарсы болдың?
Рысқұлов: Бұл мыңжылдық психологияға байланысты. Байдың төңірегінде ағайын - туыс руластары бар. Рулық аурудан халық бір күнде арыла алмайды. Бай кетсе - олар бірге кетеді. Көшпенді кедейдің санасын орыс пролетариатының санасымен салыстыруға болмайды.
Сталин: Қызық екен, Голощекинмен айтыста ұлытшыл - уклонист Сәдуақасов та осылай десе керек. Тіпті кулактың өзің социализмге бейбітшілік жолмен алып бару керек екен деген Бухариннің ұраны ғой. Сенде Сәдуақасовпен, Бухаринмен үндестік жоқпа па?
Рысқұлов: Жоқ! Байларға, кулактарға менің бүйрегім бұрып тұрған жоқ. Конфискациялануда мен де жақтадым. Бірақ жер аударып, елден аластап жіберудің өзге ұлт өкілдері біле бермейтін нәзік психологиялық моменттері бар.
Сталин: Солай де.
Жолдас Молотов!
Дауыс: Иә, тыңдап тұрмын, Иосиф Виссарионович
Сталин: (екінші телефонмен) жолдас Каганович!
Дауыс. Тыңдап тұрмын, Иосиф Виссаринович
Сталин: Тез арада Рысқұлов жолдасының ұсыныстары негізге алынсын. Түсінікті ме?
Дауыстар. Түсінікті.
Түсінікті.
Сталин: Ие, ұмытып барады екенмін?
Голощекин Мәскеуге тез шақырылсын.
Дауыс. Командировкаға ма?
Сталин: (дауыс көтеріп, қатал) Жоқ! Мүлде!
(Трубканы тарс еткізіп тастай салады. Рысқұловқа баяу бұрылып) . Сен дәмеленіп қалма? Қазақстанға қайтпайсың!
Рысқұлов: Өмір - бақи қайтпауға пейілмін. Қазақстан аман болса, халқым аман болса, соған өле - өлгенше ризамын. (көзімнен жас тамшылап кетеді. Залға қарап. ) Халқым, сен аман бол! Құрбаның болуға мен дайын. Ал, зор қатенің құрбандары! Сендер кешіріңдер. Сендердің рухтарыңды қарны тойған күні ұмытып шыға келетіндерден сақтасын тағдыр!

І топ 1932 ж. Аштық туралы


Ұқсас жұмыстар
Жеті жарғы
Өмірі мен шығармашылығы
Асылдардан туған ұрпақпыз
Сұрақ жазу
Қазақстан Республикасының мемлекттік нышандары
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
Қастек баянбаев <<араша>>
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім
Мұхтар әуезов «көксерек»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz