Топырақтану туралы ұғым

Сабақтың тақырыбы: «Топырақтану туралы ұғым»
Сабақтың мақсаты:
а) Дамытушылық: агротехникалық білімін дамыту
ә) Білімділік: топырақ туралы ой-өрістерін дамыту
б) Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Саба әдісі: Сұрақ-жауап, тәжірибе.
Сабақтың байланысы: Дүниетану, әдебиет.
Сабақ көрнектілігі: топырақ қабаты, сызбасы, плакат.
Сабақ жабдығы : Шыны әйнек, құм, саз, қара шірік салынған ыдыс, су ыдысы, мақал- мәтел, сөзжұмбақ.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
а) амандасу;
ә) түгелдеу;
б) жинақтау;
- Негізгі бөлім.
Топырақ - жер қыртысының үстіңгі қабаты, ол тау жыныстарының бұзылуы және өсімдк пен жан-жануарлардың, организмдердің қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған, топырақтану ілімі топырақтың (ілімін) құрамын, қасиетін, табиғатын, дамуын, оның пайдалануын зерттейді. Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу XVІІ ғасырдың аяқ кезінен басталды.
Бұл топырақ тараған аймақтың жасына, ауа-райына, жер бедеріне, өсімдік пен жануарлар дүниесіне, адамның тршілік әрекетіне байланысты ұзақ жылдар бойы қалыптасты.
Таза тау жыныстары өнімсіз болады, оларға ешқандай өсімдік өспейді. Жердің өсімдік өсетін беті құнарлы қабаты топырақ деп аталады. Ауыл сыртына шығып, топырақты күрекпен аударып қараңдар. Оның беткі қабатының түсі қоңыр екенін байқау қиын емес, әрі қарай қаза түсесіңдер, бірте-бірте бозғылт тарта береді. Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығы-қарашірік. Беткі шымды қабатын мұқият қараңдар. Топырақтың қандай түрлері болады?
Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі түрліше болады. Неғұрлым қарашірік көбірек болса, соғұрлым топырақтың түсі қоңырқай тарта береді, оның құнарлығы да арта түседі. Қарашірік бәрінен де қара топырақта көп болады. Даланың қара топырағына егілген дәнді дақылдардан мол өнім алынатыны міне содан. Қара топырақ біздің Республиканың солтүстік өңірін алып жатады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жауын-шашының түсуі азайып, оның да көбі буланып кетеді. Өсімдік қалың болып өсуге ылғал жетіспейді. Сондықтан топырақ оңтүстікке қарай бозғылт тарта түседі. Жақсы өнім алу үшін, суару керек. Солтүстікке қарай топырақтың құнарлығы кемиді. Күлге ұқсас, сарғылданып кетеді. Оңтүстік аудандарда ақшыл қабыршақты сор екені көрінеді. Артық тұз өсімдікке зиянын тигізеді.
Сарамандық бөлім.
Бақылау арқылы табиғаттың көптеген сырын ұғынуға болады. Бірақ оның сырын зерттеу үшін бақылап қана қою жеткіліксіз, оған да тәжірибе жасау керек.
Мысалы: өздері білетін құм мен сазды алайық. Саз илеп, талай рет ойыншық жасаған боларсыңдар. Сонда сен ол саздың неге иленетінін білесіңдер ме? Ал құм илеуге келмейді. Бұл неліктен? Мұны білу үшін мынадай тәжірибе де жасауға болады.
Тәжірибе
Екі шыны шұңырақ алыңдар. Астына ыдыс қойыңдар. Екеуінің де түбіне жұқалап мақта салыңдар. Шұңыраққа салынған саз бен құмның деңгейі бірдей болсын. Олардың үстіне жарты стаканнан су құйыңдар. Енді қай шұңырақтағы су тез ағып кетеді. Сазға құйылған су тамшылап қана тұрады. Сазды қолдарыңмен ұстап қараңдар. Оның иленіп, балшыққа айналғанын байқайсыңдар. Ал құмнан қандай құбылыс байқадыңдар? Оы тәжірибеден мыналарды:
- Құм суды бойынан тез өткізетінін;
- Саз суды жай өткізетінін;
- Саз бойына су жинап балшыққа айналатынын;
- Сазды илеуге келтіретін оның бойындағы су екенін білуге болады. Біз бұдан тәжірибе арқылы саз бен құмның қасиетін көрдік.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz